.
.
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстандағы сақтар Орталық Қазақстандағы сақтар.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2617 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың мекені, қоғамы, тарихы, шаруашылығы, мәдениетінің
қалыптасуын тірек сызбалар арқылы баяндай отырып тарихты меңгертуге
ықпал ету және қызығушылығын қалыптастыру.
Дамытушылық:Көрнекі құралдарды пайдалана отырып сабақты меңгерту барысында оқушылард ың өзіндік жұмысқа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге, сөйлеу мәдениетін игеруге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік:Оқушылардың өзіндік , топтық жұмыстарын ұйымдастыра отырып, ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас жасай білу қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы
Атауы Мекені
Парадарайя
( теңіздің арғы жағындағы сақтар) Қаратеңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы.
Тиграхауда
( шошақ бөрікті сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.
Хаумаварга
(хаома сусынын дайындайтын сақтар) Мургаб аңғары (Түркіменстан)
Сыртқы саяси жағдайы.
- Б.з.д 529 ж. парсы Кирдіңжорығы.
- Б.з.д 519-518 ж. парсы патшасы 1 Дарийдіңжорығы
- Б.з.д IV ғ (330-327 жж) Александр Македонский (ЕскендірЗұлхарнайын) жорығы
- Б.з.д 490 ж. Марафон шайқасындаПарсыларменодақтасып, гректер мен соғысы.
Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар» №4-кесте.
№ Табылған жері Қай ғасырға жатады? Қанша алтын әшекейлермен безендірілген?
№1. Алтын адам Жетісу. Есік қорғаны. Б.з.б 5-4 ғасырлар 4 мыңға жуық алтын әшекей
№2.Алтын адам Атырау облысы. Аралтөбе қорымы Б.з.б 2 ғасырлар Алтын киімі. Болат қылыш.
№3.Алтын адам Шығыс Қазақстан. Шілікті ескерткіші. Б.з.б 8 ғасырлар 4325 алтын әшекей
№4. Алтын адам
Орталық Қазақстан. Қарқаралы өңірі
Б.з.б 6-5 ғасырлар 20 құйма алтын, 6 алтын орама.
30 шақты түрлі формада құйылған алтын әшекей
«Жұлдызды сәт» ойыны.
Сынып екі командаға бөлінеді.
І-кезең. Кім жылдам? ( 10 сұрақтан тұрады.)
ІІ-кезең. Тапқыр ұжым. (Оқушылардың контур картамен жұмысы.
ІІІ-кезең. Ұғымдар сәйкестігін тап.
IV –кезең. Жұмбақ суреттер.
V-кезең. Сөзжұмбақ.
VI. Мәре.
І-кезең. Кім жылдам? ( 10 сұрақтан тұрады.) 1-топқа.
1. Сақ жеріне басып кірген парсы патшасы Дарийге жіберген сақтардың жұмбақ сыйлығында қандай заттар бар? Тышқан, құс, құрбақа, жебе
2. Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы.(А.Македонский)
3. Сақтар туралы “дұшпанға-қатал, досқа-адал” деп баяндаған. (грек жазбалары)
4. Парсы жазбаларында Жетісу, Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар. (тиграхауда)
5. Сақ-парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтар атауы. (хауомоварга)
6. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешті. (Көсем)
7. Сақ қоғамындағы адамдар тобы. (Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер)
8. Сақ қоғамында ақ киім кигендер. (Абыздар)
9. Алматы маңынан табылған, конус тәріздес тұғыр шетіне 15 бұқа бейнеленген табақ атауы.
(Жетісу михрабы)
10. Македон әскеріне қарсы 3 жыл партизандық соғыс жүргізген қолбасшы. (Спитамен)
2-топқа.
1. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі. (Тостаған мен бас киім)
2. Сақ қоғамындағы “сегізаяқтылар” деп аталғандар. (малшылар мен егіншілер)
3. Сақтарды “Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық” деп есептегендер. (гректер)
4. Жазба деректерден белгілі б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы. (томирис)
5. Сақтар өмірінде аз өсірілген мал түрі. (ірі қара)
6. Сақтар туралы “Құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандыққа шалады” деп жазған. (Страбон)
7. Сақ малшысы “Шырақ” туралы суреттейтін грек тарихшысы. (Полиан)
8. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны. (Шірік Рабат)
9. Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы. (Оңтүстік Қазақстан)
10. Ең бірінші қолданылған металл. (мыс)
ІІ-кезең. Тапқыр ұжым. (Оқушылардың контур картамен жұмысы)
1-топ. «Алтын киімді адам» табылған жерлерді белгіле.
2-топ. Картаға сақ тайпаларын орналастыр.
ІІІ-кезең. Ұғымдар сәйкестігін тап. 1-топ.
1-топ. Төмендегі суретте қандай жағдай бейнеленген? (Шырақ батырдың ерлігі)
2-топ. Бұл сурет туралы не білесің? (Сармат көсемі. Арал төбе қорғаны. 2-алтын адам)
V-кезең. Сөзжұмбақ. 2-топқа бірдей.
Кілт сөздің көмегімен тік торкөздердегі жасырулы тұрған сөзді тап:
VI. Мәре. 1-топ.
Геродот былай деп жазды: “Олардың жеріне басып кірген жаудың еш-қайсысы қашып құтыла
алмайды. Егер олар ашык соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды,
себебі оларда ————- да, —————– те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала
журеді өрі олардың барлығы да ат үстінде садакты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын”.
Сақтар туралы білгеніңді ескере отырып, олардағы жоқ нәрсені тап.Қала, бекініс.
2-топ. Ежелгі грек Фукидидтің айтуынша сақтарға жетіспейтін нәрсе: Ынтымақ пен тәртіп.
Кестені толтырыңдар.
Сақ тайпаларының басқыншылармен тәуелсіздік жолындағы күресі.
Кімдер шапқыншылық жасады? Қашан? Сақтардың
қолбасшысы Нәтижесі
Кир бастаған парсы әскері басып кірді
Дарий бастаған парсылар
Александр Македонский
Бастаған грек әскерлері
№6 Кестені толтырыңдар. «Сақ» сөзінің мағынасы.
Парсы жазбаларында
Иран жазбаларында
Грек авторлары
Қорытынды бақылау.
Бағалау Мәнжазба қорғау.
1.Ертеде сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін алауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды. Осы қазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан сақтар өкпе-наздарын ұмытып, қазан асып, от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен. Қазіргі кезде қазақ халқында осы жағдайлар жасалатын мейрам бар. Ол қандай мейрам. Ол туралы не білесің?
2. Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир Сақ даласына басып кірді. Егер сен Кирдің ақылшысы болсаң, оған қандай ақыл айтар едің?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.