.
.
«Манашы орта мектебі»ММ Отбасы. Мен және біз.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2536 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Отбасы. Мен және біз.
Дайындаған: Жубатова Б
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.Мен және біз.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға отбасы,адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру.Жүйелі сөйлеуге үйрету.Пәнге қызығушылығын арттыру.Шығармашылық әрекетін дамыту.
3.Сыйластыққа,мейрімділікке,татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілік: слайд,суреттер
Пәнаралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі
С/барысы: 1. Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Психологиялық дайындық.
Слайд:
Қуан,Шаттан! Алақай!
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгінде күн!
Слайд: 2.Үй жұмысын тексеру.
Құстардың жазғы тіршілігі.
Ақерке 1. Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады.
Сәнімай: 2. Үй құстары мен жабайы құстар тіршілігін салыстыр.
Бекзат 3. Құс фермалары қандай мақсатта құрылған.
Жаңылсын 4. Қандай үй құстарын білесің?
3.Байланыстыру.
Құстардың бір-біріне қамқорлығы
Адам сияқты өз балапандарына тамақ су беріп,балапандарын қорғайды.Адамдар құстарға қамқорлық жасайды.Адамдар бір-біріне қамқорлық жасайды.
Слайд 4: Жаңа сабақ.Жұмбақ шешу.
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың
Айтады,кәне кім атын?
Слайд: Ата.Ана.Апа.Аға.Іні
Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
Отбасы.Жанұя.Семья
Олай болса,бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Отбасы» «Мен және біз»
Отбасы туралы не білеміз?
Слайд:
Ата-әже
Әке шеше іні
Аға апа қарындас
5.Оқулықпен жұмыс.
1.Мұғалімнің оқу.
Слайд: Отбасы туралы сурет.
А) Іштей оқу
Ә) Шынжырлап оқу
6.Сұрақ-жауап.Тапсырмалар
Слайд: 1. Отбасында кімдер барын айт
2.Отбасыңа сенің қандай көмегің тиетінін айтып бер .
3.Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.
4. «Ризашылық» деген сөздің мәнін түсіндір
5. «Туыс» деп кімдерді айтады?
6. «Мен және біз» дегенді қалай түсінесің?
7. Анаңның қандай туыстары бар?
7.Сергіту сәті.
Қәне қана жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып- ұшып алайық
Орнымызға қонайық
8.Дәптермен жұмыс.
Қаңтардың 18-і
«Отбасы» «Мен және біз»
Жеті атасын жазады.
Слайд: Ата,бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.
9.Ана тілінен Отбасы туралы жаттаған тақпақтарыңызды айту.Отбасы туралы мақал-мәтел айту.
10.Шығармашылық ой.
І-қатар «Менің атам»
ІІ-қатар «Нағашы атам»
11.Бекіту.
Не үйрендік?
Не білдік?
Сұрақ-жауап
12.Қорытынды. Бағалау
Үйге тапсырма: Отбасы.Мен және біз
«Манашы орта мектебі»ММ
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш
Дайындаған: Жұбатова Бағдагүл
1 сынып
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылармен отан рәміздеріне шолу жасау.
2.Ұлттық сана,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,ұлттық сана,ұлттық рух қалыптастыру.
3. Отанды,елін сүю,рәміздерін құрметтеуге баулу.
Сабақтың барысы:
(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.Ол 9 бөлім ,98 баптан тұрады.Оның 9-бабында Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңба, Әнұранының сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.
34-бапта – әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Рәміздерім!
Сен неткен маңызды едің.
Сенсің асыл қазынам нағыз керім,
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан ән үзбедім.
Мемлекеттік тудың түсі аспанның түсіне үқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын халықтардың барлық өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей самғай берсін дегенді білдіреді.
Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар. Шаңырақ қазақ елі үшін тіршіліктің шексіз өмірдің нышаны. Қанатты тұлпар мәңгіліктің белгісі. Сонымен қатар бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты қазақстан халқының өсіп өркендеуінің өміршеңдігін білдіреді. Ал бес жұлдыз –мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болсын деген мағынада қолднаылады және «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» дегенді білдіреді.
Мемлекеттік Әнұран еліміздің музикалық поэтикалық эмблемасы,әдеби сазды құжаты.Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музикалық сәлемхат іспеттес.
Шәмші Қалдаяқовтың аты аталғанда аузымызға бірден халқымыздың Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі.Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп,сыр болып өріліп,әндерінің қай –қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып,оның бөлшегінде айналып кеткен.Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған сазгер есімі ұмытылмайды.Халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.
1960 жылдардан бері қазақ поэзиясына айрықша қолтаңбасын қалдырып келе жатқан Жұмахан Нәжімеденов 1959 жылы консерваторияда оқып жүріп «Менің Қазақстаным» өлеңін жазады.Ал Шәмші Қалдаяқов сол өлеңнің әнін дүниеге әкеледі.Сөйтіп арада бірнеше жылдар өтіп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осы әнге өзгертулер енгізеді.Сөйтіп оны мемлекеттік Әнұран ретінде қабылдайды.
Қазақстан туған өлкем
Жер көп пе сондай көркем!
Көрінсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпіп өтем
деп жақында Лондонда әлемдік олимпияда болып өтті.Бұл әлемдік олимпиядаға Қазақстан Республикасының және де басқа мемлекеттердің спортшылары қатысты.Бұл олимпиядада қазақ спортшыларының арқасында қазақтың туы көктен желбіреп,Әнұраны жаңғыра шырқалды.
Қазақстан осы олимпиядада 7 алтын,1 күміс,5 қола медальмен күтпеген жерден 12-орынға көтерілді.Бұл қазақ елінің туы еркін желбіреп,әнұранымыздың шарықтай айтылып,көкірегімізге қуаныш ұялаған сәттер болатын.
Александр Винокуров велоспорттан қазақ еліне алғашқы алтынды сыйласа,Илья Илин серіппе көтеруден 2-дүркін әлем чемпионы болып және де 1999-2000 жылдардағы рекордты жаңартты.Осындайда кеудені неге мақтаныш кернемесін.
Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды,танып қана қоймай еліміздің жеткен жетістіктеріне қызғанышпен қызғана қарайды.Біз осындай тәуелсіз,бірлік,бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбамен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып,бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, «Менің елім-Қазақстан» әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтылатын сөзі.Өзіміздің жерімізді,рәміздерімізді,Отанымызды құрметтеуге және патриоттыққа деген сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Әрбір ұрпақ қазақ елін,Отаным деп жүрегінің терең түпкірінде сақтап,қашанда жадында ұстауы керек.Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз,болашағымыз деп білейік!.
«Манашы орта мектебі»ММ
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Айтшы, әжетай»
Сыныбы: 2 «А»
Дайындаған: Жұбатова Бағдагүл
2013-2014 оқу жылы
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов «Айтшы әжетай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты ,мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықмен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған жерін қастерлеуге,адамгершілікке,білімділікке тәрбиелеу.Еңбекке баулу.Үлкендердің еңбегін бағалауға,құрметтеуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдіс –тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интериактивті тақта,слайд.
Пән аралық байланысы: Дүниетану,музыка,еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
(Слайд) «5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз
Үй тапсырмасымен жұмыс: «Мысық пен тышқандар»
1. Ертегіні мәнерлеп оқыту
2. Мазмұнын айтқызу
3. Тәрбиелік мәнін ұғындыру
Өткен сабақты бекіту:
(Слайд) Өткен сабақ бойынша қысқаша түсінік беріп, жаңа сабақпен байланыстыру.
(Слайд) Сөзжұмбақ шешу:
ә ж е
а т а
к а р ы н д а с
а ғ а
н е м е р е
1. Әкеңнің шешесі кім?
2. Әкеңнің әкесі кім?
3. Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала?
4. Бірге туған, өзіңнен жасы үлкен ер бала?
5. Ұлдың баласы?
Жаңа сабақ: «Айтшы әжетай»
Сабақтың мақсатымен таныстыру
(Слайд) Мақсаты: Еңбекке баулу. Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйрету.
Белгілі балалар ақыны Жақан Смақов туралы мәлімет
(Слайд) Автор суреті,Ж.Смақов 1932ж Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Ынталы ауылында дүниеге келген.Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар» өлеңдер жинағы басылды.Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең», «Қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталатын сурет кітапшаларын бастырды.
Нақыл сөздермен жұмыс:
(Слайд)
Ата –асқар тау.
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
Ой қозғау: Осы нақыл бойынша қандай сурет салуға болады?
(Слайд) Тау,бұлақ суреті
Оқулықпен жұмыс:
«Айтшы әжетай»
(Слайд) Әже мен бала
Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.
Мазмұнын түсіндіру
А) Іштей оқу
Ә) Тізбектей оқу
Дәптермен жұмыс:
Ақтабан-белгілі бір аттың жеке аты.
Қаракөл қойы-қойдың түрі
(Слайд) Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
(Слайд) Кестемен жұмыс:
Туыстық атауы Мамандығы
Атасы Тәрбиеші
Нағашысы Монтер
Жеңгесі Жылқышы
Ағасы Сауыншы
Жиен ағасы Құрылысшы
Апасы Егінші
Жездесі Қойшы
Туыстық атауларын үлгі бойынша топтастыр.
Ауызша: Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
Оқушыларға сөйлету
Топтық жұмыс:
1-топ Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жазу.
2-топ Ұлттық тағам түрлерін ата,жаз
3-топ Мамандық атауларын жаз
Сабақты бекіту:
Өз туыстарың мен жақындарыңның мамандықтары туралы әңгімеле.
Біз не үйрендік?
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: «Айтшы әжетай» мәнерлеп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.