.
.
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ. Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1992 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Оқушыларды рухани,зерделік жағынан тәрбиелеу.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Қазақ фольклорының түрлі жанырларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызығушылықты зерттеу нысаны болып табылады.Бұларда халықтың өмір туралы сан алуан пайым-байқауларының ,ойға түйгендерінің нақты дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген .Венн диаграммасын толтырайық.
Мақал деген не ? Мәтін деген не?
1. «Жалғастыр» ойыны
Еңбек түбі-береке,.....( көптің түбі- мереке)
Ер бір рет өледі,......( қорқақ мың рет өледі)
Сөз атасы-құлақ,жол атасы-тұяқ,.....( су атасы-бұлақ)
Аталар сөзі-.....( ақылдың көзі)
Жақсы сөз ....( жанға азық)
2. «Жасырдым жұмбақ» сайысы.
Жұмбақты шешіп ,сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.
1.Қабат-қабат қаттама,қ аттамадан аттама
Ақылын оның ала бер,Айтқан сөзін жатта.( кітап)
Оқушы:Күн шықса жайлау жадырайды,
Кітап оқысаң жаның жадырайды.
2.Иесі оның-сәби, әрі төсек, әрі үй ( бесік)
Оқушы:Ел іші –алтын бесік.
3.Үй ішінде отыз екі батыр,
Кіргендерді отап, турап жатыр ( тіс)
Оқушы:Отыз тістен шыққан сөз ,Отыз рулы елге тарар.
3. «Әрі қарай,әрі қарай» ойын мақалға жауап.
1. Жыртық үйді жел табар,Қандай сөзді шын табар ( өтірік)
2. Сүзеген сиырға ,Құдай не бермейді? ( мүйіз)
3. Адам болатын бала ,Қайда қарайды? ( алысқа)
4. Түйе малдың қасқасы,Жылқы малдың ...( патшасы)
Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.