Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Он саусықтың кұдіреті. -

Он саусықтың кұдіреті.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2598 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі


( тәрбие сағат)

Сынып жетекшімі: З.Жоланова

Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Қазақ халқының қолөнерімен және оның жасалу ерекшеліктері,зергелік өнердің қыр-сырымен, ондағы ою-өрнектердің өзара үйлесімділігі жайлы жалпы сипаттама беру.
ТӘРБИЕЛІК: Зергелік бұйымдар мен қолөнер бұйымдарының қасиеттері мен олардың нақыштарының ұлтымыздың тарихындағы алатын рөлі жайлы түсінік беру отырып, ұлттық өнерді қастерлеуге, өз ұлтымыздың ұлттық нақыш-нышандарын құрметтеуге,елемездің тарихын ұлттық өнермен бағалай білуге тәрбиелеу.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Халық арасында сақталған зергерлік бұйымдар мен қолөнер заттардың көрмесі және суреттерін таныстыру арқылы тарихымызды зерделей білуге,ою-өрнектерді ойып,орынды пайдалануға,қажетті бұйымдарды жасай білуге ынталандыру.
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ: Эссе арқылы оқушылар ойын салыстыра отырып,ұлттық қолөнер мен зергерлік жайлы білімдерінің деңгейін арттыру мақсатында қосымша бағыт-бағдар беру.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: бүктемелер, қанатты сөздер,макеттер,зергерлік бұйымдар көрмесі,ұлттық қолөнер бұйымдары.

САБАҚ БАРЫСЫ

1.Кіріспе: Зергерлік бұйымдар мен ұлттық қолөнер тарихы және олардың сипаты жайлы қолөнерліктер арқылы түсінік беру.
2.Оқушылар ізденісі: Ұлттық қолөнер мен зергерлік өнердің тарихы.
3. Шеберлік шежіресі.
4.Сайыс.
5. Қорытынды.
6. Тәрбиелік мәні: Эссе

Оқушылар ізденісі
Дина: Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан,әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын,күміс,асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз,қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ,сауыт-сайман,ер-тұрман зерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек,металл,бояу,былғары сияқты метариалдар кең түрде пайдаланылған.Заттарға зергерлік бейне жасау,сондай-ақ бедерлеу,қалыпқа салып қысу,бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру,қақтау,күмістеу, термелеу,өру.бұрау,тоқымалау,әбзелдеу,т.б әдістер жетерлік.
Балқадиша:Оңтүстік,Орталық Қазақстан,Сыр бойы,Жетісу аймақтарындағы оболар мен қорықтардан табылған көне заман бұйымдары – Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі тайқазан,Семей музейіндегі Бөгембай батырдың айбалтасы,Алматы облысы,Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі т.б. зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ.
Гүлжанат: Шебер түрлі материалдарды өндеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз қол күшімен көп еңбек етіп,сәнді бұйымдар жасаған. Қолөнерімен айналысқан ұсталар,көшпелі елмен бірге жүріп,шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған.Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын,сандары аз болғанымен,олардың жасаған сәнді бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып,өшпестей із қалдырып,бүгінгі күнге жеткен.
Айдана: Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын ( сырға,білезік,жүзік,сақина,шолпы,алқа,қаптырма,шаша бау,т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе,қорамсақ,садақ,шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже,жүк аяқ,ағаш төсек,асадал, адалюақан,зерлі аяқ т.б.), музыка аспаптары (асатаяқ,қобыз,домбыра,сыбызғы,дауылпаз,сазсырнай, т.б.) әсем жасай білген.
Ботагөз: Қазақтың зергерлік заттарына жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері ( қошқар мүйіз, түйе табан,таңдай), көкөріс өрнектер ( жапырақша,гүл,сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ,сағақтау,айқас т.б.) геометриялық өрнектер кездеседі.
Ержігіт: Зергерлік өнердің туындылары жауға – айбар, жақынға – мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан,батырлардың ерлігіне,ақындардың тапқырлығына,жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған. Ұзатылатын қыздың сән-салтанаты,жасау ретінде берілген.
Арайлым: Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған.олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.
Ырысхан: Қазақ әйелдердің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Оол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып-жабылатын түрі болған.
Ақмарал: Әйелдерге арналған сақиналар да соғылады.Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шекіліп,бізбен ғана безеледі. Беті көлемді құдағи жүзіктер де шекіліп, бізбен ғана безеледі.шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген.Аса қадірлі жүзікке Мұхаммедтің атын жазған.
Мақпал: Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға.Сырғаны ай, айшықты,тұмар,қозалы,салпыншақты,тас, алтын, күмісті,қоңыраулы,күмбезді т.б. түрлері болған.
Балқадиша: Қазақ әйелдердің ең әсем бұйымдардың бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш,дөңгелек әшекейлермен құрастырылады. Алқа мойынға тағылып, омырауда көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен,өнді әйнектермен безендіріледі.
Гүлжанат: Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бойтұмар.Оны ертеде әйелдер ғана емес,еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс,әдемі былғарыдан тігіліп,ою-өрнектеліп,күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан,тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға жазып тығып қояды.
Қанағат: Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі – ер-тұрман. Әсіресе,әйелдеріне отрақ ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны күмістеп,ою-өрнекпен әшекейлеп ,сырлап жасаған. Ердің алтындаған, күмістеген,айшықтаған,жезбен өрнектеген түрлері болған. Ол көбінесе қалындыққа баратын жігітке,немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады. Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен. Ұлдар атқа мінер кезде,арнайы ер-тұрман істеп,нағашы жұрты сыйға тартатын болған.Оны ашамай ер деп атайды.
Дина: Қорытып айтқанда,қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған,өздері сері,жандары сұлу болғанын паш етіп,ерекше дәлелдей түседі.

Шеберлік шежіресі
Ақмарал: Әркімге керек қол өнер
Он саусаққа он өнер.
Түгел болар,дүниең,
Біліп алсаң оны егер.

Айдана: Бас көрікті балалар
От шоқтанып шалқысын.
Темір-терсек қолалар,
Қорғасындай балқысын.
Ұстаға еріп соқ балға,
Қала тұрсын сәл ойын.
Үдете түс тоқтама,
Ұшқындасын маңайың.

Гүлжанат: Темірді илеп қамырдай,
Жіптей созып иейін.
Өз ісімен жаңылмай,
Тастан түйін түйейін.
Жамбы, жақұт, мәрмәрді
Сәндеп, қырлап баптайын.
Сүйсіндірсін алғанды,
Алтынменен аптайын.
Салтанат құрсын сән енді,
Жаңғыртайық көнені.
Таңдандырсын әлемді
Қазақтың бұл өнері.

Балқадиша: Кесте тіге алмайтын
Болмаушы еді қыз бұрын.
Жасауын өзі қамдайтын,
Кестелеп алуан түз гүлін.
Төсек жапқыш,жүк жапқыш,
Кестелі қандай сәнді еді.
Отырып үйде тігіп іс,
Әлі есте айтқан әндері.
Ағасына өз қолымен
Орамал тігіп беретін.
Ең қымбат заттан оны кем
Кім бар екен көретін.

Мақпал: Түбіт түтіп шүйкелеп,
Саусаққа әже іледі.
Сұрамайды бір көмек
Бәрін өзі біледі.

Ботагөз: Алуан жіпті тізбелеп,
Далаға керме кереді.
Берейік көмек біз де,-деп
Көршілер де келеді.
Адарғысын тіктейді,
Арқау жібін өткізіп.
Қылышын қағып бүктейді,
Түбіне тақап жеткізіп.
Өстіп дайын болады,
Алуан басқұр,алаша.
Көргеннің көңілі толады,
Тамашалап қараса.

Дина: Біреуі жүнжаймалап,
Біреуі су себеді.
Енді бірі шиге орап,
Жабылып бәрі тебеді.
Жүн тұтасса бірігіп,
Қайта жазып алады.
Ширықсыз деп кірігіп,
Білекке енді салады.
Ыстық су құйып үстіне
Қатайсын деп қарпиды.
Шықты киіз пісті де,
Сыннан өтіп сан қилы.

Қанағат: Байлап ожау,шөмішке,
Білте жүнді бұрайды.
Біреу үйде ең іште
Жіптің басын құрайды.
Керегеден өткізіп,
Тартады бұрап,іспелеп,
Ширату үшін жеткізіп,
Уақыт,әдіс,күш керек.

Нұрбақыт : Жіп ұшына тас байлап,
Аспа ағашқа іледі.
Шиді қойып ыңғайлап,
Тоқуды кім біледі?
Өзекте өскен шиінді,
Білсең таңдап қиюды.
Ұстап керегесіне
Жылылайтын үйінды.
Өзің-ақ жасап аласың
Өрнекті әсем бұйымды.
Ас тұтатын іргені
Өреше ши бөледі.
Жасайды шиден үйдегі
Құрт жаятын өрені.

Арайлым: Әжелер киім тіккенде
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Дорбаға салып жиыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиыққа дорба толыпты.
Қиықты сәндеп тіккеде,
Құрақ көрпе болыпты.

Ырысхан: Таң қалып әркім қарасқан,
Тоқылған зат бар ағаштан.
Туындысы ол да өнердің,
Тұтынсаң үйге жарасқан.
Тоқылған зат бар темірден,
Тоқылған зат бар теріден.
Кездеме де,кілем де
Тоқудың шыққан тегінен.

Ержігіт: Бұрқырап иісін
Тақтай тілем ағаштан.
Безендірем үй ішін
Жабдықтармен жарасқан.
Әрбір ою-өрнектің
Біліп тұрар өз орын.
Туындысын бермекпін
Нағыз көркем өнердің.
Болсын құтты,көрікті
Жиһазы әр пәтердің.
Оздырам шәкірт,серікті
Шеберінен шетелдің.

Сайыс: Шебер қолдар ( сынып екі топқа бөлінеді)

I – топ – «Шашбаулым»
II – топ - «Сырғалым»
1 тур – Таныстыру
2 тур - Өнер – білім байлығы
а) тақпақтар
б) шебер қолдар (ою ойып көрсету)
3 тур – еңбек,өнер туралы мақыл-мәтелдер
4 тур - ән-шашу (ән байқауы)
5 тур – «Сегіз қырлы,бір сырлы» (ұлдар арасында сайыс)

Би шашу
Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.