.
.
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп (Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе кенті) Мамандық таңдаудың жеті қадамы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2468 | Размер: | Автор: ТәрбиеӨзі туралы мәлемет:
Тажигулова Перизат Максутовна
Туған жылы, айы, күні: 14.10.1987
Ұлты: Қазақ
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Білімі:
Жоғары (үздік диплом)
2004 - 2007 жж. Қайнар университеті
2008 жж. Ш. Есенов ат. университет
Мамандығы: «Педагогика және психология»
Қосымша білімі:
2008жж. Компьютерлік сауаттылық арттыру курсы
2010жж. “Педагогический полилог”
Мақсаты:
• Өз мамандығым бойынша кәсіптік өсу
Тұлғалық қасиеттер:
• жауапкершілікті, ортамен жұмыс жасай білу, адамдармен тіл табысу, жинақылық.
Компьютерлік білік:
• MS Word, Excel, Power Point, Adobe Photoshop 7.
Қызығушылықтар: Компьютерлік программалар және интернет, спортпен шұғылдану (волейбол, баскетбол, шашка)
Мамандық таңдаудың жеті қадамы
(с е м и н а р – 11 с ы н ы п )
Мақсааты: Талапкер-2010 оқушыларының мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те, ересек дам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға байланысты. Талапкер үшін мамандық таңдаулың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Програмист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау сауалнамасы
1. Оқушылардың білімін қандай жолмен тексеру тиімді деп ойлайсың?
А. ҰБТ
Б. Емтихан
2. ҰБТ оқушының білім сапасына нақтылы баға бере ма?
А. Иә
Б. Жоқ
3. ҰБТ да мектеп програмасынан тыс сұрақтар бар ма?
А. Иә
Б. Жоқ
4. ҰБТ тапсыру сен үшін қиындық туғызады деп ойлайсың ба?
А. Иә
Б. Жоқ, себебі ҰБТ-ға тұрақты дайындаламын.
5. ҰБТ-дан қанша ұпай аламын деп есептейсің?
6. Аралық ҰБТ-ға қалай жауап еріп жүрсің?
Қазақ тілі А. 7 рет өлшеп бір кесіп Б. тисе терекке ......
Математика А. 7 рет өлшеп бір кесіп Б. тисе терекке ......
Тарих А. 7 рет өлшеп бір кесіп Б. тисе терекке ......
Таңдау пәні А. 7 рет өлшеп бір кесіп Б. тисе терекке ......
7. ҰБТ-гі барлық пән бойынша факультатив сабақ бола ма?
А. Иә
Б. Жоқ
8. ҰБТ-ге сен қашаннан бастап дайындалып жүрсің ?
Таңдау пәнің қай пән ?
ҮІІІ, ІХ, Х, ХІ сыныпта
9. Болашақ мамаңдығыңды қашан таңдайсың ? Қандай мамандық
ҮІІІ, ІХ, Х, ХІ сыныпта
10. ҰБТ-ге арналған дискет бойынша дайындалып жүрсің бе?
А. Иә
Б. Жоқ
11. Осы дискеттің өз біліміңді толылықтыруға пайдасы бар ма?
А. Иә
Б. Жоқ, себебі дискетте сұрақтардың жауабы жоқ.
12. Факультатив сабақтың сен үшін пайдасын қалай бағалар едің?
1.2.3.4.5
13. Пән мұғалімдердің дайындалуға сен үшін көмегін қалай бағалар едің ?
Қазақ тілі 1.2.3.4.5.
Математика 1.2.3.4.5.
Тарих 1.2.3.4.5.
Таңдау пәні 1.2.3.4.5.
14. ҰБТ-гі пәндерден басқа пәндерге дайындығың қандай ?
А. Жақсы, Б. Орташа С. Төмен себебі, ол пәндерден сынақ тапсырмайды.
15. Аралық ҰБТ-дан алған ұпайларың қандай ?
Т р е н и н г
Мақсаты: Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
«Ассоциация» жаттығуы Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Емтихан...”
Дембо - Рубинштейн тәсілі бойынша
өзін - өзі бағалауды зерттеу.
Осы тәсіл денсаулық, қабілет, мінез және т.с.с бір қатар жеке қасиеттерді тікелей бағалауға негізделген. Төменде ұсынылған шкалаларға қараңыз. Өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Көп ойланбай жауап беруге тырысыңыз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
Сандық ккөрсеткіш (орташа балл)
45 балдан төмен
45 - 74
75 – 100
Өз - өзін бағалау деңгейі Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары Өзін - өзі бағалау тепе - тең
Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз Өзін - өзі бағалау аса жоғары
Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
Менің жеке қасиеттерім
100
90
80
70
60
50
40
30
20
10
0
Денсаулық Ақыл Мінез Басқаларға Шебер қол Сыртқы бет Өзіне-өзі
ықпал ету әлпет сенімділік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.