.
.
Мемлекеттік тілдің үздігі Мемлекеттік тілдің үздігі.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1420 | Размер: | Автор: Тәрбие(өзге ұлт өкілдері оқушыларымен өтікізілген сайыс )
І жүргізуші
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар
Құрметтейді жан екен деп төрге озар
Қай тілде де сөйлесең де дұрысы
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар
Қайырлы күн, қасиетті қазақ тілінің жанашырлары! 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай-оқушылардың тіл байлығын,тілге деген қызығушылығын,құрметін,сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілгелі отырған «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты байқауға қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші:
22-қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы бірлік пен берекенің үлкен мейрамын тойлайды.Ол-тілдер мерекесі. Бұл мерекенің биыл 20 жылдығы тойланғалы отыр.Түрі,тілі,діні бөлек болғанымен жүрегі «Қазақстан-туған жерім,Отаным» деп 130-дан астам ұлт өкілдері бір ауыздан жар салуда.
І жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық ,
Білімді өрендерге тамсанайық .
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділ қазы алқасын таныстырайық .
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бұқар Аман Оразұлы
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сембетова Гүлнұр Сырлыбайқызы
3.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шакина Айсұлу Шотбекқызы
ІІ жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын сіздерді оның өту барысымен таныстырып өтейін.Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:
І. «Кел,танысайық»
ІІ . «Мақал –сөздің мәйегі»
ІІІ. «Мықты болсаң жаңылдырып көр»
ІҮ. «Көңілі ояу, көзі ашық»
Ү. «Жалғасын тап»
І жүргізуші: Таразылап талқылар,
Алдыңда тұр асқан сын.
Ортаға шық, ұландар
Байқауымыз басталсын.
ІІ жүргізуші: Сайыскерлеріміздің сайысқа түсу реті:
1.Абдуллина Анастасия 4.Парамонов Егор
2.Лупенко Елизавета 5.Глазырин Денис
3.Петухов Елисей 6.Макулова Ксения
І жүргізуші:
Сайысымыздың бірінші кезеңі «Кел,танысайық». Қазір алдын-ала белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен әрбір сайыскер өзін таныстырып өтеді.Таныстыру барысында сайыскерлеріміздің дауыс ырғағына, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дыбысты дұрыс айтуына көңіл бөлінеді.
Екінші кезең «Мақал –сөздің мәйегі» .
Сайыскерлер ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап алып,сол тақырыпта мақал-мәтел айтып жарысады. Әр дұрыс айтылған мақалға бір ұпайдан беріледі.
(сайыскерлер сахнада тұрады)
ІІ жүргізуші: Жандары қаламайтын аласаны,
Шәкірттер алда талай бел асады.
Әлемге қазақ халқын танытатын
Осылар еліміздің болашағы.
Сайысымыздың үшінші кезеңі «Көңілі ояу, көзі ашық».
Әрбір сайыскерге 10 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.(сайыскерлер сахнада тұрады)
І жүргізуші: Танымдық та,
Тағылымдық та мәні бар.
Одан-
Ұқсаң, ұтқырлық та табылар,
Өзге сөзге лезде өзгеріп кетеді
Болсаң егер жаңылысар, жаңылар.
Зеректерді зеріктірмес,
Жаңылтпас,
Зеректер де жаттауға оны жалықпас,
Қызықтырар,
Тұтықтырар тіліңді,
«Бұл не ?» десең,
Бұл-кәдімгі жаңылтпаш.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Мықты болсаң жаңылдырып көр».
Бірінші нөмірлі ойыншы бір жаңылтпаш айтады, ал екінші нөмірлі ойыншы сол жаңылтпашты қайталайды да, өз жаңылтпашын келесі ойыншыға айтады.
ІІ жүргізуші: Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл.Қалай исең,солай майыса береді.Орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға,тас қашап, ағаш оюға болады.Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не бір алуа шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың.
Келесі кезең «Жалғасын тап». Әр сайыскерге бір өлеңнің бірінші жолы оқылады, ал сайыскер өлеңді әрі қарай жалғастырып айтуы керек.
І жүргізуші: Далаң үшін,қызба қан халқың үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын.
Саған, Қазақстаным ғашықпын мен
Әншіл,сәншіл,бәйгешіл халқың үшін.
Сіздердің назарларыңызға Анитаның орындауда, «Менің арманым » әнін ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымыздың қорытындысын шығарып, мемлекеттік тілдің үздігін анықтау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін фактор – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,- деген болатын. Олай болса:
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілін құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,-
деген тілекпен сіздермен қоштасамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.