.
.
3 «Б» сынып жетекшісі: Тауекелова Гүлжан Сыйласу-сәлемнен басталады.
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2471 | Размер: | Автор: ТәрбиеАшық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Сыйласу-сәлемнен басталады.
1).Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым–қатынас жасай білуге,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; 2).Халықтың салт-дәтүрімен таныстырып, өз халқыңның дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдетғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру; 3).Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар:Үнтаспа,слайд, телефон, нақыл сөз жазылған плакаттар «Сыйласу-сәлемнен басталады» ,«Сәлем-әдептіліктің белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы».
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық сәт.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Үлкенге иіліп сәлем бер,
Түнді күндей ашатын,
Кішіге үлгі болатын. 3. Жаңа сабақ.
1-жүргізуші:-Балалар, сабақта болмаған Жансұлудың телефон арқылы әңгімесін тыңдап көрейік. (екі оқушы телефонмен сөйлесіп көрініс көрсетеді) Жансұлу Илмираға телефон соқты.
Телефонды Илмираның анасы алды.
Жансұлу:- Илмира үйдема? Телефонға шақырып жіберіңізші. 2-жүргізуші: Телефонды анасы Илмираға береді. Жансұлу:- Әй, Илмира, математика пәнінен қандай тапсырма берді? Илмира:-Сәлем, Жансұлу! Халың қалай? Кешір менде кеше сабаққа бара алмай қалдым. Жансұлу:-«Жарайды онда»-деп телефон трубкасын қояды.
1-жүргізуші:-Жансұлу қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? 2-жүргізуші:- Жансұлу амандасу, сәлемдесуді ұмытты. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ? (Тақырыпты оқушылар өздері шығарады.) Оқушылар:-Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сыйласу сәлемнен басталады.» 1-жүргізуші:-Топқа бөліну. 1 топ-кішіпейіл; 2 топ-ізетті;
3 топ-инабатты. Бір-біріне жақсы сөз, тілек айту. 2-жүргізуші:-«Сыйласу-сәлемнен басталады» -Олай болса,сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (Топпен жұмыс) 1-топ: Сәлем-әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу кездескен адамдардың бір-бірінің аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір- бірімен ақжарқын амандасуы тиіс. 2-топ:Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қолын беріп амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді. 3-топ:Сәлемдесу түрлері: -Сәлеметсіз бе? -Сәлеметте болыңыз! -Аман-саусыз ба? -Аман-есенсіз бе? -Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба? Үй-ішіңіз аман ба, дені қарныңыз саума? Әсіресе ата-ағаларымыз? -Ассалаумағалейкум! яғни-сізге амандық тілеймін. -Уағалейкумассалам! яғни-сізге де амандық тілеймін деген. Ойын: Ішкі ритм. «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл күйде айту. Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала... «Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті» деген мақал бар.Ал оған керісінше «Алыстан алты жасар бала келсе,ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-деген аталы сөз бар. Жүргізуші:Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді. Жүргізуші:Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық. -Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-демекші халыңыз қалай? -«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді – келіңіз төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. -«Қонағын сыйласа төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын. -«Жат асына, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз. - Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» -«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші, ала отырыңыз. -Ой рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» демекші, алла риза болсын! -«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» қой қайтайын. -«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын. -«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз. -«Кәрі-кәрінің сөзі дәрі» дегендей о,не дегеніңіз?
-«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей, келіп тұрыңыз. Жүргізуші:-Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруға болады? 1-оқушы:Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен- кішіге байланысты емес. 2-оқушы:Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ шашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу-ата дәстүріміз. 3-оқушы:Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, қамкорлық, әдемі жарастық жатыр. Жүргізуші:-Ал енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрін көріп, салыстырайық. (Екі бала шығып, қарт пен жігіттің сәлемдесуін көрсетеді) Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата! Ата: Уағалейкумассалам, балам! Жігіт: Деніңіз саума? Аман-есенсіз бе? Ата: Құдайға шүкір балам, жүріп жатырмыз! Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма? Ата: Тегіс аман-есен, өсіп-өніп жатыр. Жігіт: Өзіңіз күйлі-қуаттысыз ба? Ата: Балалардың камқорлығында жағдайым жақсы! Жүргізуші:-Енді екінші көрініс. Әже мен қыз бала. (Әже мен кыз баланың сәлемдесуі) Қыз: Армысыз әже? Әже: Бар бол балам! Қыз: Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба? Әже: Тәңірге тәубә, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен! Қыз: Ылайым жақсы болсын! Әже: Өзіңе алланың нұры жаусын, балам! Жүргізуші:-Осы екі көріністі салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтыңдар. 1-оқушы: Кездескен кезде жасы кіші адам жасы үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік көргенсіздік болады.
2-оқушы: Сәлем беру-амандықтың, инабаттылықтың,көргендіктің, мәдениеттіліктің белгісі. 3-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға, ат үсті келе жатқан адам түсіп сәлем беретін болған. 4-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысады. Ұзақ уақыт көріспегенде қауышып құшақтасып амандасады. 5-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырлауына, үннің үйлесімділігіне яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен аптықпай салмақпен, әдеппен сөйлесу керек. Ата бата береді.Жасың ұзақ болсын!
Таудай бол!
Өркенің өссін!
Бақытты бол!
Білімді бол !
Қорытынды: Сәлем сөзін топтастыру. (бір-бірлеп сәлем сөзін оқып, тақтаға қойып шығамыз.) Ән: Ризашылық әні. Біз бақытты балдырғандар. Бала тілегі.
Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
3”Б” сынып жетекшісі: Тауекелова Гулжан. 02. 02. 2013жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.