.
.
Ата-аналар апталығы «Отбасы-тәрбие көзі».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 6037 | Размер: | Автор: ТәрбиеАшық сабақ «Отбасы-тәрбие көзі».
Мақсаты:Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер:мақалдар жазылған плакаттар, слайдтар.
Сабақтың тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікіралысу.
Барысы.
І « Тренинг Тез орында» (әрбір топ өздерінің туған айлары бойынша шеңбер құрады).
ІІ Ұйымдастыру бөлімі. 1 Слайд.
1 Мұғалімнің сөзі.Тәрбие сағатының мақсаты мен ерекшелігін айту.
ІІІ Қызығушылықты ояту. 2 Слайд.
Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?
Отбасы
Ата-ана, әке, бала ,ата-әже.
Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
2Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?
-Бала тәрбиелеу.
Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
ІV Мағынаны ажырату. 3 Слайд.
1Ой шақыру.
Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.
Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары.
Жаманы-қайғысы, азап- соры.
(В.Сухомлинский).
Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.
Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.
4Слайд.
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы Гүлсезімнің әкесіТайпақов Сабырғали Бақтығалиұлы әңгімелейді.
Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы.
5 Слайдта Профессор Ә.Табылдиевтің әке алдындағы міндеттері туралы ойлары жазылған.
Баланы тәрбиелеу баулу-әке мойнына жүктелген тарихи парыз.
Баланы бетімен жіберме..жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. Бас мүлгісе, сүрінеді» әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда үлгі болар,-деген Мұзафар Әлімбаев ағамыз.
Әкенің беделі туралы өз ойларын Маліков Темірланның әкесі Айшуақов Ерлан Малікұлы айтты.
6 слайд Аналар-киелі паналар.
Аналардың қыздарды тәрбиелеуі туралы Исекенова Мақпалдың анасы Әсем өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар аналар-әкелер туралы білетін мақал-мәтелдерін айтты.
7 Слайд Мақал- мәтелдер.
Әке-асқар тау.
әке көрген оқ жонар
Шеше көрген тон пішер.
Әке- балаға сыншы. Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды.
8 Слайд. Менің асыл әжелерім.
Утинязов Айболаттың әжесі оқушылардың сабақтарына қатысып,олардың сабаққа қатысуы, үлгерімі туралы жақсы әсерде екенін айтты.
Келесі бөлім Атасыз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз.
Аталар туралы қандай мақал- мәтелдер білесіздер?
-Аталы бала-ақылды,
Аналы бала-еркетай.
Ата-бәйтерек, бала- жапырақ.
9 Слайд .Ауылымыздың иманы Жантастың атасы Социал ата мен Жангүлдің атасы Жалғас ағайларға сөз кезегін беріп, олардан бата сұраймыз.
Мектеп, ата-ана,бала арасындағы байланыс яғни серіктестік туралы Айдананың анасы тәрбие ісінің орынбасары Гүлмира Ахмадиқызына сөз беріледі.
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.
Махмуд Қашғари.
Гүлмира Ахмадиқызы класс жетекшісі, оқушы, ата-анаға сұрақтар беріп, сауалнама жүргізді.
Үш топқа бөлініп отырған оқушылармен де жұмыстанды.
V Ой толғаныс стратегиясы.
Ситуациялық жағдаяттарды әр топ ата-аналары шешті.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауға, дәріптеуге байланысты қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерінің мәнін Мақпалгүлдің анасы Давлетова Валия әңгімеледі.
Қонақ кәде ретінде Қадыр Мырза-Әлінің өлеңіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру әнін» Бусурманова Ғазиза шырқады
10 Слайд Шығарма-эссе «Менің отбасым», «Менің анам» , «Менің әкем» оқушылардың шығармаларын тыңдау.
11 Слайд Ата-анаға естелік..
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Тәрбие сағатын өткізген А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
мұғалімі Мария Қалмағамбетова,Шыңғырлау ауданы Батыс-Қазақстан облысы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.