Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Сенің құқығың – менің құқығым». -

« Сенің құқығың – менің құқығым».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 4381 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тәрбие сағатының тақырыбы : « Сенің құқығың – менің құқығым»
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.
Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру.
Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.
Оқушыларды Ата Заңға сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тарихи танымын кеңейту.
Міндеті:
Баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үдеріске айналдыру, баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселерді сатылы түрде анықтап, өзіндік пікірін, көзқарасын қалыптастыру;
келеңсіз іс-әрекеттерден, жат қылықтан аулақ болуға үйрету;
сыртқы себептер мен психологиялық, психофизиологиялық қиыншылықтарды жеңуге көмек беру;
Күтілетін нәтиже:
Белгіленген мақсаттарға сәйкес оқушылар бойында келесі сапалар қалыптасады:
-рухани – адамгершілігі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға;
еңбекте, оқуда өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарайтын тұлға;
-өз Отанының мәдениетін, тарихын білетін,қоғамда белсенді азаматтық позицияда болатын, елжанды патриот тұлға;
-әлеуметтік ортада өмір сүруге бейім, білімді, мәдениетті тұлға.
Кезеңдері:
І. Тренинг «Ой қозғау»
ІІ.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына тоқталып, баптарын ашу.
ІІІ. «Заңды білу – міңдетің» сұрақ-жауап ойыны
ІV. Ант беру рәсімі
V. «Сиқырлы жіп» ойыны
VІ. Қорытынды

Барысы:
Мұғалім:
Тренинг «Ой қозғау»
(Жай әуен ойналып тұрады)
Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!
-Не сездіңіз?
-Бүгінгі тәрбие сағатымызбен байланыстырып, қандай ой айтар едің?
-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз! Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Құқық. Заң. Мемлекет» деген тақырыпты қамтымақ.
ІІ.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына тоқталып, баптарын ашу.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдықмәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады
• 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
• 2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
• 3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
• 4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
• 5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
• 6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
• 7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
• 8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ
• 9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
• 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Заңдыбілмеу — құқықтық мәдениеттіңелеулікемшілігі.
ІІІ. «Заңды білу – міңдетің» сұрақ – жауап ойыны.
10 ұпай. Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? 1990 ж
10ұпай.Қ.Р бала құқықтары туралы қашан заң қабылданды? 2002ж
10ұпай.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?1989ж
10ұпай.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? АҚШ
20 ұпай. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? 1948ж
20ұпай.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? 14 жастан
20ұпай.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? Рим Құқығы б.з.д.9-7 ғасырда
20ұпай.Қ.Р-ның азаматтары қандай білім алуға міндетті? Орта білім
30 ұпай. Заң бойынша бала деп кімді атайды? 18 жасқа толмаған адам
30ұпай.Заң шығарушы орган? Парламент
30ұпай.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?Бостандық
30ұпай.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас?16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.
40ұпай.Ел басқару саласындағы ең басты тұлға?Президент
40 ұпай. Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі? Тәуелсіздік
40ұпай.Тәуелсіздіктің қорғаны? Әскер
40ұпай.Отанға деген сүйіспеншілік ? Патриотизм
50ұпай.Үкіметті кім басқарады?Премьер - министр
50ұпай.Бала құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?
10 тарау, 53 бап.
50ұпай.«Конституция» қазақша қандай ұғым береді?Құрылым
50ұпай.Қазақстан азаматының қасиетті борышы
және парызы не? Қазақтанды қорғау
ІV. Ант беру рәсімі. Шамшаев Марсель
Мен – Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел болуы үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата- дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. Қазақстан 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя мектебімді сыйлап, қастерлеймін» деп Ант етемін !
V.Ойын «Сиқырлы жіп»
Мұғалім қолына жіп ұстап тұрып бірінші оқушыға жіптің ұшын береді . Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп - өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз.Мысалы: «Мен өмір сүруден еш қашан қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады.
-Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!
-Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?
-Қорықтық жіп үзіліп кетпесін деп.
Өмірді қайта сүре алмаймыз! Сондықтан өмірде тек жақсылық,қызықты
болу үшін өмір сүреміз. Заң сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтады.
Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,
Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.
Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,
Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!
(Күлән Абзолда. «Өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар»).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.