.
.
Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; өзін қоршаған ортада жаман мен жақсыны ажыратып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету; Отанның қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру. «Әлия – соғыс құрбаны».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1947 | Размер: | Автор: ТәрбиеКөрнекілігі: ерлік туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер, Әлия портретті, батырдың ерлігі жайындғы естеліктер, сурет көрмесі.
І бөлім «Әлия – соғыс құрбаны»
«Әлия» әні орындалады.
Мұғалім: 1941 жылғы 22-маусым. Дәл осы күн елдің басына қара бұлт үйіріліп, елдің тыныштығы бұзылған күн, яғни соғыс атты зұлматтың басталған күні. Туған жерімен, елімен, туған-туысымен қоштасып қан майданға аттанған азаматтар. Міне, сол соғысқа аттанғандардың арасында «Шығыстың қос шынары» атанған батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүк те бар еді.
Әлия, Мәншүк қайсар қызы мақсаты.
Ерлігіне таңданамын ғажап тым,-деп ақындарымыз жырлағандай, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгінгі сабағымызды ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда ерлермен бірге қару алып соғысқа аттанған батыр қыздарымыздың бірі-Әлия Молдағұлованның ерлігіне арнамақпыз. Әлия есімі-біз үшін өнеге, біз үшін мақтанышпен айта алатын, тарихта алтын әріптермен жазылған есім. Отан үшін отқа түскен батырдың есімі біздің жадымыздан мәңгі ұмытылмақ емес.
(Бір минут үнсіздік жарияланады. Оқушылардың Әлияның ерлігі туралы жинақтаған естеліктері талданады.)
1-оқушы: Әлия Молдағұлова 1925 жылы 16-маусым күні Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияны анасы «Ақмоншағым» деп еркулетіпті. Әлияның азан шақырып қойған аты-Ылия. Әкесі-Сарқұлов Нұрмұқанбет, шешесі-Молдағұлова Маржан. Әлия сегіз жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Әкесін Әлияны бағу қиын болғандықтан оны нағашысының тәрбиесіне береді. Кейін ол нағашысының жанұя жағдайына байланысты Ленинградтағы балалар үйіне тапсырылып, сонда оқиды. Орыс тілін білмейтін Әлияға орыс тілін үйрену оңайға соқпайды. Дегенмен өз дегенінен қайтпайтын қайсар қыз сабақты жақсы оқиды. 1941 жылы ел тыныштығы бұзылып, елімізге қауіп төнген шақта ол ерлермен бірге майданға аттанады. 1944 жылдың 14-қаңтарында батыр қыз ерлікпен қаза тапты. Ерен ерлігі үшін Әлияға ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4-маусымында «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді. Батырдың есімі батырдың туған ауылына, қалаларымыздың көшелеріне беріліп, облысымызда Әлия атына мұражай ашылды. Облысымыздың орталығында Әлия Молдағұлова даңғылындағы батыр қызға арналған ескерткіш те жастарды ерлікке, батырлыққа жігерлендіріп тұрғандай. Батырдың өзі өлсе де, біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ.
2-оқушы: «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі»
3-оқушы «Әлияның жүрегі»
4-оқушы «Әлия, Мәншүк»
ІІ бөлім «Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ»
(Әскери киім киген оқушы қыз Әлия образын сомдайды. Сахна сыртынан бір оқушы Әлияның әпкесі Сапураға жазған хатын оқып тұрады.)
Көрініс «Әлиямен сырласу»
(Сахна ашылып «Әлия»әнінің әуені есиіліп тұрады. Әлия бейтінің басына бір оқушы келіп гүл шоғын қояды.)
- Соғыс! Осы бір атау қаншама ананы зар зар, қаншама боздақ ажалмен бетпе-бет келіп, өз өмірін құрбан етті. Әлия, солардың ішінде сен де өмірдің қызығын көре алмай қыршын кеттің. Отаным, елім деп жауға қарсы шығып, өзінді құрбан еттін. Кез-келген жастың қолынан келе бермейтін іске барып ажал құшағына орандың.
Әлия: (дауысы қатты естіледі) Мұңайма, жас ұрпақ! Мен сендер жыламасын, тыныш өмір сүрсін деп жпн қидым. Мен бүған ешөкінбеймін. Соғыста қаншама қаншама қан төгіліп, еліміз қаншама боздақтарынан айырылса да, міне бүгін азат елміз. Бұл-ата-бабамыздың ежелден аңсаған арманы. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан сендер, бақытты ұрпақсыңдар. Біздің көздеген мақсатымыз да осы еді. Бұдан былай соғыс атты қара бұлт бастарынды шалмасын. Еліміздің алдағы тағдыры, болашағы сендерге байланысты,жерімізді, елімізді сақтай біліңдер, жас ұрпақ!
-Соғыс атты жауыз аулақ болсын. Әлия, сен өлсең де сенің есімің мәңгі өлмейді, сен біздің жадымызда мәңгі жас күйінде сақталасың. Біз сені ешқашан ұмытпаймыз. Өздердің бізге аманат етіп қалдырған кен байтақ жерімізді, елімізді мәңгі сақтап өтеміз.(Сахна жабылады).
Ән: «Қазақ қызы.»
ІІІ бөлім «Әлия бейнесі-бізге үлгі»
Мұғалім: Әлияның мәңгілік аңыз ғұмыры ХХІ ғасырға аяқ басты. Тәуелсіздік туын көкке көтеріп, күллі әлеммен замана көшіне ілескен еліміздің ертеңі үшін Әлияның ерлігі ұрпаққа үлгі болып қала береді. Оның аңыз ғұмыры жалғаса береді. Әлия-жыр, Әлия-бейне.
ІҮ бөлім «Біз- бейбіт ел ұланымыз»
(«Ақ көгершін» әні орындалады. Әлияның ерлігіне арналған көрмеге саяхат.)
Қорытынды
1) Әлия бейнесін көз алдарына қалай елестетесіңдер?
2) «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
3) Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан кімдерді білесіңдер?
4) Өздердің елдің тыныштығын сақтау үшін қандай үлестеріңді қосар едіңдер?
Мұғалім: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған...
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Міне, ұстаздар, оқушылар, біз бүгін аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен Әлия Молдағұлованың ерлігімен таныстық. Әлия-жыр, Әлия-ән. Бүгінгі күні аяулы қызымызды, оның ерлігін ұмытпай ән мен жырға қосып ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру-парымыз. Сендер елдің болашағысыңдар. Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау-сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орын алсын деген тілекпен бүгінгі «Әлия ерлігі-өшпес тарих» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Алға қаласы
№ 1 Алға мектеп -бақша
Өткізген :
8А- сынып жетекшісі
Каликова Гульнар Мухамбетжановна
2009 – 2010 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.