Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мемлкеттік тіл- Менің тілім!». -

«Мемлкеттік тіл- Менің тілім!».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1598 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің сурет және өнер тарих
пәнінің мұғалімі Төлеубаев Даулетжан Бақытжанұлы

Тақырыбы: «Мемлкеттік тіл- Менің тілім!»
Мақсаты: оқушыларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу.
Жүргізілу барысы:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар!
Тілдер мерекесіне арналған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады.
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
Оқушы: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен, арымен қатар қойып,
Тілді қорғау- парызым бүгін менің.
Оқушы:Әрбір тілде сөйле әлемде таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Оқушы: Қазақ тілің – Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
Оқушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.
Оқушы: Қуан анам!Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтіңде көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.
Оқушы:Қуан балам!Туған тілдің киесі
Жебер сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
Оқушы: Қуан халқым!Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
1-жүргізуші:
Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі-қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар:
2-жүгізуші:
Елім деп,тек алып соққан жүрегі
Ахметтей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
Ғұламаның есімін кім біледі?
Оқушылар:
1-жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол- «Бата беру» рәсімі.
2-жүргізуші: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді.Ақсақалдың бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін тамашалаймыз.
Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал -
Қария -
Бойжеткен -
Балалы келіншек -
Күйеуі –
Бірінші көрініс –алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ар Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс – жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
Ақсақал: Қолыңды жай,балам!
Нәрестенің бауы берік болсын,
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін,
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

« Ана тілім – бақытым »
Оқушы: Ана тілім, дана тілім – бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде,
Сен болмасан болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Оқушы: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашан да бас иемін,
Бар ғой сенің бойында қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
Оқушы: Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
Мақал – мәтелдер сайысы:
1-топқа
1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2.Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3.Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл).
7.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ).
2-топқа
1.Бал тамған тілден ... (у тамған).
2.Тауды,тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар).
3.Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4.Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5.Тіл қылыштан ...(өткір).
6.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).
7.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде).
Қорытынды:
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Шалқар аудандық көркемсурет лицейі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

« Мемлкеттік тіл- Менің тілім!»

Дайындаған: Төлеубаев Д.Б.

2014 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.