Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сен және төтенше жағдай». -

«Сен және төтенше жағдай».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3989 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сен және төтенше жағдай»
Мақсаты:
Білімділік: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;
Тәрбиелік: Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;
Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік , сахналық көрініс.
Құрал-жабдықтар: ACTIVBORD интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру (амандасу , сабаққа қатысатын кісіні айтып кету)
II. Сабақтың тақырыбын , мақсатын айтып кету.
III. Демалыс орындарындағы өрттердің пайда болу себептері. (Слайдпен жұмыс ,тақтадағы сурет бойынша түсінік беру).
IY. Өрттің алдын алу , өртенген жағдайда көрсетілетін көмек , өрт кезінде күйген адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру. (Сынып жетекші)
Y. Топпен жұмыс (Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді)
1-тур. (Екі топқа сұрақтар беріледі).
1-топқа . 2003 жылы 14000 шамасында өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1000 –дай адам зардап шегіп , 560-ы қаза болды. Тұрғын үй секторындағы өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы , қараусыз қалған қыздырғыш приборлары , жылыту пештерінің приборлары, жылыту пештерінің ақаулығы , балалардың отпен ойнауы ... Осы аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдарын оқушылардың жолдарын оқушылар айтады ).
2-топқа. Өткен жылғы мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500-дей көлік апаты мен жол оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 –дай адам зардап шекті. Оның ішінде 1900 адам қаза болған . Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы дәрежесінің негізгі себептері –көлікқұралдарының техникалық күйінің нашарлауы , жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің төмендеуі.(Оқышылар жауаптарын береді).


YI. 1-топ. «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек ».



2-топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»
(Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айту).

YII. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын белгілейді)

1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау күні»
а)1.01. в)1.02. с) 1.03.
2. Егер үйіңде өрт болып қалса қай номерді тересің ?
а) 102; в) 103; с) 101.
3. «02» номерін тергенде кімге телефон шалып жатырсың?
а) дәрігер; в) милиция; с) газ.
4. Егер иісін сезсеңіз қай номерді тересіз?
а) 104; в) 102 с) 103.
5. Егер жақын адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге хабарласасыз?
А) 101 в)103; с) 102.
YIII. Келген кісіге сөз беру.


IX. Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.