.
.
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі Отбасының берекесі
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2112 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
« Отбасы» деп айтуға болады.
- Ендеше , балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».
I. Жаңа сабақ.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін.
І - ші топ «----------- » тобы. Топ басшысы:
ІІ - ші топ «-----------» тобы. Топ басшысы:.
ІІІ - ші топ «------------» тобы. Топ басшысы:
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр , - деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
Кім жылдам? Ойын.
1 топқа
1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл.
2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.
3. Апам үйі – ………………ақ жайлау.
4. .Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
5. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.
6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
8. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз.
9. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.
10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.
11. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі.
12. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.
2 топқа
1. Аға әдепті болса, іні әдепті,…………………Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.
2. Ағадан – ақыл,………………..Ініден – ізет.
3. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең……….Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең.
4. Бала тәрбиесі…………………….. – бесіктен.
5. Әжемді тыңдағаным –……………….Өзімді танығаным.
6. Ана алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет.
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
8. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.
9. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.
10. Ата – бәйтерек, …………………бала – жапырақ.
11. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.
12. Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін.
3 топқа
1. Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада.
2. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.
3. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің.
4. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,……….Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
5. Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді…………………Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді.
6. Адам болатын ……………………бала алысқа қарайды.
7. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.
8. Бала – көңілдің гүлі,………………… көздің нұры.
9. Жақсы бала – еліне бас болады,………….Жаман бала – еліне қас болады.
10. Балам – балым,…………….. баламның баласы – жаным.
11. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер.
12. Сенің табаныңа кірген тікен ……………………..менің маңдайыма кірсін..
3. Шығармашылық жұмыс .
«Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында.
1.«Бақытты отбасы модулін» салу.
2. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер
3. Бақытты отбасын құруға не кедергі
2. Ойланайық, пікірлесейік
«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
• «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағаның тексерейік.
Қарттар үиімен балалар үйінің көбею себебі неде?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.