.
.
Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол, «Әліппе деген алтын жол. Апарар сені алысқа»
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1525 | Размер: | Автор: ТәрбиеАпарар сені алысқа»
Дайындаған : Дүйсенбиева Гүлсім
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.
Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б.
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар! Ұстаздар! Бүгінгі мерекемізге қош келіпсіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғалымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
«Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа» атты мерекуемізді ашық деп жариялаймыз.
Айжан: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Жансұлтан: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Айзада: Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі ән-жырымыз!
Айжан: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол-сүйікті Әліппе!
Ол-сүйікті Әліппе!
Айжан: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық!
Сапар С (Әліппе): Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер, балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
М.Сымбат: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
1.С.Бекзат: Әліппем, менің Әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңі сәуле жарықпен.
2.Ақмарал: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің,
3.Айша: Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп рахмет!
4. Диас: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
5.Нұрғалым: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің Қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән. «Мектебім, аяулы мектебім» Орындайтын: Елемес Айжан
Әліппе: С.Сымбат: -Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу,
Тақпақтарын бастайық.
1.Нұржан (А): Алфавиттің А тұрады басында,
2.Бақберген (Ә): Әрқашанда Ә тұрады қасында.
3.Нұрғалым (Б): Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
Нұржан: А деген ол- аналар ғой ардақты,
Бақберген: Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.
Нұрғалым: Б деген ол-балалар ғой әдемі
А,Ә,Б: Біздің үйде үшеуі де кәделі.
4.Айша: Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау
5.Нұрдәулет: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы атау
6.Ақмарал: Д әрпімен бастасаң,
Дархан, дария, далам бар.
7.С.Бекзат: Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар
8.М.Сымбат: И-дегенің иманың,
Адалдықтың белгісі,
9.Ақбота: К-дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
10.Мирас: Қ әрпімен құралған,
Бас аяғы қазақтың.
Жасай берсін, бір Аллам
Жасай берсін, Азат күн!
11.М.Бекзат: Ж дегенің-жөргегің,
Туып-өскен жерлерің.
12.Айжан: З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зергерін.
13.С.Сымбат: Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
14. Гүлназ: Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс!
Хормен: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз қала деп,
Біз жазамыз дала деп,
Қош бол сүйікті Әліппем!
Бата. Даниал: Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Ән. «Туған жер» Сәбит Бекзат.
С.Сымбат. Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.Ал енді ортаға математиканы шақырайық!
Диана. Математика: Математика-ғылымдардың атасы. Мен сендерге санауды, есептеуді үйреттім. Сендер санауды білесіңдер ме?
Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.
Сандар таласы:
Айзада. 1 саны: Дәптер беті теп-тегіс жазықтай,
Бірлік саны қағып қойған қазықтай.
Мен 1 санымын. Мен сандар қатарына қосыламын.
Фариза. 2 саны: Екі саны кім басқаша ойлайды,
Имек мойын аққудан мен аумаймын.
Мен 2 санымын мен де сандар қатарына қосыламын.
Гүлжан. 3 саны: Үш саны қоста мейлі, қостама,
Екі ұшынан байластырған қос таға.
Мен үш санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Еркебұлан. 4 саны: Төрттік саны теңеу табар ескерген,
Жауынгердей саған сәлем ант берген.
Мен 4 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Даниал. 5 саны: Бестік саны салыстырып тексерген,
Іліп қойған қолғабындай боксердің.
Мен 5 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Гүлназ. 6 саны: Дәл айтылса, теңеуге кім нанбады,
Алты саны құдды құрық шалмалы
Мен 6 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Жансұлтан. 7 саны: Жеті саны жүрсең ол санды,
Кәдімгі тіке тұрған қол шалғы.
Мен 7 санымын. Мен сандар қатарына жатамын.
Алдияр. 8 саны: Сегіз саны-ол жауабын шапшаң бар,
Асты-үсті қос тәрелке, қос шеңбер
Мен 8 санымын. Мен сандар қатарына жатамын.
Қымбат. 9 саны: Тоғыз саны тоқпан жілік теңесек,
Телефонның трубкасы немесе
Мен 9 санымын. Мен де сандар қатарына жатамын.
Диас. 0 саны: Сандар мені де өз қатарларыңа қосыңдаршы.
Сандар: Сен бізге қосылмайсың. Себебі, сен жоқсың. Нөл деген жоқ деген сөз.
Математика: Қойыңдар, сандар! Бұл нөл саны керек.Егер де 1 санының қасына нөл санын қойсаққанша болады, ал 2 санының қасына қойсақ ше, сонда әр санның қасына нөлді қойсақ 10 есе көбейеді екен. Сол үшін нөл саны бізге керек.
Мысалы, нөл саны арқылы мынадай амалдар орныдауға болады:
1+0 2-2 1-1
Ең кіші екі таңбалы сан-10
Ең кіші үш таңбалы сан-100 екен.
Олай болса,нөл де сандар қатарына қосылады.
Ән. «Мама» Қалсапар Гүлжан.
Би. «Бақалар»
Көрініс. «Кішкентай әзілкеш»
Ән. Айзада. «Бала махаббаты»
Математика : Ал, достар, енді Әліппенің жолын әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысамыз.Ана тілін ортаға шақырайық.
М.Бекзат. Ана тілі: Саламатсыздар ма, балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылменен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
-Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол-ел, жер және тіл.Ана тілі-әр халықтың төл бесігі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі-анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтады.
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана- білім
Ардақтаймыз ана тілін.
Би. «Өзбек биі»
Қымбат: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Вальс. «Анаға сәлем»
-Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге үлкен рахмет.
Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.