Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлтын ұлықтаған Ұл. -

Ұлтын ұлықтаған Ұл.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2509 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін: _____________
МДТЖЖО: Тулепова А.Р

«..Сол Отпанның биік шоқысындай,
өзгелерден қашан да өзінің
дара қасиетімен оқшауланып,
қалың көпшіліктің жадында
сақталған саңлақтардың
бірі Сайын Шапағатов болатын.»
О. Көшбайұлы

«Маңғыстаунама-2015»
облыстық-танымдық сайысының қарсаңында өткізілетін
аудандық үздік тәрбие сағаты байқауына қатысушы
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясының
бейнелеу пәні мұғалімі
Болеубаева Гулбанудың
«Ұлтын ұлықтаған ұл»
атты тәрбие сағатының жоспары


2015 – 2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлтын ұлықтаған Ұл.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қара халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, рухын шыңдаған саясаткер, қоғам қайраткері- Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың тұлғасын оқушыларға таныту; ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, ұлттың абыройын асыруға, ана тілді ардақтауға қызмет еткен аяулы азаматтың еңбек жолын үлгі ете отырып, оқушыларға рухани тәрбие беру.
Тәрбие сағатының өткізу түрі: рухани саяхат сабағы.
Тәрбие сағатын өткізу әдістері: АТК-ны қолдану, диалог, кластер әдісі, қабілетті оқушымен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктері: слайд, буклет, компьютер
Таныстыру.
Миға шабуыл: «Сандар сөйлейді» ойыны.
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.
Мұғалім-жолсерік: Сәлематсыздар ма, оқушылар, бүгін біздің қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 75 жылдығына орай өткізіліп отырған саяхат сабағымызға қош келдіңіздер.
(Бейнеролик тамашалау)
Оқушы-гид: Сәлематсыздар ма, жолаушылар, Маңғышлақ-Алматы бағытындағы пойызымызға қош келдіңіздер! 1-інші бекет - «Отпанның биік шоқысы».
Мұғалім-жолсерік:
(Диалогтық бөлім )
- Сайын Шапағатов қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?
- Әкесі Нәдір ақсақал кім болған?
- С.Шапағатов қай оқу орнын бітірген? Мамандығы қандай?
- С.Шапағатовтың спорт әлеміне қатысы болды ма?
- С.Шапағатов өндірістің қай саласында, қандай қызметтер атқарған?

Оқушы-гид: 2-нші бекет - «Әр шыңның самғап ұшқан қыраны бар»
Мұғалім-жолсерік: 1989 жылы жаз айында Жаңаөзен қаласында өріс алған, «Өзен оқиғасы» деген атпен Кеңес Одағына әйгілі болған Маңғыстау маусым оқиғасының себептері мен салдарларын Сайын Шапағатов жақсы түсініп жергілікті партия мен Совет басшыларын қатал сынға алды. Мұнайлы бай өлкеде тұрсада тұрмысы нашар, үй-күйі, жұмысы жоқ, өз туған және тұрған жерінде өзге ұлттан төмен күй кешіп, өгей атанған жүздеген жергілікті тұрғындарға, жастарға саяси тұрғыдан дұрыс бағыт беретін, оның себептерін ашып, шындықты айтатын ұйым қажет болды. Міне, «Парасат» саяси-қоғамдық ұйымы осылай дүниеге келді.
Ортаға ғаламтор желісімен жақсы жұмыс жасайтын үш оқушыны шақырамын.
1-оқушы –ғаламтордан осы «Парасат» қоғамының құрылу себептері мен алғышарттарын табу;
2-оқушы – «Парасат» қоғамының алдына қойған негізгі мақсаттарын табу;
3-оқушы – «Парасат» қоғамының атқарған жұмыстарын табу.

Кластер әдісі – С.Шапағатовтың бейнесін жасау.

3-інші бекет. «Жақсының аты өлмейді» Рефлексия.
Тілші-оқушы: Сайын аға туралы естеліктерді тыңдап өтейік.
О. Көшбайұлы. Сайын Шапағатовтың аты аталғанда көз алдыңа қара халықтың арын арлап, жоғын жоқтаған ақберен Азамат келеді. Тұла бойынан туған жерінің өзімен біте қайнасқан даласының иісі аңқыған, өзі арман еткен жемісінің дәмін көп тата алмай, «тар жол, тайғақ кешудің» қиын соқпағында өмірден ерте кеткен ерекше бір болмыс иесі келеді. Өйткені ол бүкіл бітім-болмысымен «Ата қоныс – ар үшін, әке мен бала, жар үшін, арыдан қалған із үшін, артынан туар біз үшін» (С.Адай) арпалысуды арман етіп, өз халқының тарихы мен мәдениетіне, өткені мен бүгініне қанып, суарылған, шыңдалған нағыз сегіз қырлы семсер еді!

А. Қилыбаева: - Қандай қоғамда да оқшау адамдар болады. Оның сөзі де, өзі де, ойы да, тіпті қимыл-әрекеті де, талабы да өзге болғандықтан қасаң қағидалы кісілерге тосын, оғаш болып көрінетін. Сайын Шапағатов – өте қайсар, білімді еді. Оқшаулығымен ғана емес, өзінің көшбасшылығымен , көрегенділігімен, шешендігімен, парасаттылығымен көзге ең алдымен түсетін Сәкең сондай ерекшеліктерімен дара болатын. Оның орындаушылары болдық. Ол кезде менің Сайынның деңгейіндей сауатым, ілімім болған жоқ. Өйткені ол әбден дайындалған жігіт екен, өмір бақи дайындалған. Небір білгіштердің аузын аштырмайтын. Сол кездегі басшылықты тыңдата білді.Сайын бастаған біздер талап етіп барған жиындарымызда шенділер тайсақтап шыға келетін.
А.Досанова: - Қалай дегенмен, Маңғыстаудағы ғана емес Қазақ еліндегі соңғы онжылдықтардағы алғашқы демократиялық қозғалыс¬тың дем берушісі - Сайын Шапағатовты ұмытуға бол¬майды. Ол кісінің көп ұстанымдары уақытында ескерілмегенімен олардың дұрысты¬ғын тарих дә¬лелдеп шықты.Сайын Шапағатов туралы қолдағы бар де¬ректерді мұ¬қият жинақтайтын уақыт өтіп ба¬рады.

Оқушы-гид: Құрметті, оқушылар, бүгінгі саяхатымыздан алған әсерлеріңіз қандай?

Мұғалім-жолсерік: Қазақстан демократиялық саяси ұйымдарының көшбасшы қайраткерлерінің ірі тұлғасы, «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы – Сайын Нәдірұлы Шапағатов қысқа, қиын – мәнді өмірінде қарапайым мұнайшы-оператор, комсомол, кәсіподақ, партия қызмет жолдарынан өтіп, ірі саяси тұлға, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.
Ол бар болғаны 51 жыл өмір сүрді. Бірақ, оның жарқын бейнесі, тындырған істері, көтерген мәселелері ел азаматтарының, саяси серіктерінің, халқының есінде мәңгі сақталады деп анық та нық айтуға болады.

Оқушы-гид: Бүгінгі саяхатымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет!

«Парасат» қоғамының құрылу себептері мен алғышарттары:

1 Халықтың әлеуметтік жағдайы мен жоғарғы дәрежедегі сауаттылығы, білімділігі: олардың ұлттық мәдениетіне тығыз байланысты екенін онсыз ол халықтың мәңгүрттенген, ұлттық сана-сезімінен айрылған-тұл халық екенін ұғындыру, коммунизм елесімен қалың ұйқыға кеткен қандастарын және басқа ұлт өкілерін ояту, санасына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру;
2 Халықтар достығын нығайту ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік жағдайын өлкеміздің экономикасын көтеру, еркін экономикаға айналдыру, Қазақстан республикалық есеп жүйесін орнату, Маңғыстау аймақтық есеп жүйесін енгізу. Табиғатты, экологияны қорғау.
3 Көші-қонды реттеу. Азаматтықты сақтай отырып, емін –еркін қоныс аударуға кепілдік беру. Шет елдердегі қандастарымыздың өз отанына кедергісіз жағдай жасау. Көші-қон туралы заң қабылдау.
4 Қазақстан Республикасы азаматтығын орнату және оны тезірек іске асыру мақсатында заң қабылдау.
5 Барлық билікті халықты қоғамдық қозғалыстар мен халықтар Кеңесінің бірлескен ықпалындағы жергілікті өзін-өзі басқару өкілдігіне беру.
6 Республикалық заң шығару институтын халықаралық заң өлшемі актілері мен адам құқығының жалпыхалықтық декларациясының Хельсинки және Вена келісіміне сәйкестендіру.
7 Жергілікті Партия және халық шарушылығы, мекеме басшылары қызметімен мемлекеттік жоспарды орындау нәтижесінде халықтық бақылауды күшейту.

Сайын Шапағатовтың «Парасат» қоғамын құрудағы көздеген басты мақсаттары:
1. Сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың, партия және өкімет басшыларының жіберген саяси қателіктерінен кейін туындаған халықтың наразылығына, бей-берекет қозғалысына басшылық ету, саяси жаңа бағыт-бағдар беру, әлеуметтік жағдай мен адам құқына байланысты туындаған қарама-қайшылық басқа ұлт өкілдерінің кінәсінен емес екенін тусіндіру, ұлтаралық қақтығысқа айналып кетуіне жол бермеу.
2. Партия мен өкімет басшылық аппаратындағы тоқырау кезеңінің қабілетсіз басшыларын жаңа буын, жаңа бағыттағы мамандармен алмастыру.
3. Тұрмыс жағдайлары нашар өз жерінде өгей баладай күн кешкен жерлікті ұлттың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үймен қамтылуы және өз мамандығына жұмысқа орналасуына ықпал ету.
4. Халықтардың мәдениетін тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дамытуға әулие аруақтарды құрметтеуге жастары имандылыққа тәрбиелеуге тарихи жер атаулары мен қала атауларын қалпына келтіруге, ұлттық бала-бақшалар мен мектептер ашуға күш салу.
5. Өндірістің әр түрлі салаларына жергілікті ұлт өкілдері мамандарын көбірек тарту жұмысқа кіргізу және болашақ ұлттық мамандар дайындау үшін жастарды оқуға жіберу, олардық оқу орнына түсуіне жағдай жасау.
6. Өлкеміздің және қоршаған оратаның байлығын қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті орнатуға бағытталған шараларға белсене араласу.
7. Аймақтық экономикалық проблемаларды шешуге, заңсыздықпен күресуге және жеке адамдардың мүддесін қорғауға аймақта қоғамдық күштерді жұмылдыру.

Жасаған жұмыстары:
- Фабрика, зауыттар, кәсіпорындарға ұлттық мамандар көптеп тартылуына ықпал етті;
- Қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың ашылуына тікелей араласты.
- Ұлттық тіліміз бен мәдениетімізд, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, өнерді дамыту, халықтар достығын үгіттеу бағытында Республикалық,облыстық, аудандық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру;
- Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайына байланысты келелі мәселелерді батыл көтеріп, шешіп отырды.
- Өткен уақыттардағы ата-мекен, жер атауларының тарихи атауларының қайтарылуына өз ықпалын тигізді.Нәтижесінде, Қазақстанда бірінші рет облыс орталығы Шевченко қаласы Ақтау деген тарихи атауына қайта ие болды.
- Алғаш рет еліміздің батыс аймағында ұлықсат етілген бейбіт шеру ұйымдастырып, партия мен үкімет басшыларына саяси, әлеуметтік талаптар қойды.
- Алдында ғана таратылған Маңғыстау облысының қайта құрылуына тікелей атсалысты.
- 1989 жылы 14 наурызда Қазақстанда тұңғыш рет Сайын Шапағатовтың бастауымен Маңғыстауда жыл басы – Наурыз тойы ұйымдастырылды.
- 1989 жылы жаз айында Жаңаөзен қаласында өріс алған, «Өзен оқиғасы» деген атпен Кеңес Одағына әйгілі болған Маңғыстау маусым оқиғасының себептері мен салдарларын Сайын Шапағатов жақсы түсініп жергілікті партия мен Совет басшыларын қатал сынға алды. Мұнайлы бай өлкеде тұрсада тұрмысы нашар, үй-күйі, жұмысы жоқ, өз туған және тұрған жерінде өзге ұлттан төмен күй кешіп, өгей атанған жүздеген жергілікті тұрғындарға, жастарға саяси тұрғыдан дұрыс бағыт беретін, оның себептерін ашып, шындықты айтатын ұйым қажет болды. Міне, «Парасат» саяси-қоғамдық ұйымы осылай дүниеге келді.
- 1989 жылы сәуірде «Қоғамдық ұйымдар туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін, 4 маусымда «Парасат» қоғамы құрылып, тамыздың 17-нде «Парасат» қоғамы заңды тіркеуден өтті. «Парасат» қозғалысының негізгі мақсат ұраны: Қазақ елін ақиқат пен әділдік, бірлік пен тірлік, адалдық пен шындық үстемдік еткен, өркениетті демократиялық, құқықтық, тәуелсіз, унитарлық, ұлттық мемлекетке айналдыру!»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.