Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы -

Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 3034 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Гаухар
Данышпан да дана да оқып сенен,
Атақ даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы асыл жанды
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең!
Тоғжан
Құрметті де аяулы ұстаздар!
Бүгінгі біздің «Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Гаухар
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
Тоғжан
Ұстаздардың ұлағатты сөзінен
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз.
Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,
Шырқай оған айттық біздер тілекті.
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,
Тербетеді сезім менен жүректі.
Гаухар
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!
Тоғжан
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкіттеріңіз көп болсын!
Бірге
Мерекелеріңіз құтты болсын! (музыка) (Ән Ұстазым Төрехан, Гаухар)

Тоғжан
Ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын
( Алтынай «Ұстаз туралы жыр)
(Айдана «Ұстаз деген...)
(Салтанат «Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз)
Гаухар
Табан тіреп төзгенсің қана ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Тоғжан
Қиындықта кездессең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ұстазымыз, өзіміздің сынып жетекшіміз Нұржауған апайымыз арамызға келіп отыр. Ендеше апайымызбен бірге өткізген сәттерімізді тамашалайық
(слайд кезекпен оқу)
• Біздің сүйікті ұстазымыз Нұржауған апай
• Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде апайдын еңбегі зор.
• Нұржауған апай Шәкірттерін сүйіспеншілікпен тәрбиелеген – кемел ұстаз
• Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл имамымен кездесу кешінде түскен сурет
• Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
демекші апай біздің артистік қабілетімізді шыңдай түсті
• Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады дегендей Нұржауған апайдың бізге вальс билеуді де үйреткен сәттері
• Біздің ең сенімді ұстазымыз, сыр жасырмай ашық айтатын адамымыз – ол Нұржауған апай
• Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау демекші бізбен бірге табиғат аясына шығып, бірге демалып, теннисті де ойнаған болатынбыз
• Біз Нұржауған апайдан тәлім алғанымызға мақтанамыз
Гаухар
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем әуен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады
Ұстазым әні сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!(Хор Ұстазым)
Тоғжан
Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз туралы айтылар сыр да , жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Бүгінгі айтулы күні сыныбымыздың оқушылары Нұржауған апайға арнаған жылы лебіздерімен бөлісуді жөн көрді.
(Шығармалар Гаухар, Артур, Гүлжаухар, Талғат)
(Айгерім өлең оқиды)
(Адресатты Қайрат оқып тапсырады)
Гаухар
Барлық ұстаздарды мерекелеріңізбен құттықтаймыз! (гүлдер сыйлау)
Тоғжан
Мұғалім ғазиз мұғалім
Төгілген арай шуағым
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін
Ән «Мектебім» Алдарыңызда сыныбымыздың әншісі Алтынай (қыздар билейді)
Тоғжан
Қазақта «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген жақсы сөз бар, ендеше аздап әзілге орын берсек дейміз. ( Жаужүрек мың келін)
Гаухар
Ұстаз мейірі Ана мейірімі пара пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп
Айналайын білім берген ұстаздар
Тоғжан
Ұстаз деген ардақты , киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп , тәрбие беретін, «білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Гаухар
Мұғалім! Аяулы ұстаз, сіздің алдыңыздан өтпеген жан бар ма? “Адам өмірде кім болып шықса да – олардың әрқайсысы өзінің алғашқы мұғалімімен, өзінің мектебін алғыс сезіммен еске алады” – деп өте әділ айтылған сөз.
Нұржауған апай сіздің алғашқы ұстазыңыз кім болды, қандай болды , сол туралы әңгімелеп берсеңіз.
Тоғжан
Апай, Алғаш ұстаз болып келгендегі қызықты оқиғаларыңызды еске түсіріп көріңізші
Гаухар
Бізбен бірге өткізген есте қаларлық сәттеріңізді әңгімелеп берсеңіз.....
Рахмет апай!

Тоғжан
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
(Көңілді күй. Оқушылар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
Гаухар
Құрметті ұстаздар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, шығармашылық табыс тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер!
Тоғжан
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеңіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!

Назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


№4 М. Әуезов атындағы орта мектеп

Тәрбие сағаты

«Ұстаз – ұрпақ мақтанышы»

Өткізген: Умарова Ж.
Сыныбы: 9 т

2013- 2014 оқу жылы


1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Бір өзіңе арналады аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…



т
9 9 т


Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.