.
.
Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған! Өмір, қымбатсың маған!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4772 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
1. Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. Құқықтық білімдерін тереңдету.
2. Салауатты өмір салтын ұстануға, өмірден өз орнын таба білуге, өмірлік бағдарын айқындауға баулу.
3. Өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық журнал
Әдісі: пікірсайыс
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер
Жүргізуші:
Қош келдіңіз, халайық, сергіген бой,
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.
Ден қойып тыңдаңыздар тамашалап,
Айтылар саф алтындай біршама ой.
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында ұйымдастырылып отырған ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Бүгінгі біздің ауызша журналымыз үш бөлімнен тұрады:
1. Бақыт деген – денсаулық.
2. Әдеттен дертке дейін.
3. Бала құқығы – асыл қазына.
Өмір деген – осы сенің жолдасың,
Онда сені аяласын, қорғасын.
Сен де оның қадіріне жете біл,
Бір-біріңе жақын жолдас болғасын.
Мұғалім: Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді, бақытты өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп, шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүлді көресің, көзің соған түседі. Біздің де өміріміздің жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, ең басты байлығымыз – денсаулық.
«Жүректен - жүрекке» - психологиялық тренинг.
Көрініс: «Данышпан мен жеткіншек». Адам өз өмірін қалай сүруге болады?
Жүргізуші: «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ». Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпақтарымыз бақытты ғұмыр кешуі үшін ең алдымен дені сау болуы тиіс. Олай болса журналымыздың бірінші беті «Бақыт деген - денсаулық».
1-оқушы: Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
2-оқушы: Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың - жаны да сау.
3-оқушы:
Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
4-оқушы: Біздің өміріміздің оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал.
5-оқушы: Денсаулық – бірдің емес, мыңның байлығы және баршаға ортаң ең басты байлық.
6-оқушы: Бой сергіту таза ауа, таза тамақ көпшілік көңілінде болуы тиіс.
7-оқушы: Қауіпсіздік ережесін сақтамасақ та біздің денсаулығымызға келтірер зияны көп.
8- оқушы:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
9-оқушы: Жағымсыз әдеттердің өзі денсаулығымызға зиян.
Жүргізуші: Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтаған жөн, оның алғы шарттарының бірі – дұрыс тамақтану, тазалықты сақтау.
1-оқушы: Дұрыс тамақтанбау ағзаның жұмысының бұзылуына әкеліп соғады. Шамадан тыс көп тамақ жеу семіздікке апарады.
Тарта жесең тай қалар,
Қорқа жесең қой қалар,
Қоймай жесең нең қалар! Қомағайлана тамақтану кері әсер етіп қана қоймай, артық шығынға әкеледі.
2-оқушы:
Ас – адамның арқауы,
Деген сөз бар ежелден.
Бойға сіңіп тарқауы
Үшін керек ереже.
3-оқушы:
Тамақты ішкін күнде сен,
Белгілі бір мезгілде.
Таңертең, түс, түстен соң
Жатар алды кезінде.
4-оқушы: «Тазалық – денсаулық кепілі» дегендей, егер таза жүрсең ешқандай ауру саған жақын жоламас.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер.
Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Жүргізуші: Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатыр. Сол өзен ағысында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып өз жолын таба алмай жатады. Бұл қандай жат қылықтар деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Арақ, темекі, насыбай, есірткі.
Мұғалім: Журналымыздың келесі беті «Әдеттен дертке дейін».
1-оқушы: Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан 2050» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытқа күрес жүргізу керек деп атап көрсетті:
1. Темекі шегуді тоқтату.
2. Нашақорлық, наркобизнеске қарсы күрес.
3. Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес.
2-оқушы: Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» алп баратыны, бірден-бір зиянды зат екенін, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартатындығын анықтаған.
3-оқушы: Темекінің басты зияндылықтарын айтатын болсақ:
1. Жүрек ауруларына шалдығады.
2. Асқазанда жара пайда болады.
3. Тез қартаяды, теріде әжім пайда болады.
4. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшырайды.
4-оқушы: Алкоголь – ол биологиялық у. Ол барлық мүшелерді зақымдайды.
5-оқушы: Жанұяның берекесі кетеді. Әрбір қылмыстық істердің 80-90%-ы арақ ішіп мас болған шақта жасалған.
6-оқушы: Нашақорлық – бұл дегеніміз жас кездегі өзін-өзі қолдан жасаған өлім.
7-оқушы: Ішімдік ішетін адамның ойлау, есте сақтау қабілеті төмендеп, күш-жігері әлсірейді.
8-оқушы: Үлкен адамдарға қарағанда жасөспірімдердің ағзалары ішімдікке тез уланып, қанға тез тарайды, жүйке жүйесін тез бұзады.
9-оқушы:
Нашақорлық жайлаған індет білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін,
Оған сен де міндетті, міндетті мен.
10-оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей, болашақ, саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.
11-оқушы: Қылмысқа жетелейтін зиянды, жат қылықтардың тағы бірі – насыбай.
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды
Насыбай – напақ, шылымға!
«Жағдаяттан шығу» тапсырмасы беріледі.
Жүргізуші:
1. Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда есірткі шегіп отырған бір баланы көрдің, сен не істер едің?
2. Саған 11- сынып оқушысы «Маған күнде бір қолрап темекі алып бер. Екеуміз бірге шегеміз. Мұны тек сен екеуміз ғана білетін боламыз, әйтпесе, ...» деп, жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?
3. Сенің өте жақсы көретін ағаңның ауызынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір, екі рет байқадың, қалай құтқарар едің?
Мақалдың жалғасын тап.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
..........................................
(Жасайды жылдар көптеген)
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
..........................................
(Таста арақ пен шылымды)
3. Темекінің кермегі –
...........................................
(Еріккеннің ермегі)
4. Шарап, арақ ішіңе көшеді,
............................................
(Ақыл шөлмек ішіне түседі)
5. Ішпеген, шылым тартпаған,
.............................................
(Денсаулығын сақтаған)
6. Адам арақты ішеді,
..............................................
(Арақ ақылды ішеді)
7. Жалқаудың жан күтімі
Екі қолды ұстайды
..............................................
..............................................
(Темекінің көк түтіні,
Екі өкпені ыстайды)
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
................................................
(Одан кейін өзгелерді сақтандыр)
Жүргізуші: Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам өмірі» екендігі айтылған.
Мұғалім: Журналымыздың келесі беті «Бала құқығы – асыл қазына»
1-оқушы:
Қалауымша оқимын, білім алам,
Еңбек етем, қартайсам, тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Конституциям бекіткен мұны маған.
2-оқушы:
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Жүргізуші: Сендер өз құқықтарың туралы не айтар едіңдер?
- Әр баланың өмір сүруге құқығы бар.
- Әр адамның білім алуға құқығы бар.
- Әр адамның өз елінде еркін жүріп-тұруға және мекен таңдауға құқығы бар.
- Әр адам спортпен шұғылдануға құқылы.
Жүргізуші: Ал енді біз өз міндетімізді білеміз бе?
- Өз Отанымды сүюге, қорғауға міндеттімін.
- Рәміздерді қастерлеуге міндеттімін.
- Мен тәртіпті болуға міндеттімін.
- Мен мұғалімді тыңдауға, құрметтеуге міндеттімін.
- Мен ата-анама көмек беруге міндеттімін.
- Мен табиғатты қорғауға міндеттімін.
- Мен құстарға қамқор болуға міндеттімін.
«Өмір саған несімен қымбат?» - тренинг.
Қорытынды.
«Өмір өлеңі»
Мұғалім: Сабағымыздың соңында мынандай үндеу тастағым келеді:
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен – тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Т. Молдағалиевтің әні «Адам боп өтейік
Жүргізуші:
Жылдар жылжып, тоғысар ғасырлар да,
Артта қалар әлі талай асулар да.
Біз сіздерге зор денсаулық тілейміз,
Кездескенше келесі басқосуларды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.