.
.
Тақырыбы: «Рахмет саған, Әліппе! Рахмет саған, Әліппе!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2244 | Размер: | Автор: гостьИбрагим: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Айым: Армысыздар, ардақты әкелер, мейірімді аналар, ақ жаулықты әжелер, ұлағатты ұстаздар!
Ибрагим: Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Өсті міне ойымыз
Құтты болсын тойымыз!
1-бөлім «Осы біздер қандаймыз?»
Айым: Ибрагим, Осы біздер қандаймыз?
Ибрагим: оны біз сыныптастарымыздан сұрайық!
Ернұр: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Мадина: Мың бұралған бишіміз
Бердімұрат: Біз шеберміз,ақылдымыз
Аружан: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Нұрбақыт: Көп оқимыз, білімді тоқимыз
Думан : Толқынды су бұлақпыз
Жанып тұрған шырақпыз
Айзада: Елімізді өркендететін
Қазақ тілін көркемдететін
Нұралы: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін. (бас иеді)
Сымбат: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
Ибрагим:
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Әліппемен қоштасу тек біздің мектебімізде ғана емес, барша Қазақстан бойынша қоштасып жатыр екен.
Айым: Ия Ибрагим, осы жерде жүргізуші болып тұрғанымыздың өзі, Әліппенің арқасы деп білемін.
Ибрагим: Дұрыс айтасың біз Әліппеден -кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Айым:
Достар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Бар ғылымның бастауы,
Бар білімнің бастауы,
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Барлығы: ӘЛІППЕ!
Ибрагим:
Олай болса, достар, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе ортаға шығады: - Нұралы: (музыкамен шықса) балалар артта билеп тұрады
Әліппе сөзі:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Ибрагим: Құрметті Әліппе өзіңізге деген жыр шашуымызды қабыл алыңыз.
Назерке:Ең алғаш қолға алғанда әліппені 1Б:
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ерасыл: Әліппем менің Әліппем, 1Б:
А деген бастап әріптен,
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен!
Гүлзат: Үйретті бізді Әліппе 1Б:
42 әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке.
Айым: Хор: Әліппе
Айым: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ибрагим:Алғыс сізге алғашқы ұстаз,
Бізге үйреткен Әліппе.
Алдыңызда бас иеміз
Қошеметпен сіздерге!
Айым: Ән: «Ардақты ұстазым» орындайтын ................................
Ибрагим: Қарсы алыңыздар!
Ибрагим:Жиналған қауым таң қалсын,
Бимен шашу шашылсын
Айым: ортада Вальс - Ду қол шапалақ! (5қыз, 5 бала) 1Б:..............................
Ибрагим:
Кош бол құтты әліппе
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Айым:
Өзім оқып кітапты
Жалындадым ағама
Қуанды апам сабақтан
Алған бестік бағама, деп ортаға дорстарымызды шақырамыз.
Нұрхан:Енді біз жаза білеміз, 1Б:
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Гүлсая:Әдеп, тәртіп білеміз, 1Б:
Әдеппен сөйлеп, күлеміз.
Әрқашан жұрт алдында,
Әдеп сақтап жүреміз.
Бағдәулет:Отанымыз- анамыз, 1Б:
Отан сүйген баламыз.
Оқып, білім аламыз,
Оты болып жанамыз
.
Айым: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Ибрагим: Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе. Ертегіден көрініс.
Ибрагим: Сәлем, әнші халайық!
Қане көпке лайық.
Әуезді де көңілді,
Әсем әнге салайық.
Айым: Ән: «Рахмет саған Әліппе» Назеркенің орындауындағы осы бір керемет әнімен Әліппемен қош айтысып қалайық, достар!
Ибрагим: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Айым:Ғылымның қиын жалғасын,
Ана тілінен табамыз.
Ибрагим: Ортаға Ана тілін шақырамыз! (Ана тілі сөйлейді)
Ибрагим: Құрметті Ана тілі, бізге қонақ болып төрге жайғасыңыз.
Айым: Келесі өнеріміз Сіздің құметіңізге. Қабыл алыңыз. Би:
АТА-АНАЛАРҒА АРНАУ
Айым: Тілектерге тамсанып,
Бар әлемге жар салып
Би билейік ал қанекей ән салып.
Ибрагим: Әліппенің кешінде
Қалсын мәңгі есінде
Қарсы алайық Жаңа Жыл мен Аяз атаны қол соғып.
Айым: Ал достар, бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.
Аяз ата: ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Ибрагим: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен
қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік, балалар!
Айым:: Қане достар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
« Жаңа жыл» әні Орындайтын: Назерке
(ән жүріп жатқанда айтылады: Жаңа жылмен тұспа-тұс келген Әліппемен қоштасу ертеңгілігі құтты болсын, балаларымыз ақылды болсын. Ал келіп қалған жаңа жылымыз өзінің тек жақсылықтарын ала келсін.!)
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір ән сыйлаңдар.
(Ақшақардың құрметіне «..............................................» әні шырқалады.
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа.
Меніңде сендерге арнап әкелген сыйлығым бар.
Аяз ата: Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ибрагим: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.
Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
Айым: Ибрагим, мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін
уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
................. келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
...........................құрметін бөлісейік,
....................... міндетін атқарайық.
Ибрагим: Міне, Жаңа Жыл да келді.
Ал әжейлер, шашыңыздар шашуларыңызды.
Жаңа Жыл: .......................................
Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Ойға толып санамыз, 5-тік болсын бағамыз,
Баласындай бір үйдің, тату болсын арамыз.
Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,
Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.
Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық.
Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,
Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз.
Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.
Келген Жаңа Жылыңыз ақ тілекпен осындай.
Әумин!
Айым: Жаңа жылдың құрметіне «............................................» биі орындалады.
Ибрагим: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
....................... кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Айым: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Ибрагим: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді
айтайық.
Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!
Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің
ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы
базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт
туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Айым: Оқу білім ордасы,
Білім нәрін беретін.
Кең сарайдай мектебім,
Сол мектепті сүйемін
Ибрагим: Бүгінгі екі тойымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директоры Бақыт ағайға береміз
Айым: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Ол кеткен соң терең ойға батамыз.
Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,
Құс жолымен ән сап бара жатырмыз.
Ибрагим: Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.
Екеуі бірге: Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.