.
.
МЕНІҢ ҰЛТЫМ МЕНЕН АСҚАҚ, МӘРТЕБЕСІ БИІК. МЕНІҢ ҰЛТЫМ МЕНЕН АСҚАҚ, МӘРТЕБЕСІ БИІК.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2955 | Размер: | Автор: ТәрбиеБіз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани
мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып,барлық салада рухани
тәуелсіздікке жетуіміз керек… Мектеп оқулығынан бастап әрбір
ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени шара рухани тәуелсіздік
пен елдік идеясына қызмет етуге тиіс…
Нұрсұлтан Назарбаев
Мақсаты: 1.Туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу ;оқушының өз ұлтына деген елжандылық сезімін қалыптастыру. 2.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 23 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
3. Оқушылар бойындағы отансүйгіштік-патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд-шоу,Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер. Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы: Ашық тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе.
Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тарихи оқиғалар тізбесі
3. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
4. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
1-жүргізуші: Армысың, Қазақ елі!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!
1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса,асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.
2-жүргізуші: Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз-ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба -өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
Екі жүргізуші: Қазақстан!
Туыменен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты. Екі жүргізуші: Әуелей бер,әсем сазды Әнұран! ( Әнұран айтылады.)
2-жүргізуші: «Менің ұлтым менен биік, мәртебесі асқақ» атты ашық тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол- ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмаған. Ал, енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1-жүргізуші:Тәуелсіздік – халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2-жүргізуш:Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдейсәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
1-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың өлеңі « Төрт ана» Оқитын: Сисембай Абылай
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Ауыр әрі қасіретті болса да
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға, Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Әр адамда өз анасынан басқа да, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Демеп жүрер арқада, Өзге ананың ұлылығын танымас,
Болу керек құдіретті төрт ана: Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Туған жері- түп қазығы айбыны, Төрт анадан сенім таба алмаған
Туған тілі- сарқылмайтын байлығы. Тамырсыздың басы қайда қалмаған
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі Төрт анасын сыйламаған халықтың
Қадамына шуақ шашар үнемі Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған
Және туған тарихы. Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы
Еске алуға қаншама Төрт ана үшін болған, күрестердің ұлысы!»
1-жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. 2-жүргізуші: Қазақ халқы-жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе?! Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер, сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз, көз тартарлық табиғат байлығы - Қазақстан жерінде!
1-жүргізуші:: Қасым Аманжолов «Туған жер» Оқитын: Оралбаев Иманғали
Шықшы тауға,қарашы кең далаға,
Мәз боласың,ұқсайсын жас балаға.
О шеті мен мен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім .
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін
2-жүргізуші: Қазақ жері-мекенім,
Байтағын бойлап жел ескен.
Мақтанып мәңгі өтемін,
Тау менен дала теңескен.
Шегіне көзің жетпейтін
Ата-анам-Қазақстаным.
Перзентінен көктейтін,
Мен балаң-Қазақстаным.
Кәмшат: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
Иманғали: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталып қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
2-жүргізуші: Көрініс: « Қаз дауысты Қазыбек би »
Жоңғар ханының ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір-Жанболат: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»
Хан-Шерхан: «Кірсін!»
«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек би-Шохан: «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт»
Хан-Шерхан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би-Шохан: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »
Хан - Шерхан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»
1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
1-жүргізуші: Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Е рмұрат Зейіпханның әні: « Көк тудың желбірегені» Орындайтындар: Амангелдиев Шохан мен Есенова Ақбота
2-жүргізуші: Бөленген сұлулыққа далам менің,
Тыныстап,емін-еркін алар демін.
Тәуелсіз күндерімнің арқасы ғой,
Қарашы,ой да,
Қыр да,
Жаңарды елім,
Ғасырлар бабам күткен заман ба едің!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік! Бақытым,бақ-мұратым,
Сенсің маған биікті алдыратын.
Сенсің менде жүректі жандыратын,
Кәусар сезім бақытқа қандыратын.
Бар әлемге паш етіп теңдігімді,
Мәңгі бақи тарихта қалды атың!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
1-жүргізуші: 1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп бергені, халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
2-жүргізуші:Махамбеттің өлеңінен үзінді. «Мен, мен едім, мен едім…» Оқитын :Амангелдиев Шохан
«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім»
1-жүргізуші:1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)
Ақ патшаның отаршылдық саясатының орнын қызыл кеңес идеологиясы басты.Міне,осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары өз елінің болашағы мен бақыты үшін «Алашорданы» құрған болатын.Олардың ішінде Міржақып Дулатов,Жүсіпбек Аймауытов,Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды интеллигенция өкілдері бар еді. 2-жүргізуші: Көрініс: «Алаш туы астында»
Міржақып-Думан: Көзіңді аш,оян қазақ,көтер басты,
Өткізбей,қараңғыда бекер жасты.
Жер жетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты.
Жүсіпбек - Ернар: Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды, аянба!
Мағжан-Нұрмұханбеткәрім:Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркеер,
Істей берсін қолдарынан келгенін
Сұлтанмахмұт - Асылбек: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды, Алаш, өлмейміз.
Жасасын,Алаш,жасасын! 1-жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет-бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандары.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламтаны қоздатқаның
Тұншықса да, түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтатып кете барған боздақтарын.
2-жүргізуші: Енді Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық.
1- оқушы-Иманғали: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы.
2- оқушы-Жанболат: 1941-1945 ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста жеңіс жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.Олардың қатарында Жұмағали Қалдығараев, Мәди Бегеновтер сияқты даңқты жерлестеріміз бар. ( Кеңес Одағының Батырлары –сл)
1-жүргізуші:1986 ж. желтоқсаны.Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. ( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі) С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі тыңдатылады.
3-оқушы-Айгерім: Қасқалдақ ұшып көлінен Қара көз қазақ қыздарын
Шүрегей келіп қонған күн ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қыранды қуып көгінен Қариялар итке таланып
Қарғалар билік алған күн Ер басын күрек шапқан күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп, Аппақ қар қанға боянып
Қазақққа күйе жаққан күн Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Базары кетіп бір күнде Қайғы езіп елдің еңсесін
Қайғыға халық батқан күн Жан шыдау жанын батқан күн
Қақаған қыстың ызғары Енді қайтып келмесін
Сүйектен өтіп кеткен күн Сол бір қарғыс атқан күн
1-жүргізуші: Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
4-оқушы-Ақбота: Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Шохан: Т- білдіреді теңдікті,
Кәмшат: Ә- әдептілік, әлдікті,
Асылбек: У-уайымсыз уақытты,
Нұрмұханбеткәрім: Е- егемендік елдікті.
Ернар: Л-дейді лағып лепірме,
Думан: С-сенімділік секілді,
Айгерім: І-ілтипат пен ізетті
Жанболат: З- зиялылық тілек қой.
Иманғали: Д- шақырады достыққа,
Шерхан: І- ізденіс пен нәтиже
Абылай: К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
2-жүргізуші: Хор: « Егемен елім »
5-оқушы-Асылбек: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,Түрікмен- стан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астана.
6-оқушы - Кәмшат: Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
2-жүргізуші: Көркемсөз: Жұбан Молдағалиев «Мен-қазақпын» Оқитын: Тағанов Шерхан
Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
«Ару - жолда, мал - терде, бала - белде»,
Уайым түбі - теңіз ғой, бара берме.
Жігер керек, жыр керек, жалау керек,
Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге.
Қашан қазақ атандым мен азандап? -
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.
Есіміме береді бала жасын
Құлпытасты шұқыған кей азамат.
- Мен - қазақпын, қырғыз ол - туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Қонақ келсе, қымыз да, қазы да бар,
Құсбек болса, бүркіт те, тазы да бар.
Жерге отырса, көрпе мен жастық әзір,
Өзге десе, өзге де қазына бар...
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
2-жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
7-оқушы-Айгерім: Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. 8-оқушы-Жанболат: Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат- адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы – әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота- Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
1-жүргізуші: 1991-2014 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті. Экранға назар аударайық. (Слайдтар көрсету)
1991ж. 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
1991ж. 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991ж. 1 желтоқсанда Тұңғыш президентіміз сайланды.
1992ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді.
1992ж. 4 маусымда Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993ж.15 қарашада Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.
1994ж.19 маусымда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
1995ж. 30 тамызда Жаңа Конституцияның қабылдануы.
1998ж. мамырда Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
1999ж. 10 қаңтар Президент сайлауы болды.
2000ж. «Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500 жыл толды.
2002ж. «Денсаулық жылы» деп аталды.
2004ж. «Қазақстан –Ресей жылы» болды.
2007ж. «Қазақ тілін қолдау » жылы болды.
2009ж. «Ана мен бала жылы»
2010ж. 12 желтоқсан Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.
2011ж. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2012ж. Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.
2012 ж. Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
2-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы қайратты, қаhарман.
1-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым,өнер-білім,өркенім.
Екі жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
Хор: «Атамекен» Сөзі: Қадір Мырзалиевтікі Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
Екі жүргізуші: Қазақ елі жасасын!
1-жүргізуші: Тәрбие сағатының қорытынды сөзі сынып жетекшімізге беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.