Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің Президентім. -

Менің Президентім.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1692 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Эссе
Менің Президентім.

Халқының қамын ойлаған
Тұңғиық терең, ойлы адам!
Егемен елдің ұйтқысы
Нұрсұлтандай – Ел ағам!

«Қазақ» деген сөз еркіндік деген мағына береді. Ата-бабамыз ғасырлар бойы сол еркіндікті аңсаған. Сол жолда «жандарын шүберекке түйіп» найзаның ұшы, білектің күшін сан мәрте жұмсаған. Қазақта халықтың қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Солардың ішіндегі бірегейі – Абылай хан. Ал қазіргі қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егнемендіктің тұғырын нықтап жүрген біздің бірінші Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің Президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басшысы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көргенді көрегендігінің арқасында «қазақ деген халықты, дүние жүзіне танытты». Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың Тұңғыш Президенті.
Президентіміз қандай істі бастаса да «жеті өлшеп, бір кесетін» санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін – Ұлт басшысы.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше мысал:
Бірінші: егемендік алып, ел болғанда аяққа нық тұрып алу үшін шет елден инвестиция тартып, ақаша жасау. Тұрып қалған өнеркәсіпті, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты.
Екінші батыл шешімі ел астанасын Сарыарқаға көшіріп, елдің астанасын – Астана қаласын салу.
Үшінші – «Болашақ» бағдарламасы. Президентіміздің бұндай батыл шешімдеріне сан мысал келтіруге болады. Мемлекеттік жұмыстардың барлық салаларында спорт пен мәдениет, ғылым мен техника, өнер мен білім т.б. Елдің болашағы – жастар. Жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі – кемеңгерлік, көрегендік.
Мысалы: жақында «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай жастармен кездесуі.
Қорыта айтқанда Н.Назарбаев – қазақтың бағы мен бақытына біткен дара тұлға, ұлықты ұлт басшысы, кемеңгері.
Мен осындай Президенті бар елдің азаматшасы болғанымды мақтан тұтамын. 17 млн қазақстандықтар сияқты мен де өз Президентімді – менің Президентім деп мақтанышпен айта аламын. Ол өзін дүние жүзіне мойындатқан, оны дүние жүзі мойындаған алысты айқындайтын, кемелі мен кемеңгерлігі күшті саясаткер.

БҚО, Теректі ауданы
Қызылжар негізгі орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі
Байнешова Ж.О
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.