Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні. -

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2236 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті плакат, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс-аяқтар, қамшы және т.б.

Барысы.
1 жүргізуші : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші: Думан
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2-жүргізуші: Айгүл
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
3-жүргізуші:Саят
Аманбысың ардақты халқым менің
Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.
4-жүргізуші: Альбина
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
Аластау: Сынып жетекшілері
Алас, алас, пәледен алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Алас, алас!
Махметова Альбинаның орындауында «Наурыз» әні
Би: «Салтанат биі» Альбина, Тамаша, Айгүл, Аққу, Сәния
Думан:Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
2 Айгүл:Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.
Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.
Иран елі: Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.
Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» – «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.
Парсы елі: Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.
Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.
Наурыздағы салт – дәстүрлер
3 жүргізуші: Саят:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Құйрық-бауыр беру дәстүрі -11 ә сынып
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Наурыз көже ұсынылады:қыздар таратады.
Ата – салтың – қазынам
4 жүргізуші Альбина:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарынтабамаекената – аналар,
Солсебептенқоятынсұрақтар бар.
Думан: 1. Ертедежетіжігітжетішырақжағып, ауылдыаралайдыекен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылықескіжылменкетсіндегенниетпенжетішырақжағыпауылдыаралаған.)
Айгүл: 2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
Саят: 3. Наурызтілекдеген не? (Жауабы: наурызтілек – достықкөңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісіәртойдыңжарастысалтыныңбіріретіндеайтылған. Әрадамөзіне, отбасынанемесетуыс – туғандары мен дос – жарандарынҰлыстыңұлыкүніменқұттықтап, жақсытілектілейді, бір – бірініңүйінекіріпдәмтатады)
Альбина: 4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
Думан: 5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықтабатаныңтүрлерікөп. Соныңбірі – Наурыз бата. Мұнданаурызнамаөткізгендерге осы күнгеарнап, «наурызкөжеге» шақырғандарға, тойдаөнеркөрсеткенақын, әнші, палуандарғат.б. өнерпаздарға, жасталапкерлергеақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
БИ: «Тостаған биі» Ермекова Аида 10 ә сынып
1 – жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз. Сейдахмет ата балаларыңызға батаңызды берІп жіберіңіз!
Ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстемболсынмерейің.
Ықыласпенқолжайсаң,
Ақтілектітөгейін.
Ұлысоңболсын,
Ақ мол болсын!
Қайдабарсаңжолболсын!
Ұлысбақтыболсын,
Төрттүлікақтыболсын!
Ұлысберекеберсін,
Бәле – жала жергеенсін!
Ұлыхалқымтоқболсын,
Көйлектеріңкөкболсын!
Уайым – қайғыжоқболсын,
Қуаныштарыңкөпболсын!
Әумин!
(бетін сипап бата береді.)

1 – жүргізуші:Думан:
Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
ЖасаНаурыз, жарқыракөктекүндей,
Мерекесідостықтың, мәңгіліктің.
2-жүргізуші: Айгүл:
Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай-
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасың жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз.
Күй шертілсің, ән айтып,
Би билейік бәріміз.
3-жүргізуші, Саят:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз.
Би биледік бәріміз.
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан,
Бас иеміз саған, Наурыз!
4- жүргізуші, Альбина
Наурыз құтты болсын,
Дендеріңіз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытқа кенелсін!
Еліміздің несібесі көп болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.