Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен және жанұям -

Мен және жанұям

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5234 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы
білім беретін мектеп- балабақша
Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тақырыбы: Мен және жанұям
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата- аналармен бірлесе отырып шешу.
Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер, баяндамалар, плакаттар.
Нақыл сөздер:
1. «Анаң- асыл қазынаң, әкең- асқар тау».
2. «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала- біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата- ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Түрі: Ата- ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.
Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата- аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
- Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сонымен, бүгінгі ата- аналар мен бала бірлескен «Мен және жанұям» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі- ата- бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.
Кештің ашылу құрметіне «Анашым» әні орындалады.
Ендеше сайысымызды бастайық:
І стратегия. Топқа бөлу.
Сыныптағы сайысқа қатысатын оқушылар І топқа «Ұландар» деп жазылған дөңгелек үстелге жайғасады. Ал, ата- аналар ІІ топқа «Ардақтылар» үстеліне жайғасады.
ІІІ топқа әділқазылар жайғасады. Әділқазыға бір оқушы ата- анасымен жайғасады.
Әр топтың тұсына мынадай сөздер жазылған.
«Ұландар» тобына:
Балам менің бал бөбегім,
Өмірімнің жалғасы.
Ол үшін мен ой толғанам,
Шегініп сен қалмашы.
«Ардақтылар» тобына:
Ей, ардақтылар ата- аналар,
Келші бүгін жарысайық.
Біздерменен бақ сынасып.
Әперші ұпай өз балаңа.
Әділқазылар тобына:
Әділқазы болды менің,
Досым ата- анасымен.
Сендік саған жан- жолдасым,
Әділдікпен бағалашы.

Барлық қатысушыларға сәт- сапар тілейік. Ата- аналар балаңызға ұпай санын көбірек әперіп, белсенді ата- ана екендеріңізді таныта біліңіздер! Балалар, сіздер керісінше ата- аналарыңыз әперген ұпайға ұпай санын қоса біліңіздер.

ІІ стратегия. Тірек нұсқамен жұмыс.

Сызбаны «Ұландар» тобына таратып беремін. Олар өз ойларын жазады. Балалар жазып болғанша, «Ардақтылар» тобына «Тығырықтан қалай шығу керек?» деген тапсырма беріледі

1.Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,- деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?

2. «Ура, мама, мен «бес» алдым!» Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?- деп, бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ жылдар өте береді, біз «Ура, мама, мен бүгін «бес» алдым!» деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз.
Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?

3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?

4 Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

5. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»,- десе, анасы: «Сенсіз де басым аурып тұр, мазамды алма»,- депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

Әділқазы ұпайды белгілер арқылы бағалайды: (жұлдызша- 5, төртбұрыш-4, ұшбұрыш-3, дөңгелек-2)
ІІІ стратегия Топтастыру.

Ата- аналар баласына қалай тәрбие беретіні туралы жазады.

Ата- аналар болғанша, балалар сұрақтарға жауап береді.

№1
1.Немере деген кім?
2.Ананың парызын бала өтей ала ма?

№2
1.Бөле деген кім?
2.Көп балалы анаға берілетін сый- құрмет?
№3
1.Қыздың баласы оның әке- шешесіне кім болып келеді?
2.Балаға кім сыншы?
№4
1.Қара шаңырақ иесі кім?
2.Әкеден балаға берілетін зат?
№5
1.Нағашы деген кім?
2.Жанұядағы сенің міндетің?

ІV. Стратегия. Тәй- тәй бағдарламасы бойынша орталықтар.


1.Мақал- мәтел орталығы.
№ 1
1. Әке туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр. Отанды сүю .........
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Әке- алтын діңгек»
№ 2
1.Отан туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр Мектеп...... білім....
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: « Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, жаман сөз жан күйіндіреді.»
№ 3
1. Ана туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр: Бала- адамның...
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»

№ 4
1.Дос туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр Ата...... бала....
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: « Балалы үй базар»
№ 5
1.Бала туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр: Ананың сүті бал,..........
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Ата- ананың ақылы- қазулы қара жолмен тең»

2. Жұмбақтар орталығы.
1- жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз? (Ата)

2- жұмбақ: Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің
Білер оны сұрағын. Ол кім?
(Атаң)

3- жұмбақ: Бұл кім?
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Аялы қолда талпынтқан
Айналасына ас қойып
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Бұл кім? (Ана)

4-жұмбақ: Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім? (Анаң)

5-жұмбақ: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (Ана)

6-жұмбақ: Өзі салмақты,байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, тағы да басқа жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (Әке)

7-жұмбақ: Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге
Ол кім? (Әкең)

8-жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (Әже)

9-жұмбақ: Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (Әжең)

3.Ой толғау орталығы.

Ата- аналар балалары туралы ал, балалар ата- аналары туралы ой толғау жазады. Содан кейін қарама- қарсы оқиды.

4. Өнер орталығы.
Ата- аналар балаларымен бірлесе отырып, өнер көрсетеді.
V стратегия. «Мен қандай адам болуға тиіспін?»
Тал терекке айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан- жақты дамыған Адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?

Тал- терек
Қолайлы Қолайсыз



Бала-Адам
Жақсы Жаман



VІ. Қорытынды.
Сайыс соңында әділқазының шешімі бойынша «Рахмет сізге, мың алғыс», «Ризамыз біз сізге», «Қызметіңізге рахмет», «Ой бөліскеніңіз үшін рахмет» атты мадақтамалармен, сыйлықтар табыс етілді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.