Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұлыс ұраны- Бекет Ата». -

«Ұлыс ұраны- Бекет Ата».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1614 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Ұлыс ұраны- Бекет Ата»
Ашық-тәрбие сағаты
Мақсаты:
а)Оқушыларға пір Бекет атаның өмір жолы туралы түсінік беру.Атаның қасиеттері,қолданған нәрселері,салдырған мешіттері туралы мол мағлұмат беру,
ә) Аңызға айналған атаның қасиеттері,халқына көрсеткен қызметтері мен пайдалы істері туралы айта отырып,оөушылардың ой-қиялын дамыту;
б) елін ,жерін шексіз сүюге ,жақсылыққа жақын болып,жаманжықтан жиренуге,әділ,тура сөйлеп,шыншыл болуға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: слайд,видео-ролик,суреттер,кітаптар

Жүру барысы:

Көрініс. Бекет атаның Бақыржан қажыдан бата алып,Аса таяқты іздеуі.
Сахнада алқа-қотан отырған шәкірттерімен атаның ұстазы отырады.Оқу аяқталып,елдеріне қайтпақ болған шәкірттеріне ұстаз батасымен,аса таяғын бермек болады.Бірақ оған бір шәкірті ғана иелік етпек. Ұстаз шәкірттеріне шарт қояды.Мешіттен асыра лақтырған асасын кім тауып әкелсе,соған енші етіп бермекші.
Бақыржан қажы: Жеткербаев Бақтығали
Шәкірт Бекет : Жұмашов Қалымжан
Мұғалім сөзі:
Бекет Мырзағұлұлы - 1750 жылы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келіп, 1813 жылы Маңғыстау облысы Оғыландыда бақилық болған данагөй, халық батыры, абыз, ағартушы, сәулетші. Маң-ғыстау, Үстірт, Атырау жерін мекендеген Адай тегінен (Қосқұлақ руы) шыққан.

Атақты «Маңғыстау» дастанының авторы Түмен Балтабасұлы былай жырлайды:
Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп, кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін қожа-молда қолмен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері.
Кәрі нағашысы Есет батырдың он үш жасар Бекетке берген батасы:
Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Ақ-қараны айыратын боларсың,
Атыңның өзі айтып тұр, дүр боларсың,
Еліне шуақ шашар нұр боларсың.
Үш жүзге атың шығар Пір боларсың.
Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбіт өмір орнағанын, көршілес елдермен достық қарым-қатынас құруды армандаған Бекет Ата «Дулығасын сәлдеге, қолдағы көк найзасын асаға айырбастап» (Әбіш Кекілбаев) дін жолына түсіп, Хиуаға медресеге оқуға барады. Мұнда атақты Бақыржан хазыреттен дәріс алады. Бекет Атаның білім алу жүйесі де өзгеше болған. Яғни, медресені бітіріп кете бермеген. Өзінің пірінің жеке тәрбиесінде болып, жанында жүріп, рухани тәрбиесін кемелдендіре берген. Медреседе алған білімінің тереңіне бойлап, оны пысықтаумен болған. Пірліктің ережесі - ұстазы көзі тірісінде өзіне лайықты шәкіртін тауып, өзінің жолын лайықты жалғар тұлғаға Пір атағын беріп кететін болған. Бекет бабамыз 40 жастардың шамасында Бақыржан бабасының шынайы ықыласымен пір атағын иеленген. «Пірдің соңы – Бекет, ердің соңы – Есет» деген сөз де оның мұсылман дінінің сопылық бағытының жарқын өкілі болғанын дәлелдесе керек
Бекет Ата еліне оралып, ұстазының ісін жалғастырып, әр жерден мешіт салған. Елді дінге, білімге шақырып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға Бекет Ата өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол салдырған мешіттердің бізге белгілісінің өзі алтау. Құрылыс жобаларының авторы да өзі болған. Олар: қазіргі Құлсарыға жақын Ақмешітте; Үстірттің батыс жағындағы Оғыланды тауында; Ескі Бейнеуде, Бозащыдағы Мәстек құдығына таяу Тобықтыда және Үстірттің шығысындағы Арал теңізінің батыс жағындағы Баялы деген жерде.
Сөйтіп, «Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы» деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет Ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген .
Ақын,мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушанов: «Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып,мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? Меніңш, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты: Атаны іздесек жүректерден іздейік!»-деді.
Ұлы ұстазы Бақыржан мұра еткен көк түсті асаның ең ерекше 4қасиетін ерекшелеген деседі. «Шаршасаң-көлік,шөлдесең-сусын,қорықсаң-қару,тоңсаң-пана болар,қадіріне қылау түсіру күнә» деп аражіктеп берген екен. Бекет,оның ұрпақтары да уақыт салмағы түскен уақтарда ара үздіріп алғаны болмаса бұл дүниелікті қастерлей сақтап келеді.

Әулиені әз тұтқан жырларымен
Пірімізге ақындар өлеңдер,композиторлар күй төккен. Мысалы,Шәміл Әбілтайтегінің шығарған «Бекет Ата »күйі бар. Ол Маңғыстау өңірінің әуендік желісіне құрылған.
Күйде композитор сан қырлы тарихи тұлғаның болмыс-бітімін, ол өмір сүрген дәуірдің тынысын тұңғыш рет саз тілімен бейнелеуді алдына мақсат тұтқан.
Шығарманың өн бойында ұдайы кейіпкер даналығы мен даралығын, ақылы мен парасатты өрнектеген.
Ғафу Қайырбеков Ата туралы жазған, Ф.Оңғарсынованың «Оғыланды», Рахмет Аяпбергенұлының «Бекет Ата » атты поэмасы бар,т.б.

Зейноллақызы Рахима «Бекет Ата» рахмет Аяпбергенұлы
Жұмашов Қалымжан «Ақмешіт – Пір Бекеттің туған жері»
Фарида,Орал,Жұлдыз «Бекет Ата» Сайын Назарбеков
Мұрат,Гүлдана «Тудың екен қандай ғана анадан?!» Әзірбайжан Қонарбаев
Абижанов Жандаулет өз шығармасымен

Бекет Ата жиі қолданған өнегелі сөздер:
«Біреуге қиянат, не озбырлық жасап тұрып менің атымды атамаңдар!»
«Қарқараға жандарың келгенше менің атымды ауызға алмаңдар, өте қиын жағдайда ғана жәрдем сұраңдар!»
«Тек жүрсең , тоқ жүресің»
«Бейнетіңе сабырлық қылсын, ал рахатыңа шүкірлік қылсын!» «Ниетің жолдасың болсын!»
«Жақсыны өзің үшін, ал жаманды ен үшін сыйла!»

ІІІ.Қорытынды
БЕКЕТ БАТЫР МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ

Бекет Ата Мырзағұлұлы (шамамен 1750-1813) - қазақтың батыры, қолбасшы, ағартушы, ойшыл, сәулетші
Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған
Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына төн жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
біріншісі - халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр;
екінші - ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы;
үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші;
төртінші - мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, «Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет» деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын
Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекет батырға оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді жөне оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған.
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың түсінігінде ұлы Баба «Әлсізге – Медет, Күштіге – Айбар, Зарыққанға – Жебеу, Тарыққанға – Демеу, Асқанға – Тосқан, Сасқанға – Сая, Ұрпаққа – Ұстаз, Ұлысқа – Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі» деп еді.
Бекет Атаның бүкіл ғұмыры дін-шариғат жолына адал қызмет етудің, туған халқының бақытты болу күресіне арналып өтті. Рухы кіршіксіз ел иесі Бекет Ата аруағын көзі тірісінде қолмен ұстатқандай жеті жұртқа, күллі әлемге паш етті. Киелі аруақ иесі Алла берген асыл қасиетін кейінгі ұрпақ өкілдерін желеп-жебеумен, құдірет биігінен көрінумен келеді. Әуелі Алла, қала берді Мұхаммед пайғамбарымыз, Мединада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет деп өрілетін жарылқау батасын қабыл алмайтын мұсылман жоқ. Бекет Ата ұлттық деңгейдегі тұлға. Аруағы жеті атасына дарыған пір Бекеттің аруағы Ендеше, іске сәт, баршаңызға: «Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - пір Бекет аруағы жар болғай»!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.