Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қонақ келгенде...» -

«Қонақ келгенде...»

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2075 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағатының тақырыбы:«Қонақ келгенде...»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының атадан балаға жалғасын тауып ерекше құрметке бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі- қонақжайылығы, қонақты кұте сыйлай, құрметтей білуі туралы ұғындыру. Өз Отанын сүюге, мақтан етуге, туған халқының тілі мен мәдениетін, салт- дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Суреттер,нақыл сөздер, бейне таспа.
Жүргізу барысы:
Мұғалім сөзі: қасиетті рамазан айында өткен түні өана қадір түнін қарсы алып жақсы тілек тілегінің, тілегі қабыл болатын күнге, бейсенбінің сәтті күнінде « Қыз өссе елдің көркі » бағдарлама бойынша «Қонақ келгенде...» атты тәрбие сағатымызға келген қонақтарымызға қошеметпен қол соғып тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ең алдымен Отанымыздың өз алдына тәуелсіз мемлекет екенін білдіретін гимнімізді орнымыздан тұрып орындайық.
Қонақ келсе үйіне,
Жалғыз қойын соятын
Барын алға қоятын,
Біздің халық – ер халық, дегендей үйіне келген қонақта құрметпен қарсы алып, мал сойып қонағасы беру – жомарттықтың, елдіктің, азаматтықтың улкен белгісі.
Бірінші жүргізуші: қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрімен,өнегені әдет-ғұрппен, жөн-жосықпен әдепті ырым тиыммен тәрбиелеп ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Жөн-жоқсықтты біліп үйрену, қолдану, отбасында ата-ана,мектепте ұстаз, көпшілік ортада үлкендер жастарға үйретіп айтып отырса, ұтарымыз көп-ақ.
Екінші жүргізуші: Ас, адам, жалпы қонағасы туралы айтатын болсақ, ата-бабалардан қалған мынадай аңыз бар: Атамыз қазақ озінің Ақарыс (ұлы жүз атасы), Жанарыс (орта жүз атасы), Бекарыс (кіші жүз атасы) атты үш ұлына енші беруге шақырыпты. Сол ұлы атамыз өзінің байлығын төрт бөлікке бөлген екен дейді. Үш бөлігін үш баласына еншіге беріпті төртінші бөлігін тағы да үшке бөлген де балаларының еншісінің үстіне қосыпты. Содан соң ұлдарына мынадай өсиет қалдырыпты: Балаларым, ата салты бойынша енші беріп отырмын. Естеріңізде болсын бұрынғы өткен ата-бабаларымыз білектің күшімен найзаның ұшымен сақтаған жер қалдырды, соны да үшеуіңе тең бөліп беремін. Ондағы ойым мынада енші алып бөлек шыққанмен туыстық қатынастарыңды жоймаңдар. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп. Бұдан былайғы замандарда да сендердің ұрпақтарын жолға шыққанда азық-түлік алып жүрмесін, әр бір қазақ баласы кез-келген үйден ақысыз пұлсыз қонағасы ішетін болсын. Осы өсиетімді бұлжытпай орындалсын, сақталсын деп батасын берген. Қазақ атамыздың ұрпақтары әр адамға кең дастархан жайып танысын танымасын қонақжайлық танытатын әдет-ғұрып қалыптасқан.
Мұғалім сөзі: Ұлы ұлағат осы күнге дейін сақталып келеді. Қазақ үйлері дәмді тағамдарын өздері жемей қонаққа сақтап отырған.
Қазір оқушылар біздер де осы әдет-өұрыпты жалғастырушы ұрпақ ретінде қонақ келгенде қалай күтіп сыйлайтындығымызды көрсетейік.

Қонақты қарсы алу
Оқушылар қонақты есік алдынан сырт киімін шешіп амандасып қарсы алады. Үй иесі төрге шақырып отырғызады. Амандық саулық жөн-жосық сұрасады.(Қонақты қарсы алу бейне көріністері.)
Қонаққа дастархан жаю
Қыздарымыз келген қонаққа ақ дастархан жаяды. Ас атасы нан дегендей түрлі нан түрлері қойылады.
Май, қаймақ, қант, жент, құрт тағамдары қойылады.
Әжелеріміз қымыз,и шұбат сапырады.
Шөл басылған соң шай ішіледі. Шайдың өзі ерекше дайындалады. Шай құя білу де өнерге жатады. Қыздарымыздың шынашағы майысып ізетпен қонақтарға шай ұсынады.

Қонақасы беру
Біз мектепте уақытымызды үнемдеу үшін етті пісірмедік, бірақ оқушылар сіздерге ет табақ, қой етінің мүшелері бойынша еттен табақ тарту туралы айтып береді.

Етпен табақ тарту реті
Бас табақ.
Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал-жая сияқты кәделі мүшелерсалынады.
Басты қонақтың ең жақсы үлкені немесе оның ұсыныуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды.
Сый табақ.
Сый табақ негізінен құдалық рәсім кезінде тартылады.
Бас,жамбас басқа да кәделімүшелер қонақтың жасына, қатынасына қарай салынады.
Орта табақ.
Орта табаққа асықты жілік, ортан жілік, кейде жамбас та түседі.
Аяқ табақ.
Аяқ табаққа кәрі жілік, жауырын, күм жілік сияқты еттің басқа да мүшелері салынады.
Қонақ кәде
Қонақтың көңілін көтеру үшін ауылдың «алты аузызы» айтылады.
Екінші жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Бірінші жүргізуші: Шыңғыстың орындауында күй
Екінші жүргізуші: Садықова Гаухардың орындауында «Туған ел» әні.
Бірінші жүргізуші: Мың бұралып майысқан қыздарымыздың орындауында «Қазақ биі»
Мақал-мәтелдер сайысы
Ас адамның арқауы. Ас тұрған үйде ауру тұрмайды
Ас иесімен тәтті. Айға жетпес асынды ауылдасыңнан аяма.
Ас тасыса қатығы төлігер Аш кісінің ашуы жаман.
Ашу тасыса ақылы төгілер
Аз ас- көп ниет
Мұғалім сөзі: Қонақтарымыздан дастарханға бата сұрайық.
«Ас қайыру» батасы.
Бірінші жүргізуші:
Ас қайыру кезінде астан соң қариялардан бата сұраған. Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер деп халық батаны «көнелі сөз» деп жоғары бағалаған.
Екінші жүргізуші: Ата сөзі – бата сөз деп дастархан батасын сұраймыз.


Бата
«Еліңнің елеулісі, халқының қалаулысы бол», «шырағын сөңбесін», «отбасыннан бақыт кетпесін», «арманыңның асуына жет», « берекелі тірлік,мерекелі бірлік берсін».
Мұғалім сөзі: Осындай ұлттық салт-дәстүр,әдет –ғұрып ырымдар қалыптасқан міне осының бәрінің басын құрайтын әдептер жиынтығы- ұлтымыздың жөн-жосығы туындаған. Біздің ұлттық кескін-келбетіміз де, абырой-беделіміз де осы жол арқылы көрінеді деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.