Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы. -

Отбасы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1467 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Отбасы.
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Міндеттері: -отбасы туралы тусінік беру;
-отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: Суреттер.
Шаттық шеңбері: -Қайырлы таң, балалар!мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі сабағымызда отбасымыз туралы әңгімелесетін боламыз.Адам дүниеге келеді,айналасына қарап өседі,айтыңдаршы, сәби дүниеге келгенде ең алғаш кімді бірінші көреді?
-Анасын.
Көрнекілікпен жұмыс,слайд арқылы отбасы туралы түсінік беру.
Әңгімелесу:Балалар мен сендерге А.Асылбектің «Жанұя» өлеңін оқып берейін;
Жанұя
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя бар әрбір кісіде.
Балалар «Жанұя» дегенді қалай түсінесіңдер?

Таулық Сыйластық


Сүйіспеншілік Шаттық
Ойын: «Көршіңе қуаныш сыйла» атты ойын ойнатылып,көңілдері көтеріледі.Ойын ырғақты әуенмен өтеді.Ойында балалар көрші достары туралы өз ойларын айтады.
Дәйексөз: «Адамға ең қымбат-отбасы»деген халық даналығын бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Отбасы –бұл сенің ең жақын адамдарың:атаң,әжең,әкең,анаң,бауырың,інің,әпкең.
Дәптермен жұмыс: -Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.(әке,ана,ата,апа,іні).
Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыспен көрсету.
Атамның алып күрегін, Су әкеліп беремін.
Ауланың қарын күредім. Еденді де жуамын,
Әжеме мен құдықтан, Шаң-тозаңды қуамын.
Қорытындылау:
-Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге,отбасындағы адамдарды сыйлауға,көмектесуге үйрендік.Отбасы бізді жақсылыққа,әдептілікке үйрететінін білдік.
Жүректен жүрекке:
Балалар мына ойыншық жүрекшені қолымызға ұстап Н.Айтовтың өлеңін бірге айтайық:
Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.