.
.
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп мұғалімі Нурадинова Светлана Нурадиновна Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2806 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
ә) Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін
үйрету.
б) Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін
сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне арналған кітаптар, бүктеме қағаз.
Сабақтың мақсаты: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе
«Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба,ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында дұрыс жүрмей, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыста жолға шығып кететін салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады.Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесінің заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
Мұғалім: Ал енді «Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызды ашық депжариялаймыз.
Тақтада жұмбақтар ілініп тұрады.
1. Ала таяқ ұстаған,
жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді көзеткен,
ысқырығы түспеген.
(милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
(автобус)
3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
(жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, түсініп алу баршамызға керек.
- Неге?
Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, көшеде жүру ережесін білесіндер ме екен, көрейік.
Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Жиек жол деген не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2. Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге болмайды.
Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білісіңдер?
1. Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.
Елді-мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама-қарсы жүру керек.
2. Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұру тиіс.
4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.
Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіндер?
1. Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары, ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұхсат етіледі.
2. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
3. Жүк көліктерінің кузовында тұруға, борт қырына отыруына тиім салынады.
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Тақтада
Қызыл-Тоқта!
Сары-Сақтан!
Жасыл-Жол ашық!
1-оқушы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2-оқушы: Сары көзін ашқанда,
Қарап қолма аспанға!
3-оқушы: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата-ана.
Жолда сен болайық,
Жас ұлан деген атаңа
Қ-сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласын
Сен өзіңді сау сақтап!
Сахналық көрініс: Айболит атаның үйі. Музыка ойналады.
Инспектор:
Айболит атамыз бәрімізді емдейді,
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Отырған мынау Айболит атаға
Айтыңдаршы, қане кімдер келмейді?
Осы кезде басын ақ шүбеоекпен танған, сыртынан қан шып-шып шыққан аю өкіріп келе жатады.
Инспектор:
Ата, қараңыз мына сұмдықты,
Маймақты кім қынжылтты?
Айболит:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас өзіңе?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды-ай,
Сақтап қал, ата, жанымды шыбындай.
Жарасып бал тасыр машина үстінде
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Айболит:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ,
Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін!
Аю:
Айболит ата, инспектор жолдас, енді тәртіп бұзбаймын.
Мұғалім: Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
1-оқушы: Көшенің екінші көше қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады.
Мұғалім: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
2-оқушы: Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз.
Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.
Инспектор:
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаң,
Көтдіндер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.
Ал, қанеки, үйренейік бізде жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің?
Кім айтар жол белгісі неше топтан тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
Сахнаға шығу
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру, ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт-сапар жолдаған.
Аман-сау жүредіжаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартыңды міндетті орында!
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағың,
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндізде, түндеде, от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Біз ауылда тұрғандықтан, ауыл арасында белгілер болады. Жалпы жол беттері өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді.
Тақтада
1. Ақпараттық-көрсеткіштік белгілер.
2. Ескерту белгілер
3. Тыйым салынатын белгілер
4. Сервис белгілері
5. Алдын ала қиылатын белгілер
6. Басымдылық белгілер
7. Жоол таңбалары
Тақпақ тыңдау
Балалар, сендер Тұманбай Молдағалиевтің «Болар бала еді ол» деген өлеңін тыңдап көріңдерші.
Мұғалім: Арман не себепті қаза болды?
Қорытындылау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.