.
.
Өскемен қаласы, О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің жоғары санатты Наурыз – жыл басы!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3714 | Размер: | Автор: Тәрбиебастауыш сынып мұғалімі Тогусова Б.Қ.
Тәрбие сағаты
Наурыз – жыл басы!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер.Үнтаспа.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..
(осы өлең жолдарын талдап, «Наурыз тойы» дегеніміз не ол жөніңде естіп,білгендерін ортаға салу)
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
2-жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы, мәңгі деп есептелген.
2. Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.
3. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш.
4. Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен мошылық бастауы.
5. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.
(әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)
1- жүргізуші:
Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып, оның мәнін аша білді).
1- Оқушы:
Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт – қатық, бұршақ қосқан.
Бәрі:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
2- Оқушы:
Бүгін күн кенелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
3-Оқушы:
Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
4-Оқушы:
Өмір бағы жайнасын,
Бақта бұлбұл сайрасын.
5-Оқушы:
Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
(«Қазақы дастарханы» әні )
2 – жүргізуші:
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!
Күн Ана.
-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.
1 – жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем Ару.
-Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
(«Наурыз» әні орындалды.)
2 – жүргізуші:
- Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.
1 – жүргізуші:
- Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!
Күн Ана.
- Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет, әрі кет.
Наурыз батырым келе ғой!
Наурыз батыр.
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуаға халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас – кәрің.
Жыл иесі тышқаным,
Құт иесі тышқаным,
Бақыт әкел еліме
Құт – береке молшылық
Дари берсін жеріме.
2 – жүргізуші:
- Рахмет; Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!
1 – жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Бәрі: Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
(«Наурыз келді әні»)
II – БӨЛІМ
Оқушыларды екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру)
«Наурыз» тобы «Көктем» тобы
1. Топ атын қорғау.
2. Мәнерлеп оқу сайысы.
3. Өлең шумағын құрастыр.
4. Мақал – мәтелді аяқта.
5. Ребус шешу.
6. Сөз жұмбақ шешу.
Қорытындылап, марапаттау.
Мерекелік кеш әсем ән, би, өлең – жырмен жалғасты.
Наурыз көже таратылды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.