Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің тұңғыш президентім! -

Менің тұңғыш президентім!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1375 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тоқыжанова Қаламқас Мұратжанқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы №1 «Бөбекжай» балабақшасының №1 «Бәйтерек»
тобының тәрбиешісі

Тақырыбы:Менің тұңғыш президентім!
Мақсаты:
білімділік:Балалардың өз отаны туралы білімін кеңейту, елтарихында болған оқиғалардың маңызын ажырыта білу. Еліміздің тұңғыш президенті екендігін жас ұрпаққа Нұрағамыздың санқырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенінтаныту
дамытушылық:Елімізге еңсе тіктетіп мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемгетанытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетінмеңгеру.
тәрбиелік:Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.
Сабақтың түрі:тәрбие сағаты.
Сабақтың барысы:
Топтағы балалар «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, қолдарына жалау ұстап үлкен залға кіреді.

Осындан кейін Әнұранорындалады.
Тәрбиешінің сөзі:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Елбасының балалық шағынан бастап ата-анаға мейірімділігі, елге деген сүйіспеншілігі байқалған.

Әкесі Әбіш НазарбаевАнасыӘлжан Назарбаева


Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Қазахстан көк байрағы қандай ?

Нұрай: Аспан түстес көк ту ортасында шұғылалы күн оның астында халықтап ұшқан қыран бейнеленген соған қоса Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы қосымша өзгерістер енгізуде алғашқы Қазақстан туының авторы суретші Шакен Ниязбеков.

Мемлекеттік ел танбаның авторы суретшілер Жандарбек Мәлібековпен Шота Уалиханов Қазахстан Республикасының ел таңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген шаңырақта айнала күн саулесіндей таралған уықтар шаншылған жарық жұлдыз отанымызда жұлдызы биіктеп бақыт жұлдызша нұр шашып тұрғандай бейнелейді.
Шырын: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Иляс:Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Бексұлтан: Туға мойын бұрамыз,
Елтаңба деп тұрамыз.
Әнұран боп асқақтап тұр,
Біздің елдің рәмізі.
Айзада:Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Ақерке: Әнұраным, әнұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған - жерім сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады.

Ислам:Ұланымын елімнің,
Баламын жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.

Әрраийан: Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Астанаға саяхат шолу. Фото сюжет.




Айсана: Астанадан қандай әсер алдың?
Тәрбиеші: 1991 жыл, 1- желтоқсанРеспубликада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР інің Президенті болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Ел ордасы Астанамыз көрікті екеніне көз жүгіртіп мыны суреттерге қарайықшы
Осы мен қоса тағыда бір ерекше жаналықтарымыз бар 2017 жылы эспорт товарын шығару біздің Қазахстанда өтеді, бұлда біздің Нұр ағамыздың еңбегі деп білеміз.
Қорытынды: Еліміз өркениетті заман ағысына қосылды менің тірегім байтақ Қазақстан деп маң маң басып жүре аламызмемлекетіміздің көк туы биіктейберсін дей отырып. Көңілімізді көтеріңкі ұстап қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»биімен сабағымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.