Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сиқырлы математика  әлеміне саяхат». -

«Сиқырлы математика әлеміне саяхат».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2766 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ғылыми-техникалық кафедрасы

Кластан тыс сағат

Тақырыбы:
«Сиқырлы математика
әлеміне саяхат»

Өткізген: математика пәні мұғалімі
Успанова А.Қ.

2013-2014 оқу жылы

Уақыты: 20.02.2014ж.
Сыныбы: 6 «В», 6 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы математика әлеміне саяхат»
Сабақ түрі: кластан тыс сағат.
Мақсаты: Логикалық қызықты есептер шығару, математикалық фокустармен танысу арқылы оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру; шығармашылық ойлау қабілеттерін, өзіндік таныс әрекетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сыни ойлау, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілікті.
Көрнекіліктері: презентация, жұмыс құралдары, стикерлер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру; назарларын сабаққа аудару.
2.
3. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Тренинг «Амандасу»
Сәлем саған, көкте күн!
Сәлем, білім ордасы!
Жастық шақтың көктемі,
Жақсылықтың жолдасы.
4. «Оңай көбейту тәсілі»

5. «Екі таңбалы санды 11-ге көбейту»

6. 5-ке аяқталатын санды өзіне-өзін көбейту.
35•35=1225
Бірінші санның ондығын екіншісін 1-ге арттырып, яғни
3•4=12 және оған 25-ті тіркеп жазу керек.
45•45=2025
75•75=5625
7. «Фокус»

8. Конвертке 1089 санын жазып қою. Оқушыны сыртына 3 таңбалы сан жазғызу. Екі шеткі цифрының айырмасы 1-ден үлкен болатын. Екі шеткі цифрын ауыстырып, үлкен саннан кішісін азайту. Тағы да екі шеткі цифрын ауыстырып, айырмаға қосу. Шыққан сан 1089 болады.
9. Cіріңкеден құралған фигуралар
1) 16 сіріңкеден құралған фигурадан 4 сіріңкені ауыстырыңдар,сонда үш шаршы құралуы керек.


2) Сіріңкеге қол тигізбей, теңдік дұрыс болатындай етіп қатесін түзеңдер


3) Төрт шаршы шығу үшін , 12 сіріңкеден құралған фигурадан 3 сіріңкені алмастырыңдар.

10. «Көңілді есеп»

Жауабы: 5000. (4100 емес)

11. Логикалық фокустар.
1) Келесі суретті тап.

2) Артық фигураны көрсет.

12. Бұл бөлімде 2 топтың топбасшылары бір-бірлеп ортаға шығып, «Математиканы не үшін оқимыз?» тақырыбы бойынша шешендік шеберліктерін көрсетеді.
Сабақтың қорытындысы: 1. Бағалау. Марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.