Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҰЛЫ  ЖІБЕК  ЖОЛЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ  ЖӘНЕ ТАРИХИ  МАҢЫЗЫ. -

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4673 | Размер: | Автор: Тәрбие
. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ашық сабақ

Тақырыбы:
§15 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ТАРИХИ МАҢЫЗЫ»

Орындаған: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАР №3 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:
Тлеуқараева Г.Қ.

Ақтау 2014ж
«Өткенді білмей – қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»
Әбу Насыр Әл-Фараби

7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолының қалыптасуы және
тарихи маңызы

Мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын, Ұлы Жібек жолының сауда, шаруашылық және халық аралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени, рухани құндылықтарды бағалау, қастерлеу және сақтай білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, саяхат сабақ (баяндау, түсіндіру,
бейне көрсетілім)
Типі:жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, карта,сызба, слайд, тақырыптық тапсырмалар, тест, жұмыс дәптері

Пән аралық байланыс: дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті

Ой қозғау «Ұлы Жібек жолы» туралы эссе жазу (5мин)

§15 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.
2. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

І. Бейнеклип арқылы кіріспе жасалынады.

Келесі тірек–сызба арқылы мағлұмат беру.

Картадан керуен жолдарын көрсету

ІІ тақырып
Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған.
Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.
Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен.
Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.
Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған.
Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.



ІІІ тақырып
Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.
Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Исфиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан табылған.
Ұлы Жібек жолының Тараз, Баласағұн, Исфиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт–медреселердің орындары табылған.


Тараз











Түйме және қоладан жасалған құмыра. Греция. . Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар
Б. з. І - IV ғғ. Батыс Қазақстаннан табылган.

IV тақырып:



Сәйкестендіру



Қорытынды."Көш керуен"ойыны.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

р/с Сұрақтар а ә б
1 Жібек жолы қайдан басталады? Жапония Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан Қара теңізден
2 Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел Иран Ауған Соғды
3 ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?/ б.з.б. ІІ-І ғ Б.з ІҮғ Б.з Ү ғ
4 Жібек жол арқылы таралған діндер?/ Шаман буддизм,манихей,
христиан,зорастризм заорастризм
5 Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?/ Болгар бұрышы қияр алма
6 Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?/ Яксарт, Құлан Жент,Сүткент Талғар,Испиджаб, Отырар
7 Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?/ Тараз қарашық Құлан
8 Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты? Ясы Тараз Алмалық

Мұғалімнің түйіндеме сөзі

Жібек жолы – Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын атай кетуіміз керек.
Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған мәдениетті өмірге әкелді.

Бағалау; Үйге тапсырма: §15 оқу, мәліметтер, деректер әкелу.

INSERT әдісі арқылы өз ойларын жазып келу.

Білетінім Білгенім Білгім келеді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.