Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі. -

Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 5068 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Ахметова Ақбота Төлеутайқызы

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік
Оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі –шешендік өнер тұлғасында мағлұмат беру, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерімен таныстыру. Оқушыларға шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті де, білімді, ой –қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты тапқыр болуға баулу. Шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық достық, жолдастық сияқты асыл мұраларды үйренуге, тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұраққа жауап, сахналық қойылым.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Төле би, Әйтеке би, Қазбек би суреттері, Шешендік сөздер кітабы, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
Шешендік сөздер –терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармашылығы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Негізгі бөлім:
Сәлемдесу.
Оқушылар кәне орнысыздан тұрып, сабағымызды амандасу рәсімінен бастайық.
Сәлемнің сұлуын,
Ұсындым гүл етіп
Жүректің жылуын
Ұсындым ту етіп
Аялы алақан
Нұрлансын дала таң.
І. Кіріспе сөз. (Мұғалім сөзі )
Оқушылар, біздерге сонау –сонау замандардан бері. Ата –бабаларымыздан қалған мол мұралар бар. Олар нелер десек
• Ескірмейтін есті сөздер.
• Мақал –мәтелдер
• Нақыл - ақыл сөздер
• Шешендік сөздер болып табылады.
Шешендік сөз –дүйім жұртын аузына қаратып асыл сөздің өрнегі. Шешендік сөздер –ауызекі айтылу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бізге дейін келе жатқан өнер. Ел арасындағы шешілмейтін дау –дамайды бір ауыз сөзбен аса шеберлікпен шешеіп берген біз ерекше қадірлейтін шешендеріміз Жиренше, Қарашаш, Төлеби, Әйтеке би т.б. Ел болашағын ойлаған от ауызды, орақ тілді шешендерімізден қалған асыл мұрамыз. Енді оқушыларға кезек берейін.
1 - жүргізуші.
Қазақ талай заманды бастан өткеріп, мұқалмай қалған батыр, ақын шешен, дана, дара халық .
2-жүргізуші.
Қазақтың шешендік сөздері бата тілектен басталып, өнегелі өсиет сөздерді өмірде кездесетін жер дауы, ер құны жесір дауы секілді, келіс сөздерді қамтиды.
1 – жүргізуші
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп көр- кеуде,
Домбыраңмен қосып ән мен күй бердің.
Өмірге мен мылқау болып енгенде деп Тұрмағанбеттің термесі (Құрманбекова Г.)
2-жүргізуші
Көрініс. «Төле бидің шешендігі» Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
1 – жүргізуші
Ата- дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер деме!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Нақыл сөз- ақыл сөздерге
1 оқушы(Гүлзат )
Жар басына үй тікпе,
Жар құласа, үй кетер.
Ала болса ағайын, рулы елден күй кетер,
Аңдыған дұшпан күшейіп, жау қасында бас кетер.
2 оқушы (Бауыржан)
Суық су ішпе жігіттер,
Сусыныңды қандырмас.
Бедеу аттың белгісі,
Бес түн қатырса болдырмас.
Қаса нардың белгісі-
Шамасын сорға шалдырмас
Қос жүйріктің белгісі
Құйрығынан алдырмас.
3 оқушы (Серікболсын)
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң
Бірінші еткен құрметің
Есік ашып, енгізіп,
Көрпе төсеп, құп алсаң
Үшінші еткен қызметің
Мейман ырза болғаны
Құрметпен үйге қонғаны
Кешіктермей шәй берсең
Ұмыт болар тоңғаны.
4 оқушы (Рүстем)
Тоғай толған тал едім, таяқ қылса шарам не?
Айдын шалқар көл едім, құдық қылса шарам не?
Жапалақ құс мақтанса, жардан тышқан алдымдер?
Жаман адам мақтанса, жақсыны аяғынан шалдымдер?
Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?
Денің таза болмаса, тіл тазасы не керек?
5 оқушы (Жанерке)
Тасыма жігіт, тасыма!
Тасыған жетер басыңа,
Ителгідей томарсаң кім келеді қасыңа?
Күшігендей солқылдап, күлгеніңне досыңа?
Жақсылыққа қуанып, жамандыққа жасыма,
Өле -өлгенше тұрмайды, жақсылықпен жамандық
Бір кісінің басында!
1 – жүргізуші «Өнер алды –қызыл тіл»
Қызыл тілін безеніп,
Шешен жігіт дауда ойнар
Ақ балтырын түрініп
Палуан жігіт тойда ойнар
Баданасын киіп ап,
Бар қайратын жиып ап,
Жасыл туын көтеріп
Шашақты найза қолға алып,
Батыр жігіт жауда ойнар.
Көрініс. «Тұрмағанбеттің тапқырлығы»
Ақын Тұрмағанбет жиында жастармен жұмбақ айтысып отырады.
Жастар арасынан Әлия деген қыз:
• Ағай, сізге жұмбақ айтуға болмас па екен?- деп сызылады.
• Қарағым, айта отыр, - дейді ақын. Сонда қыз:
• Төбетейім іші толған сөк.
• Таң атқан соң қарасам жоқ. Ол не?-дейді
• Шешуін таппадым, - дейді ақын әдейі әзілдеп, -менде саған жұмбақ жасырайын:
• Төбетейімнің ішінде сөк жоқ.
• Мұндай жұмбақ болмайды, -деп жастар шу етеді.
• Ал онда жұмбағыңның шешуін айта гой, -дейді ақын.
• Менікі жұлдыз еді, -дейді қыз.
• Менікі құндыз еді, -дейді сонда ақын.
• Ағай тағы жұмбақ жасырайық,- дейді қыз.
• Таудан тас домалаттым. Ол не?
• Білмеймін,- дейді ақын жорта. Мен де жұмбақ айтайын.
• Таудан тас домалатқан жоқпын.
• Мұндай жұмбақ болмайды, - деп тағы дауласады.
• Онда сен жұмбағынның шешуін айта гой.
• Менікі түйенің құмалағы, -дейді қыз.
• Менікі түйенің жұмалағы -деген екен ақын.
2-жүргізуші
Енді сергіту сәтіне кезейік берейік,\Кім жылдам?.\
1. Мектеп ...............,білім-................
2. ............... сүйсіндіреді,............. күйіндіреді.
3. Ұяда ............. , ұшқанда ...............
4. Ер...................., ез....................
5. Тентектің ақылы.....................................
Адасқан әріптер.
Сәйкестендір.
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз- дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр дей отырып ауылымыздың ардақты ағамыз, шешендік сөздің шебері, жырау ағамыз
Тоқсанбаев Дінислам ағамызды ортаға шақырып, асыл мұрадан төгілген- асыл сөзді тыңдасақ.
1 – жүргізуші
Ғасырлар бойы өмір тәжірибесінің нәтижесінен жиналған асыл мұраның бірі, шешендік ойдың зергері, айтыс өнері болса керек. Енді бір сәт. Айтыс өнерін аталы сөзге тоқтай білген айтыскер қыздарымызды ортаға шақырсақ Гүлдәрі және Таңшолпан .
Айтыс өнері.
Қорытынды. Мұғалім сөзі.,
Оқушылар! Біз бүгінгі сабағымыздан ел болашағынойлаған, от ауызды, орақ тілді шешендерімізден қалған асыл мұралардан көп ой түйдік. Біздің арамыздан болашақта ел болашағын жырлайтын Жыр дүлдүлі атанған Тұрмағанбет те, үш жүздің басын қосқан Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер шығатынына сенім мол. Ендеше оқушылар сабағымызды бірімізге біріміз ізгі тілек айтып аяқтайық. /Оқушылар шеңбер жасап тұра қалады/ Берікбол саған сәттілік тілеймін Әсемпаз болма әрнеге т.б жалғастырып кетеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.