.
.
Тақырыбы: Ұстаз есімі мәңгі жадымызда Мақсаты: Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту, олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау. Оқушылардың ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге, оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Түрі: Өнеге сағаты. Әдісі: Әдеби – монтаж, кездесу, сазды бағдарлама. Көрнекілігі: Музыкалық аспап, нақыл сөздер, шарлар Өту барысы: Ұстаз есімі мәңгі жадымызда.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1672 | Размер: | Автор: ТәрбиеМұғалімнің сөзі
І жұргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі ұстаздар қауымының мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, шығармашылық шабыт тілейміз. ІІ жүргізуші: Осы ұлы мерекеде біздің ертеңгілігімізге арнайы шақырылған қонақтар- өзіміздің алғашқы ұстаздарымыз -Айгүл апай, Ақтолқын апай. Қош келдіңіздер! І жүргізуші : Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді! ІІ жүргізуші: Ғұлама білгіш данадан Оқушы жас баладан. Мархаббатты ойшылдан, Мал өсірген қойшыдан Жазушыдан, ақыннан, Ғарышкерден, батырдан. Өнері асқан актерден Ырыс қазған шахтерден. Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден. Оқыған жас кәріден, Оқушының бәрінен Екеуі қосылып: Ұстаздарға мың сәлем! (Бәрі бастарын иеді) Ән «Ұстазым» 1-оқушы Ұстаз! Ұстаз! Ол – қандай ұлағатты сөз. Осы адамның алдынан қаншама адам дәріс алып, оның айтқандарын орындап, үнемі өздері жақсы жағынан көрінуге тырысатын шәкірттер қаншама десеңізші!? 2-оқушы Ең алғаш қолға қалам ұстатып, «А» әрпін жазуды, санауды да үйреткен осы – ұстаз. 3-оқушы Үйретіп бізге алғаш әліппені, Мұғалім ғылымға жол салып берді. Адамның ой – арманы, мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді. 4-оқушы Ұстаз болу – жүректің батырлығы Ұстаз болу-сезімнің ақындығы Ұстаз болу – мінездің күншуағы Азбайтұғын адамның алтындығы 5-оқушы Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да,ғылым дана да. 6-оқушы Қыр- сырын зерттеп заманның, Ұлылығын айтып бабамның Өнерге өріс беретін, Барометрі сенсің адамның 7-оқушы Сағыныш сазы толқытқан , Арнамақ сөздің мәйегін. Шәкірттерің оқытқан, Келіп тұр жолдап сәлемін 8-оқушы Мұғалім,ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағы Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. 9-оқушы Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз, Асыға сәлем жолдап жүректен біз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 10-оқушы Ұ стазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 11 -оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың , даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа , Бірі де жеткізе алмас бағалардың. 12- оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған. 13- оқушы: Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дарыттың адамдықты шәкіртіңе, Дамыттың дарын отын бейімдінің. 14- оқушы: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға ,дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын. 15- оқушы: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан , Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. Жатталады жан жүректе есіміңіз, Анамның аяулы үні сияқтанған. 16- оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Ән «Ұстазыма» І жүргізуші: Оқыттыңдар,ұл-қызым, деп, Күлімдеген ұстаздар. Ән арнадық арнайы Тағзым ете,ұстаздар. ІІ жүргізуші: Қара сөздің дауылы Құрмет еткен ауылы Екеуі хормен: Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы!
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар) М –мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ-ғазиз А-ақылды Л- лайықты І-іскер М- маман І жүргізуші: Бүгін бізде бастауыш сыныпта білім негізін қалаған, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әліппені жаттатқызған ұстаздарымыз қонақта. Келесі кезекте осы ұстаздарымызбен сұхбат жүргізсек. 1-сұрақ Ұстаздық мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? 2-сұрақ Бала кезіңіздегі арманыңыз қандай еді 3-сұрақ Алғаш еңбек жолын қайда, қай жылы бастадыңыз? 4-сұрақ Осы уақытқа дейін неше сынып шығарып салдыңыз? 5-сұрақ Сізді қатты ренжіткен оқушылар болды ма? 6-сұрақ Сабақ беріп жүрген кезде есте қаларлықтай қызықты сәттер болды ма? 7-сұрақ Біздерді оқытқан кезде сізге көп көмектескен оқушылардан кімді айтар едіңіз? 8-сұрақ Қазіргі жаңа оқушыларыңыз сіздерді ренжітіп, шаршатып жүрген жоқ па? ІІ жүргізуші: Жауаптарыңыз үшін көптен – көп рахмет. Сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ортамызға келіп, пікір білдіргендеріңізге рахмет айтамыз. І жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, біз сіздер оқытқан барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, зер салып, оқып, үйреніп жүрміз. Жан – жақты білім бергендеріңіз үшін алғысымызда шегі жоқ! ІІ жүргізуші: Шарамыздың келесі бөлімінде сазды сәлемімізді өздеріңізге тарту етеміз.
І жүргізуші 1. Ән «Мектебім» Орындайтын Қабдуалиева Анель
ІІ жүргізуші 2. Би « қазақ биі » 5 «б» сынып оқушылары
І жүргізуші 3. Ән «Аналар» Орындайтын Темірғалиев Нариман
ІІ жүргізуші 4. Би «Өзбек биі» 5 «ә сынып» оқушылары І жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға - деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі таңда мұғалім атаулының еңбегі зор. Сондықтан да ұстаздар қауымын құрмет тұтып, сыйлап жүру – біздің борышымыз. ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет айтып, сөз кезегін Айгүл апай мен, Ақтолқын апайға береміз. (Екі ұстазға сөз беріледі) І жүргізуші Рахмет. Өздеріңізге деген шәкірттеріңіздің дайындаған аздаған сыйлықтары бар. Соны қабыл алыңыздар. ІІ жүргізуші: «Ұстаз есімі мәңгі жадымызда» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды. Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа толсын! Мереке құтты болсын! Есен – сау болыңыздар!
(Соңы)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.