.
.
1. Шығармашылық жұмыс байқауы Шығармашылық жұмыс байқауы.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1871 | Размер: | Автор: ТәрбиеПәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Қатысушы сынып : 5 сынып
Жоба жетекшісі :Жунисова Асел
Жобаны жүргізуші :Бейбітқызы Жұлдыз
Өтетін орны: Мультимедиалық кабинет
2. Тақырыбы: Қазақстан қалалары
3. Байқау мақсаты : Қазақстан қалаларының тарихы жөнінде білу.Еліміздің қалалары туралы білімдері мен картамен жұмыс істеу дағдыларын,оз ойын
еркін жеткізе білу ,дәлелдей алу біліктілігін дамыту. Қазақстан қалаларының
Отан тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге ,түсіне білуге ,өз туған жерін ,қалаларын көркейтуге ,үлестерін қосуға тәрбиелеу.
4.Байқаудың ұраны:
Менің ендігі барлық армандарым- келешегім .Яғни, жас ұрпақ ,ертеңгі тұтқа ұстар азамат –сендерсіңдер.Болашақта ата –ананың үмітін ақтайтын
азамат болсаңдар ,денсаулықтарың мығым ,білімді ,білгір болып өссеңдер ,
Қазақстанымызды алға дамытып ,көк байрағымызды шырқау көкте
желбіретсеңдер екен .
Нұрсұлтан Назарбаев
5. Байқау шарттары:
1.кезең. «Таныс болыңыз».Бұл кезенде тандаған қаланың құрылу тарихымен танысасыздар.
2.кезең. Тандаған қалаңның жер көлемі.
3.кезең. «Қаланың бүгінгі күнгі өндірістік жағдай».
4.кезең. «Қаланың тарихи-мәдинет ескерткіштері».
5 кезең. «Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, өз таңдаған қалаңның географиялық табиғат жағдайын сипаттау»
6 кезең. «Қаланың өзен, көлі, таулары»
7 кезең. «Отанға үлесім». Таңдаған қаласының Отанға берер пайдасы туралы айтуы тиіс.
6. Қымбатты байқауға қатысушылар байқау барысында «Алтын ережелер» деп аталатын жадынамаға көңіл аударыңыздар.
7. Алтын ережелер
1. Байқау барысында сөйлеп тұрған адамның сөзін мұқият тыңдаңыздар, ойын бөлмеңіздер. Өзіңнің кезегіңді күтуге үйрен.
2. Егер осы мәселеге қатысты толықтырғың келсе, не қосымша айтатынын болса, не түзететін ойын болса, қолыңды көтер. Мұнда кімнің, қашан сөйлейтінін мұғалім анықтайды.
3. Әркімнің өз ойын айтуға, пікірін білдіруге құқығы бар. Байқауға қатысушының жеке басын силаңыздар.
4. Айтатын сөзің, ойың нақты, түсінікті, дәлелді болсын, берілген уақытты тиімді пайдаланыңыздар.
5. Байқауға қатысушының пікірі сізбен сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан кезкелген ойпікірді сыйлауға үйреніңіздер.
6. Кей жағдайларда ең жақсы ойлар, тамаша тың пікірлер пайда болуы мүмкін. Оны қабылдауға дайын болыңыздар.
7. Біздің ұстазымыз бізге көмектеседі, біздің жауаптарымызды түзейді, біздің құқығымызды қорғайды, біздің жұмысымызға бағытбағдар береді.
8. Қымбатты байқауға қатысушылар!
Шығармашылық жұмысты орындауда сәттілік тілейміз.
9. Байқауға қатысушылар:
1. Амангелдин Ақжол Астана қаласы
Жетекшісі: Ебінова Мақпал
2. Манапова Айгерім Алматы қаласы
Жетекшісі: Жаппаров Мадина
3. Бекенова Мадина Астана қаласы
Жетекшісі: Бейбітқызы Жұлдыз
4. Сайлаубеков Тимур Өскемен қаласы
Жетекшісі: Советжанов Асқар
5. Оралғазин Нартай Семей қаласы
Жетекшісі: Қуанышбекова Балнұр
6. Мұратханов Бауыржан Түркістан қаласы
Жетекшісі: Сембаева Айжан
7. Қуантханов Нұрбек Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Серікханқызы Ақбота
10. Шығармашылық жұмысты бағалайтын ақылдастар алқасы:
1. Самжанқызы Арай
2. 11 сыныптың үздік оқушылары
Күмісханова Балауса
Байбұланқызы Іңкәр
11. Байқауды бағалаушы ақылдастар алқасының есіне саламыз:
1. Ең үздік жұмыс бағаланады.
2. Шығармашылық жұмыстың дұрыс орындалып, тақырыптың ашылғандығы
3. Байқаудың әр кезеңіндегі талап бойынша байқауға қатысушының жауабының жүйелі, қызықты болуы.
4. Уақытты ұтымды пайдалануы, тапсырмаға жауапкершілікпен қарауы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.