Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым». -

«Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3111 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым»
А.М.Дюсенова, Б.Қ Шарипова, А.Қ. Сарсекова
№26 жалпы орта білім беретін мектеп
1-ші жүргізуші : Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз. Той – жиынсыз болмас.
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі алда.
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлетпеңдер.
Қадірлі ұстаздарға арналған: «Ұстаз – үлгі-өнеге, ұлағатым» атты кешімізді бастаймыз.
2-ші жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: "Достар" музыка пәнінің мұғалімі Сейфулина Қ.С.
1-ші жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз.
Ұстаздарды құттықтау үшін сөз мектеп директоры: Қасабаев Асқарбек Қасабайұлына беріледі.
Толғау: Ұстаздарға арнау (Сатыбалдин М., Бектібаев Н.)
1-ші жүргізуші: Барша қазақ жұртының қамын ойлап, алғаш мектеп ашқан Ыбырай атамыз жастарды оқуға шақырған.
«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық» деген. Ендеше құрметті ұстаздар, бір-бірімізді жігерлендіре отырып ұстаздар әнін орындайық
Хор: «Ұстаз» (Ғалымда, шахтерда бас иетін)
1-ші жүргізуші: Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,
Арманын аласартпас сезімділер.
Бағбандай мәуелі баз мәпелеген,
Бала үшін бар азапқа төзімділер.
2-ші жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз, сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып дана, ғалым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Ән: «Ұстазым» Мұқанова А.
1-ші жүргізуші: Мектеп – кеме, білім – теңіз, ал ұстаз – мектептің жүрегі, тынысы, үні.
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, дана бола алады.
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп ұлылық боп қалады.
Ендеше, ұстаз сөзінің формуласы қандай? Соны шешіп көрейік.
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – танымал да
А – ардақты
З – замандастай зиялы
Ән: «Үкілі кәмшәт» Төлеубекова А. (гитара)
2-ші жүргізуші: Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп,
« streed dance » биін көріңіздер
Өнерге баға беріңіздер.
Би: « streed dance » Баймухамбетова Ж, Базарбаева А.
1-ші жүргізуші: Ұстаз деген асыл жан,
Табылады әр кез қасымнан
Білім берер жалықпай,
Сусындаймын жасымай.
Ән: «Мектебім» орындайтын Бақтыгүл
2-ші жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.
Ән: «Бұлбұл құсым» Бектібаев Н., Махмұтов С., Толеубекова А.
1-ші жүргізуші: Мұғалім – ұстазысың балалардың
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Ән: "Жас жүрек" Сұлтангазинов Е., Толеубекова А.
2-ші жүргізуші: Елімнің даласы,
Ауылы, қаласы,
Кәрісі, жасы да,
Кемеңгер данасы
Қарыздар ұстазға
Адамзат баласы
1-ші жүргізуші: Әзілдерін әдемілеп айтатын.
Жүрек сезім әзілдесе қайтатын
Қарсы алыңыздар шапалақпен әдемі
Ұстаздарына ұлағатты сай татын
«КВН» сайыпқырандарын ортаға шақырайық.
Сәуметов Д., Ғылымбеков С., Жанарбеков Е.
2-ші жүргізуші:Көкжал мінез қазақтың жүрек құсы
Таңғажайып тұғырды тілеп мысы
Қарсы алыңдар жанартау жабықпайтын
Қаражорға елімнің тіректісі
Би «Қаражорға» Ұлдар тобы
Хор: "Ұстазым менің"
1-ші жүргізуші: Қадірлі ұстаздар! Жандарыңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
2-ші жүргізуші: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
Семей қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.