.
.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2819 | Размер: | Автор: ТәрбиеТарих пәнінің мұғалімдері: Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Сергебаева Гүлзана Отарбекқызы
Махмет Кенжекул
Қазақстан тарихы, 6-сынып
Тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
(аралас сабақ – 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған ?
Ж: Массагет деп атаған.
2. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
Ж: Турлар
3.Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?
Ж: Абыздар
4. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атаған?
Ж. Парадарайя
5. Шошақ бөрік киетін сақтарды қалай атаған?
Ж. Триграхауда сақтары деп атаған
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы туралы айтылады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) 1.Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8.Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.
+Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады) 2. Себебін анықта
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Ж. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасының мықтылығында
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. 1-3) Сақ жауынгерлері Шырақ пен Спитаменнің ерлігін Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Шырақтың ерлігі Ұқсастығы Спитаменнің ерлігі
Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
Тақырыптың басты идеясы бойынша «Сәйкесін тап» тірек-сызбаны толтырып, боя.
Кир 1 Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен бақташы 3
Томирис 2 Ежелгі грек тарихшысы 7
Шырақ 3 «Тарихтың атасы»10
Спаргапис 4 Сақ тайпаларының патшайымы 2
Скунха 5 Рим тарихшысы 8
Александр Македонский 6 Сақ көсемі 5
Арриан 7 Сақ патшайымы Томиристің ұлы 4
Полиэн 8 Парсы патшасы 1
Спитамен 9 Македония патшасы 6
Геродот 10 Грек-македон басқыншыларына қарсы күрес жүргізген 9
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады ) Оқулықпен жұмыс:
1. Қалып қойған даталарды көрсет және оқиғалардың ретін анықта.
Марафон шайқасы б.з.б 490 жылы
Кир патша бастаған парсы әскерінің сақ жеріне басып кіруі б.з.б 530 жылы
Александрдың Македония патшасы ретінде жариялануы б.з.б. 4 ғ
Дарий патша бастаған парсы әскерінің Қазақстан жеріне басып кіруі б.з.б 519 жылы
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сен қалай ойлайсың?
Сен Шырақ сияқты ерлік жасар ма едің?
Ж:
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) 1.Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8.Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Графикалық диктант. (иә, жоқ)
1.Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан жоқ
2. Көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлерді түйелер мен жылқыларға артқан иә
3.Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер тұрғызған иә
4. Темір еңбек құралдарын жасау және қолдану кезеңі қола дәуірі деген атау алды жоқ
5. Темір табиғатта үнемі таза күйінде кездеседі иә
6. Қарапайым аң терілерімен пештің температурасын 1300 градусқа жеткізуге болады иә
7. Балқыған темір алу үшін температурасы 1530 градусқа дейін жеткізу қажет иә
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта:
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Парсылармен Грек -македондармен
Ұқсастығы Ұқсастығы екеуіде қарсыластарын алдайды, жеңіске жетуге себепші болады
Ұқсастығы екеуіде қарсыластарын алдайды, жеңіске жетуге себепші болады
Ерекшілігі Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсының әскерлері шөлден қырылады.
Грек -македон басшыларына қарсы күресте, Спитамен артқа шегінген сынай танытады, гректер қорқып қашқанда, Спитамен кері бұрылып шабуылға шығады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Дұрыс жауаптарды белгіле:
1.Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы
А.Геродот В. Страбон С.Арриан
2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін кім басқарды?
А. Спаргапис В.Спитамен С. Шырақ
3.Гректер қай ғасырда сақ жеріне қауіп тексерді?
А. Б.з.б. 4ғ В.б.з.б 5ғ С. б.з.б. 6ғ
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Сөзжұмбақты шеш.
1. Сақ патшайымдарының бірі.
2.Өз отанының тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен сақ бақташысы.
3. Сақ жеріне б.з.б.530 жылы басып кірген парсы патшасы.
4.Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақтың есімі.
5. Ежелгі грек тарихшысы, «Тарихтың атасы »
6. Сақ патшайымы туралы жазған рим тарихшысы.
7. Македонскийдің сақтарға жасаған рим тарихшысы.
8. Томиристің ұлы. 9. Дарий патшаға қарсы шабуылды басқарған сақ көсемі. 10. Дарийдың сақтарға жасаған жорығы туралы айтылған ежелгі жазба. 11.Сақ жеріне б.з.б. 519 жылы басып кірген парсы патша.
С
П А
И Г Р Д
Ш Т Е Р Б А
Т Ы А Р Т И Е Р
О Р М О Р А С Х И
М А К Е Д О Н С К И Й
И Қ И Н О Г П У С
Р Р Т А Н Т
И Р Х У
С Г А Н
А
П
И
С
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
1. Сақ патшайымы туралы рим тарихшылары жаздыма?
Ж. иә
2. Геродотты тарихтың атасы деп есептейсің бе?
Ж. иә
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Үздік тарихшы
(Тарихи – танымдық ойын)
Мақсаты: Тарих пәні бойынша оқушылардың білімін сарапқа салу, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Барысы: Сайысқа он екі оқушы қатысады, ойын он бір айналымнан тұрады.
Сайыстың шарты: Сайысқа жеке-жеке қатысқанымен, әр сұраққа дұрыс жауап беру арқылы ортақ «Банкке» (теңге немесе құнды қағаз) барлығы бірлесіп ақша қаражаттарын жинақтайды. Әр айналым сайын ақша салалмаған оқушылардың біреуі, басқа ойыншылардың келісімімен ойыннан шығарылып отырады. Сайыс соңында өзінің біліміннің нақтылығын көрсете алған оқушы ғана «Банкте» жинақталған ақшаға ие болып, жеңімпаз атанады.
І. айналым.
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім? (Томирис).
2. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей алғашында өз туларын қай жерлерге тікті? (Батыс Жетісу, Шу мен Талас аңғарлары).
3. ХУІғ. қай ханның тұсында қазақ жерларі кеңеіп, қазақтардың саны 1 млн. адамға жетті.
(Қасым ханның тұсында).
4. Көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тариғшы кім? (Е.Бекмаханов).
5. Тентек төре бастаған 1821 жылғы халық көтерілісі кімге қарсы бағытталған? (Қоқан
хандығына).
6. 80 мың әскерімен Отырар қаласын Шыңғыс ханнан 5 ай бойы қорғаған кім? (Қайырхан).
7. Ш.Уалиханов қандай халықтарды «екі туысқан Орда» деп атады? (Ноғайлар мен
қазақтарды).
8. ХУІІғ. Соңы мен ХУІІІғ. Басында билік еткен және қазақ жерін біріктіріп, елдің басты күшін жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттаған кім? (Тәуке хан).
9. Білектің күшімен, найзаның ұшымен Сайрам, Созақ, Шымкент, түркістанды қайтарып, ежелгі Түркістанды астана еткен ХУІІІ ғ-асырдағы хан кім? (Абылай хан).
10. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестің ең ірісі қайсы және қай жылдары болды? (С.Датұлы бастаған көтеріліс 1783-1797 ж.ж.).
11. Энолит дәуіріндегі алғашқы жылқы өсірген тайпа (Ботайлықтар)
12. Ұлы Жібек жолында дамыған орта ғасырда халықаралық тіл ретінде қолданылған қай тіл? (Қыпшақ).
ІІ. айналым.
1. Елтаңбамыздағы қанатты аттардың мүйізі ненің символы? (Айбынның).
2. Әлем көшпенділерінің ішіндегі ең дамыған, көшпелі шаруашылық пен тұрмыстың ең жоғарғы үлгілерін жасаған халық? (Қазақтар).
3. Мұхамед Хайдар Дулати өз еңбектерін қай тілде жазды? (Парсы).
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтарға Еділ бойынан көшіріліп әкелінген кімдер?
(Немістер).
5. 1603 жылы біріші қазақ-бұхар шайқас болған жер? (Айғыржар).
6. Жібек жолы арқылы Рубрук қай мемлекетке барып қайтты? (Қытайға).
7. Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы қай жылы болып өтті? (1992жылы).
8. Қазақстан оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі? (Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан).
9. Қазақтың үлкен атасы? (Алаш).
10. Темір дәуірінің хронологиялық шеңберін ата? (Б.з.б. УІІІғ.-б.з. УІ ғ).
11. Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасының дамуын,ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
(Этнография).
ІІІ. айналым.
1.Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы –Дәндібай мәдениетінің
хронологиялық шеңберін ата (б.з.б. 12-8ғғ).
2. 1829 жылы қай ақын шаруалар толқуына қатысқаны үшін Калмыков түрмесінде отырды? (Махамбет).
3. Маңғыстау көтерілісі қай жылы болды және басшыларын ата? (1870жылы Досан
тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы).
4. 1905 жылы Қазан қаласында басылып шыққан Мусса Бен Айса Сайрамидің ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы? (Он екі мұқам).
5. Доғал –Үрпек, Ақшығанда шайқысы қай жылы болды? (1917жылы22-24 ақпан).
6. Қазақстан өлкесіндегі 1917 жылы құрылған «Қара жұмысшылар одағы» қай қалада және жетекшісі кім болды? (Верный қаласында, Жүсіп Бабаев).
7. 1905 жылы қандай қозғалыс пайда болды? (Алаш).
8. Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғым, ал бүгінгі қай облыстар кіреді?
(Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павладар облысының солтүстік бөлігі).
9. Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім партияның қай съезінде, қай жылы
қабылданды? (партияның Х съезінде, 1921 жылы).
10. Қазақ Ғылым Академиясын құру туралы шешім қай жылы қабылданды?
(1945 жылы қазанда КСРО үкіметі қабылдады).
ІУ. айналым.
1.1925 жылы Париждегі концертте ән шырқап, күміс медаль иеленген қай әнші? (Әміре
Қашаубаев).
2. Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры қай жылы ашылды және алғашқы қойылымы қалай аталады? (1933 жылы, Анархан пьесасы).
3. Қазақстан жазушыларының І съезі қай жылы өтті? (1934 жылы 12-18 маусымда).
4. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтарын жариялаған кім? (А.Затаевич).
5. «Амангелді сарбаздары», «Түрксиб»т.б. суреттердің авторы кім? (Ә.Қастеев).
6. Қызылордада ұлттық қазақ театры қай жылы ашылды? (1926 жылы 13 қаңтарда).
7. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында
білім алған қазақстандық жастар саны? (20 мың).
8. Сауатсыздықты жою қоғамы қай жылы ұйымдастырылды? (1924 жылы сәуірде).
9. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін кім құрды? (А.Жұбанов).
У. айналым.
1. Берлин операциясы қай уақытта басталды? (1945 жылы 16 сәуір).
2. Каспий өңірі қай жылы соғыс жағдайына енгізілді? (1942 жыл, күз айы).
3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (Герльдика).
4. Жетісу жерін ерте темір дәуірі заманында алдымен сақтар, кейін қандай тайпалар мекендеді? (Үйсін тайпалары).
5. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмадиловтың диалогиясы қалай аталады?
(Дарабоз).
6. 1999жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі? (Тарих толқынында).
7. Халық Жазушысы О.Сулейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі? (Жазу тілі).
8. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын кім? (Ж.Жабаев).
УІ. айналым.
1. Қазақстан Республикасының атауы қай жыл қабылданған? (1991 жылы 10желтоқсан).
2. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа парламент қай жылдан бастап тұрақты жұмыс істей бастады? (1995 жылы 30 тамыз).
3. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы қай қалада бас қосты? (Алматыда).
4. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы құрылды, жетекшісі кім?
(1989 жылы ақпан, О.Сулейменов).
5. Ауған жерін кеңес әскерлері қай жылы енгізілді? (1979 жылы желтоқсанда).
6. Қазақ КСР Ғылым Академиясы қай жылы құрылды, тұңғыш президенті кім?
( 1946 жылы маусымда, Қ.Сәтбаев).
УІІ. айналым.
1. Ислам дінінің негізін салушы кім? (Мұхаммед).
2. Елтаңба авторларыкімдер? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов).
3. БҰҰ Бас Ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын» қай жылы қабылдады? (1948 жылы 10 желтоқсанда).
4. Нумизматика ғылымы нені зерттейді? (теңгелер тарихын).
5. Бүгінгі Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет
( Бактрия).
6. Үнді құдайының аты (Брахма).
УІІІ. айналым.
1.Б.з.б. І мың жылдықта Каспий теңізін қалай атаған? (Гиркан).
2. Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? (Жүйрік атты турлар).
3. Қай жылы парсы патшасы І Дарий қалың қолды бастап, сақтарға аттанды? (Б.з.б. 518 жылы).
4. Ғұндар неше руға бөлінді? (24 руға).
5. Вавилондағы әлемдегі жеті кереметтің бірі не? (Аспалы бақ).
ІХ. айналым.
1. 1940жылғы 18 желтоқсанда фашистік германия басшылығы жасаған Барбаросса жоспарының мақсаты (КСРО-ға соғыс ашу, «Қаурыт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау).
2. 1942 жылғы қыркүйекте «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина қай майданға жіберілді? (Сталинград).
3. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты қай жылы жарияланды? (1927жылы желтоқсан, ХУ съезі).
4. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп айьқан өңір ( Орал-Ембі).
Х. айналым.
1. Түркістан-Сібір темір жол құрлысықашан пайдалануға берілді?
(1931 жылы қаңтар айында).
2. Ірі саяси қайраткер және эконмист «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған кім? (Смағұл Садуақасов).
3. 1921-192122 ж.ж. аштықтың қазақ халқына тигізген басты зардабы:
(демографиялық жағдай ауырлады).
ХІ. Айналым.
1. Қазақстада Ұлы Жібек жолы өз қызметін қай кезде атқара бастады? (Б.з.б. ІІ ғ. мен б.з. І ғ. алғашқы жартысы).
2. Үйсіндер мемлекетінің астанасы (Қызыл Аңғар (Чигу).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.