Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрметтейік кітапты! -

Құрметтейік кітапты!

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1996 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Құрметтейік кітапты!
(тәрбие сағаты)

М. Е. Смагулова
№5 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы
Мақсаты: кітаптың маңызын ұғындыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру ; оқушыларды кітапты ұқыпты,таза ұстай білуге,оны құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі», кітап туралы жазылған нақыл сөздер, Қожанасыр қоржыны.
Барысы:
І. Кіріспе. Кітап қалай жасалады?
Кітап: - Мен адамның досымын. Менің атым –кітап. Мені жасау үшін адам көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттерін салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар көліктер мен пойыздарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаларға таратады. Міне, мен енді сенің қолыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен – сенімді досыңмын!
1-бала:
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлік.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
2-бала:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын салып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
3-бала:
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Таппасаң нәрін шөлдерсің.
ІІ. Қожанасырдың қоржынындағы тапсырмалар.
( сырттан қолында қоржыны бар оқушы келеді)
4-бала:
-Қожанасыр ата меннен қоржынын беріп жіберді, ішінде тапсырмалары бар екен. Балалар орындасын деді.
Қоржында ұлы адамдардың пікірлері жазылған үлестірмелі материал болады. Мұғалім дауыстап оқиды, ал оқушылар қайталап, есте сақтап, жатқа айтып береді.
5-бала: - Білім біздің шамшырағымыз,кітап біздің ұстазымыз.
6-бала: - Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал.
7-бала: - Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап.
8-бала: - Кітапсыз үй, жансыз дене.
9-бала: - Кітап асып-таспайтын адал досымыз.
10-бала:-Кітап ғажап дос. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады.
11-бала: - Кітап дегеніміз қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.
ІІІ. Көрініс
Оқушы:
Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі,
Қуаныш көңілдің, баспалдағы өмірдің.
Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап:
Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келкмін,
Көптің тауып керегін,кезінде айтып беремін,
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.
Оқушы:
Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,
Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?
Кітап:
Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,
Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.
Онымен іс бітпейді,беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жазады, қайшымен де қияды.
Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.
Оқушы:
Сені сүймес адам аз,
Ақылды көп, надан аз.
Ондайларджан түңілме,
Сені сыйлар түбінде.
ІY. Ой толғау жазу
Оқушыларды екі топқа бөліп, осы көріністен алған білімдерін қағаз бетіне түрткізу. 1-топ: « Мен-оқушымын»,2-топ: « Мен-кітаппын» деген ойларын оқып, қорытындылайды.
Y. Оқулықтардың пікірталасы
Әдебиеттік оқу мен қазақ тілі оқулықтары өзара әңгімелесіп отырады.
Әдебиет:-Сыртым бүтін, ішім түтін. Балалар білім алсын деп авторлар түн ұйқысын бөлгенін қайтейін, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым.
Қазақ тілі:-Ренжіме, достым! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала сені бүтіндейді. Адырбай сияқты балалар болмаса екен деп тілейік. Келесі оқу жылында ұқыпты оқушыға тап болайық!
Екеуі:
Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек,
Сыр құямын,жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені, қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
YI. Өнер көрсету
Кітап туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар,ән-жырлакр айтылады. Соңында оқушыларға ата-аналардың атынан ертегілер кітабы сыйға тартылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.