Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мың бір мақал» сайысы. -

«Мың бір мақал» сайысы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1738 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы.
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық-тарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүйуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер жазалған слайдтар, 10 балдық житондар.

Жоспары:
1-тур Кім жылдам
2-тур Жалғасын тап
3-тур Мағынасын түсіндір
4-тур Үй тапсырмасы
5-тур Аударып көр
6-тур Қорытындылау.


I. Кіріспе.
Құрметті қушылар,ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бірмақал» -деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.

II. Негізгі бөлім.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын, ұрандарын таныстырып өтеді.
1- тур. «Кім жылдам» -деп аталады. Бұл турда әр топтан бір оқушыдан шығып, таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.
2- Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Көзі соқырдан қорықпа,
...(Көңілі соқырдан қорық).

2. Әдепті бала - арлы бала
...(Әдепсіз бала –сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
...(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).

4. Ат жаманы жолда қалдырар,
...(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).

5. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
...(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).

6. Әдептілік, ар-ұят,-
Адамдықтың белгісі.
...(Тұрпайы мінез, тағы ,жат-
Надандықтың белгісі).

3 тур. Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр команда өзіне берілген мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
1. Жаста оқыған оқуың, тасқа жазған сөзбен тең
Қартайғанда оқыған оқуың мұзға жазған сөзбен тең.
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3. Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.
4. Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады.

4 тур. Үй тапсырмасы.
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды.

5 тур. Аударып көр. Бұл турда орыс тілінде оқылған мақалдың қазақша баламасын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.

1. Кто молоко украл – тот спасся,
Кто чашку облизал – попался.
2. Две головы бараных целиком,
Не умещаются в котле одном.
3. В родной долине лучше прахом быть,
Чем на чужбине падисшахом быть.
4. Даже мышка, что жива,
Лучше мёртвого льва.

6 тур. Қорытынды. Сабақ соңында әр команданың жинаған жетондары саналып, қорытындыланады. Ұпайды көп жинаған команда марапатталады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.