Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сағынышқа айналған сазгер. -

Сағынышқа айналған сазгер.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1548 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Имашева Алмажай Сапарғалиқызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Кенбай орта мектебі
Сағыз селосы
Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Сағынышқа айналған сазгер.
Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің сырын сезініп, құрметтеуге,
сахна төрінде айта білуге тәрбиелеу.
Оқушының ойлау, қиялдану, әсерлену, елестету қабілетін
дамыту.
Түрі:
Көрнекілігі: суреттер
Тәрбие сағатының жүрісі:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ш.Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналып кеткен «Менің Қазақстаным» әні түседі. Исі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп жүре беретін әндердің қай қайсысы да халықпен бірге. 1986 жылы желтоқсанда жастар азаттықтың туын көтеріп, Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін айтып, орталық алаңға шыққан еді. Шәмшінің көзі тірісінде сол ән ұранға айналды.
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
Сағынышқа айналған Шәмшіні білмейтін кімде – кім.
Әнұран орындалады.
Халқымыздың рухани азығы болып, ән өнерінің інжу- маржаны аталған шығармалардың авторы – Ш. Қалдаяқов 1930 жылы тамыз айында Шымкент облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі татардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері адам болған.
Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың ! – деген хабарды естіп үйіне асығы келген әкеге жыртық шүберекке оралған нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да, ересек адамның қарулы қолын сезе қойған бала шыр етеді.
Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап: - Мен сені қиссадағы Жәмшид патшаның атымен атағалы жүрмін, бірақ мына дауысың патшаныкіне емес, әншінікіне ұқсайды екен – депті Қалдаяқ.
-Оу, Қалдаяқ, балаң адмадардың емес, әннің патшасы болса да, тақияңа тар келмес, депті оған Құдайберген деген құрдасы.
- Айтқаның келсін, Жәмшид болсын, - депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі, кедей ,әрі өнерпаз әке. Жәмшид деген аталған сол бала, сонан 30 жыл өкен соң Шәмші болып өсіпті, вальстің патшасы атаныпты.
Шәмші 1956 – 62 жылдары Алматы консерваториясында оқып 1950 жылдан бастап творчестволық жұмыспен шұғылданған. Шәмші Қалдаяқов Қазақстан Ленин сыйлығының лауреаты атағын 1965 жылы алды. Кейін Қазақ ССР –іне еңбек сіңген мәдениет қызметкері деген атақ берілді.
Шәмшіде арнау әндер өте көп. Бір күні Қалқожа деген жігіт іздеп келіп, аға , сіздің әндеріңізде неге Арыс жоқ Ерке өзеннің аруларын неге әнге қоспадыңыз деген сауалдан «Арыс жағасында» әні туыпты.
Шәмшінің әке – шешесінің туған жері Қаратаудың теріскей бетін әнге қосып , ту ғып тігу арманы еді. Соған байланысты туған «Теріскей» әні екен.
Шәмшінің «Қайықта » әні 1957 жылы демократиялық жастардың бүкіл дүние жүзілік фестиваліне арналған Республикалық байқауға байланысты жазылды. Содан бастап ол халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналған.
Шәмші көптеген ақындардың сөзіне ән жазды. Ж.Нәжімеденов, Н.Әлімқұлов, М. Шаханов, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Т.Айбергенов,
М.Мақатаев. Бұлардың бәрі де халыққа танымал, белгілі ақындар.
1957 жылы Шәмшінің композиторлық тағы шарықтап тұрған кезде анасы ауырып қайтыс болды. Ол анасымен қоштасып тұрып , апа, қарыздармын, сенің басыңа мовзалей орнату қолымнан келе қоймас, бірақ әсем әнмен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деген. Сол қағидасын 1961 жылы орындады.
« Ана туралы жыр»
Ән туады мұратынан,
Сөз туады сұрақтан.
Небір күлген әуендер,
Басталады бұлақтан
Міне, балалар, өте дұрыс айтады. Сөз туады сұрақтан.
Шәмші өмірінен сұрақ – жауап алып көрейік.
1. Сазгердің әкесінің шын аты ? (Әнәпия)
2. Шәмші қай жылы туды ? (1930 жылы тамызда).
3. Шәмшінің шын аты ? (Шәмшид)
4. Шәмшінің атақ алуына араласқан кім ? ( О.Бодықов)
5. Шәмшінің анасының атасы ? (Сақыпжамал)
«Жалғасын тап» ойыны.
Мен қара сөзбен оқимын, сендер әуенімен жалғастырасыңдар.
а) Алдыңда бір бақыт, әннің аты: «Арыс жағасында»
Тұрғандай тіл қатып. әнін жазған: Шәмші
(Толқынға қарап ойлана, сөзін жазған: М.Шаханов
Әндеттің жай ғана)
ә) Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
(Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам)
әннің аты: «Ақ бантик»
әнін жазған: Шәмші
сөзін жазған: М.Шаханов
б) Жайраңдап жазда ағатын еді,
Есімде қайран сыр сұлу.
(Таңертең сонда баратын еді
Толқынға құмар бір сұлу)
әннің аты: «Сыр сұлуы»
әнін жазған: Шәмші
сөзін жазған: З.Шүкіров
в) Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
(Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым.
Кешікпей келем деп ең.
Мен тұрмын елеңдеумен)
әннің аты: «Кешікпей келем деп ең»
әнін жазған: Шәмші
сөзін жазған: М.Шаханов

Әнсіз өмір өмір ме, қоңсымай ма ?
Өзегіңді өртеп дерт жаншымай ма ?
Шәмші – ау ,
Шәмші – қайда ?
«Жан аға» әні орындалады.

«Топтастыру» әдісі:

Қорытынды сөз: «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» - деп Мұқағали жырлағандай, таланттардың бәрі жалғыз, Шәмші де жалғыз. Тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік еткен , тер төккен еңбегі ескерілмеді. Бірақ, оның әні өлмеді. Артына өшпестей ескерткіш қалдырған, көзі тірісінде құрмет көрмеген Шәмші 1992 жылы 22 ақпанда мәңгіге көз жұмды.
Шәмшінің әндерінің қай ұрпаққа да берері мол.
Имашева Алмажай Сапарғалиқызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Кенбай орта мектебі
Сағыз селосы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.