Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем. -

Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1926 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы:Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету, тіл байлығын дәріптеу, қолөнер бұйымдарын көрсету және оларды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көктем тақырыбына оқушылардың салған суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық тағамдардан әзірленген дастархан, қолөнер бұйымдары.
1-жүргізуші:
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазында құлпырған
Балғын жүзді біз бақытты балалар!
2-жүргізуші:
Армысыңдар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
2-жүргізуші:
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп жатыр міне маңайды.
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мол халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба, деп, мал жаның?»
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
-Ал балалар! Бір-бірімізге көрісіп, құшақтап жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! (Оқушылар дауыстап кезектесіп тілектер айтады)
1-жүргізуші:
Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын халайық!
Күй төгілсін, би биленсін,
Шырқап әнге салайық,
-дей келе, келесі кезекті әнге береміз.
Хор:«Наурыз-көктем»
Айболат:
Келді Наурыз даладай кеңдігімен,
Көк байрағы желбіреп желді күнмен.
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналайын теңдігім, Елдігімнен.
Әсел:
Арайындай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостық сан халық, сан бірі ұлттың.
Жарқырай бер, жер-көкте, жаса Наурыз,
Ұлт достық, мейрамы мәңгіліктің.
2-жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолымнан,
Жарқылмаған ата-баба жолынан.
Шеберқолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
-дей келе, түсті қағаздардан қиып құрақ түрлерін құрау сайысын өткіземіз.
(Отырған аналар 3 түсті қағаз бен қайшы беріледі. Соны қиып құрақ түрін жасап көрсетуі керек. 2.мин уақыт беріледі).
1-жүргізуші:
Жаңғырғаны сананың
Ұмытпады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келген осы күн,
«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп енді қыздарымызды ілгек қадаудан жарысқа шақырамыз.
Мөлдір:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз-мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Орындайтын: Сымбат, Меруерт, Перизат
1-жүргізуші:
Келіңдер Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойы Наурызымның
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Би: «Әке толғауы»
Орындайтын: Жайна, Меруерт, Асылай, Мөлдір.

2-жүргізуші:
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен,
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды,
-дей келе «Мақал-сөз атасы» атты сайысқа шақырамыз.
( 4-5 ата-ана шығады. Шарты: 1 ана мақалды бастайды, келесі адам сол мақалдың ішінде бар сөздердің біріне мақал айтуы керек.)
1-жүргізуші:
Ана-біздің күніміз,
Қыздар-біздің гүліміз.
Таныстырар өздерін
Тамашалап көріңіз.
Қыздар триосының орындауында «Еркем-ай» күйі
Орындайтын: Мөлдір, Альбина, Нұржанат
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем
Жарығымен шуағымен Күн-Ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Ортаға «Бүркіт» ойынын ойнауға ұлдарды шақырамыз. (Шыққан соң шарты айтылады. Бұл ойында икемді, епті бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп, жердегі тақияны аузымен іліп алу керек. Екінің бірі орындар оңай әрекет емес).
1-жүргізуші:
Қош келдің, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып,
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
Би: «РЭП»
Орындайтын: Нұрсұлтан, Әлібек
2-жүргізуші:
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата-аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
( айтам деген, ата-анаға мүмкіншілік беріледі.)
1. Базарлық
2. Шашу
3. Көгентүп
4. Тоқымқағар
5. Дүниедегі ащы не, тәтті не?
6. Төрт күнә
1-жүргізуші:
«Жайдарман» көрсетеді
Өнерлі жігіттер,
Өнерін көріңдер
Бағасын беріңдер.
«Жайдарман» көріністері. Рысты, Әлібек, Нұрсұлтан, Ердәулет, Альбина
Би: «Rolly Polly»Рысты, Әсел.
2-жүргізуші:
Ал енді, балалар!
Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Балалар: Дастархан
1-жүргізуші:
-Дұрыс айтасыңдар! Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Балалар: бауырсақ, шұбат.......
2-жүргізуші:
-Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңгермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы-деп,
Асқа қатысты тыйымдар мен ырымдар мен Тазагүл апай таныстырып өтеді.
Ән: «Қазақы дастарханым» - Сымбат
1-жүргізуші:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Көжеден дәм татамыз-дей
Отырып, «Наурыз көженің» қалай дайындалатынды туралы Дәрігүл әжейдің біліп алайық, балалар!
Альбина «Кеңес» күйі
2-жүргізуші:
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алайық.
1-жүргізуші:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылсын ойыңа!
Бой қосылсын бойыңа!
Аман-есен жетейік,
Келер Наурыз тойына!
2-жүргізуші:
«Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем»атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Бәріңе сау-саламат тілей отырып, мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Қарлығаш апайға қорытынды сөз береміз.

ІІ бөлім Наурыз-дастархан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.