.
.
Қош келдің , Наурыз! Қош келдің , Наурыз!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2128 | Размер: | Автор: ТәрбиеА.С.Садыкова № 52 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Ақтөбе қаласы
Мақсаты:
1) Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін, тойларын, әдет-ғұрыптарын таныстыру;
2) Тәрбие сағаты арқылы балаларды ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді біліп
үйренуге тәрбиелеу;
3) Сөздік қорын молайту.
Иршод:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Әмина:
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасын өріскен.
Ильяс:
Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Көрініс
Ассалаумағалейкум.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Иршод:
Уағалайкумассалам!
Ұлыс оң болсын!
Пәле-жала жерге енсін!
Асан:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Рақымжан:
Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Бөлекбай:
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
Қызғалдақ:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Чингиз:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз.
Мәдина:
«Шілдехана» Шілдехана өмірге адам келгенін, оған қуанудың бір белгісі.
Сен келді деп өмірге,
Шырақ жағып көңілге.
Қуануы қауымның,
Тегін емес тегінде.
Райхан:
«Сүйінші» Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «сүйінші».Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабар болғанда, туған-туыс, дос-жаран бір бірінен сүйінші тілеп, мәз-мейрам болып жатады.
Сүйінші әже сүйінші!
Бөпем келді дүниеге.
Сүйінші ата сүйінші!
Батыр келді өмірге.
Дильназ:
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып !
Меруерт:
Наурызда жаңа жыл басталады,
Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.
Ырыскүл:
Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Альберт:
Алқа қотан, той-думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Айшолпан:
Ұлыс күні қар еріп
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп.
Дүние біткен күлімдер.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Нұрсұлтан:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді)
Сағыныш:
Наурыз көже
Ашық болсын қас-қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар
Хор: Домбырасыз ән қайда?
Ән: Болайықшы осындай
Ән: Қазақы дастарханы
Ән:
Жанна: (әуен ойналады, Жанна тақпақ айтады содан соң би «Көбелектер биі» )
Жер бусанып,
Көк шығып,
Арықтардан су ақты.
Бүрлеп,
Өсіп көк шыбық,
Жұтып жатыр шуақты.
Көбелектер көлбеңдеп,
Ұшып-қонып жүреді.
Табысқандай Жер мен Көк,
Елжіреп тұр жүрегі.
Көктем гүлі – даланың
Десек сәні,
Ажары,
Бүлдіршіндер –
Ананың
Қуанышы – базары.
Айтыс
Бекарыс:
Меніменен айтысар
Қыз-құрбылар қайсың бар:
Қолдан келсе әзілдеп
Маған сынды айтыңдар.
Мөлдір:
Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші ең
Жаттап оны алдың ба?
Бекарыс:
Құрбым, кімге күлесің
Өзің нені білесің?
Онға дейін қиналып
Санай да алмай жүресің.
Мөлдір:
Бәтеңкеңнің бауын да
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендің бе, жейдеңді
Теріс қарай киюші ең?
Бекарыс:
Олпы-солпы кигенің,
Ойыңда не түйгенің,
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегің.
Екеуі:
Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған,
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалған ба ақыннан.
Ойын «Ханталапай»
Ойын «Асық»
Би «Концерт ІІ»
Ертегі «Алдар Көсе мен бай баласы»
Бір күні Алдар далада жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді. Алдар әнін айтып келеді:
Алда десең, алдаймын,
Сайтанды да арбаймын.
Сараңдарға қаттымын
Кедейлерге балдаймын.
а-а-а, е-е-е...
Мен Алдармын, Алдармын,
Шегі жоқ даңқымның.
Өмірімді арнармын
Бақыты үшін халқымның.
Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:
- Атың кім? – дейді жаңағы кісі Алдарға.
- Атым – Алдар.
- Әй, сен әлгі алдамшы Алдармысың?
- Иә.
- Кәне, мені алдашы.
- Ойбай! – деп санын бір-ақ соғады сонда Алдар.- Алдауыш ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.
Бай баласы түсіп, атын береді. Алдар былай шыға беріп:
- Алдаған деген осы болады, қош бол!-деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-ақ соғады.
Би «Қара жорға»
Ата-аналар құттықтап сөз сөйледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.