.
.
Тақырыбы: Мен де жалғыз Отан бар – ол Қазақстан Мен де жалғыз Отан бар – ол Қазақстан.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2143 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан туралы мақал-мәтелдер, слайд
Барысы:
Қазақстан дейтін, менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Мен де жалғыз Отан – бар ол Қазақстан» атты тақырыпта өтеді. Қош келіпсіздер!!!
Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қазақстан туралы білітінімізді ортаға салайықшы.
(Дамира)
Қазақстан Республикасы Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Олар: Ресей, Қырғыстан,Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай. Жер көлемі бойынша 9 орында. Бaтысынан шығысына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегінен оңтүстіктегіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Елдің негізгі валютасы - теңге. МЕмлекеттік рәміздері бар. Ту, елтаңба, әнұран. Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Қазастанның табиғаты әсем, бай мемлекет!!!
(Мадияр)
Күләш Ахметова
ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.
Біздің еліміз –жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң-құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті. Бұл біздің Отанымыз Қазақстан.
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
ӘН: Алға Қазақстан (Қайрат Нұртас)
Орындайтын: Трио «Рамазан, Мадияр, Асфандияр»
Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Отан туып өскен жерің.
-Отан-ол сенің елің.
-Отан – ана . Отан –жер !
-Отан бәрінен де ыстық, алыс кетсең сағынасың!
Отан туралы ақындарымыз не деп екен тыңдап керелік.
Арман
Мұқағали Мақатаев
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!
Жандәулет
Қадыр Мырза Али -Отан
Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
ӘН: Егемен Қазақстан
Орындайтын: дует «Рамазан, Бекжан»
Біздің елбасымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты..
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Шыңғыс
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Мадияр
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
• Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
• Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
• Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Дамира
Қызмет жолы
• 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
• 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
• 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
• 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
• 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
• 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
• 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
• 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 жеңіске жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев атында
Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
• Экономика ғылымдарының докторы (1993)
• ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
• Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
• Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
• Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
• Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
• Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
• Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
• ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
• Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
2011 жылдың 3 сәуіріне мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Байұзақ
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Ақтолқын :Елбасы
Аяуым: Елбасын құттықтау
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Е –ржүрек
Л -идер
Б – асшы
А – қын
С – сенімді қолбасшы
Ы –нтымағы жарасқан ел құрған ел ағасы
Хормен: біздің елбасымыз –Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
Барак ОБАМА,
АҚШ Президенті:
– Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркен¬деген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауған¬стан-дағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісін¬дегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.
Владимир ПУТИН,
Ресей Президенті:
– Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-эконо¬микалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Рес¬пуб-ликаның халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халық-аралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақ¬тық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті.
Ху ЦЗИНЬТАО,
ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы:
– Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылы¬ғы¬ңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай – Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.
Ән: Атамекен
Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Осындай азамат пен азаматша болып өсулеріне тілектеспін. Сау болыңыздар!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.