.
.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шаштараз Мамандықтар шеруі
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3532 | Размер: | Автор: ТәрбиеШаштараз
Мамандықтар шеруі
Өткізген: 7Б сыныбы
2014 жыл.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу
Міндеті:
• Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
• Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру.
• Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
• Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
• Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд-фильм
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Техникалық құрал: интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ең қиын мамандық - адам боп қалу
Хосе Хулиан Марти
«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.
Мұғалім:
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайда психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
Үміт: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мұғалім: Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Аділет: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
Жұлдыз: Ал мамандық – еңбек қызметнің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
Лаура: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
- Балалар, енді тақтаға назар аударамыз! (Слайд фильм көрсетіледі)
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА МЫНАДАЙ БІР ФОРМУЛА БАР:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Ал сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Мамандық ( салыстырмалы түрде)
Еңбек қызметі
Ой еңбегі Дене еңбегі
Ақын ұстаз дәрігер құрылысшы шахтер ұста
- Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.
- Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?
- Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Мұғалім, кітапханшы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.
- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?
(Оқушылар өз ойларын, көбірек қоғамдағы мамандықтарды айтады айтады)
Студия қонағы «Сая» шаштаразының иесі шашатаразшы ата-ана өз ісінің маманы Саягул Қанағатқызын және шаштараз маман Садырбаева Қорланды шақырамыз.
Мұғалім:
«Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық аброй кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген қаламыздың кәсіпкерлері мен маман иелерінің еңбектері өте зор! 7Б сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған «Мамандықтар шеруі » атты ашық тәрбие сағатына бейне материалды дайындаған болатынмын. Себебі Жәнібек Мұрат пен Өткен Ерсайын болашақта таңдап отырған мамандықтықтары журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Бейне экранға назар аударайық.
Ерсайын жүргізуші: пайдалы кеңес (экранда жүріп жатады)
Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі:
1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді көрініп тұрады.
2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып кептірген уақытты үнемдейді екен.
3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады.
4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек.
5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді.
Мұрат жүргізуші:
Ойын: «Кім жылдам?»
Ортаға үш оқушы шығады
Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз, мұғалім,дәрігер).
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?» (ойыңға шыққан үш оқушыға сұрақ)
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
МҰРАТ-ж. Бүгінгі кездесудегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмасын, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет.
ЕРСАЙЫН-ж. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен. Ал Саягүл Қаңағатқызы сіздің арманыңыз қандай еді? Қорлан апай сіздің арманыңы қандай еді?
Айнаш Қамашқызы арманыңызы қандай еді?
Өз ісінің маманы Садырбаева Қорлан ортаға шақырып шаш үлгісін , бізге көрсетсе. ( шаш үлгісін көрсетеді).
Шаш үлгісі жасау барысында басқа оқушылармен өмірлік мәні бар «Көбелек» слайд-фильміне назар аударайық
Маман Садырбаева Қорлан жасаған шаш үлгісін көру
Мұғалім. Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар.
Экрандағы «Өмірде үш нәрсе...» атты бейне баянға назар аударыңыздар
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Осымен «Мамандықтар шеруі...» атты ұйымдастырылған шоу аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.