.
.
1.Сабақтың тақырыбы: Парызымды қайтсем, анам өтермін?
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3861 | Размер: | Автор: Тәрбие2.Сабақтың мақсаты: Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; ана еңбегін қадірлей білу: баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсіндіруге, қадірлеуге тәрбиелеу; Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. Сабақтың түрі: рухани әңгіме
4. Көрнекілігі:
Сабақтың тақырыбы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Кіріспе
Актуалдау:
1) Кілт сөздерді табу
-Қарыз дегеніміз не?
(«Кластер» құрастыру)
- Біз кімнің алдында қарызбыз?
(Ата-анаға)
- Ендеше біздің екінші кілт сөзіміз АНА
-Баланың Ата-ана алдындағы қарызын не дейді?
- Парыз. Келесі кілт сөзіміз АНА және Парыз
- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыздар?
ІІІ. Негізгі бөлім.
Парызымды қайтсем, анам, өтермін?
Ана -әрбір адамның ең жақын жанашыры, қомқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана- жүрек, жүректі құдіретте!
Ана- тірек, тіректі құрметте!
Ана- шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана- күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Осындай қасиеттердің бірі- дарындылық Шәмші ағамызға анасынан дарыған екен.
Шәмшінің әкесі он саусығынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікке әуестігі жоқ еді.
Шәмші «табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам, ренжімеймін» дейтін.
Шәмші композитор атағы шыққан кезде, анасы айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан шәмшіні шақыртып:
- балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпапты. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа кетсін! Бақытты бол, балам! –деп ақ батасын береді.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, мол дүниенің жәннатын ұсыныпты!
О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, асыл адам бар ма екен?!
- Ана, қарыздармын саған...қарыздармын, ана! Сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен маған әннің ең асылын, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескертіш қалдырамын. Ол ешқашанда ұмытылмайды, дейді. Бұл 1957 жылы болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән сол кездегі қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән – есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді. Бұл аналар туралы гимн еді.
-Ендеше, балалар, осы әнді бәріміз қосылып айтайық.
«Ана туралы жыр» сөзі Ғафу Қайырбековтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі.
Сұрақтар:1.Анасы қандай бата берді?
2. Ана тілегі орындалды ма?
ІV. Дамыту
1. Ислам дінінде «Анаға жақсылық істеу» туралы не дейді?
V. Бекіту
1)Слайд арқылы «Жалғаз көз» оқиғасын баяндау
2) «Дін және біз»
VІ. Қорытынды бөлім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.