.
.
Тақырыбы: Сырласайық анашым! Сырласайық анашым!
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1554 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік
негізінде тәрбиелеп, ана өнегесінен үлгі алуға, салт-дәстүрлердің
тәрбиелік мәндерін ұғына білуге баулу.
Көрінекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, слайд
Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру.
Қонақтарды топқа бөлу.
1.Зерде
2.Асылжандар
3.Қызғалдақ
Кіріспе
• Еңбек етсең ерінбей...
• Өнерлі өрге жүзер...
• Жағдаяттан қалай шығасыз.
• Қорытынды
Армысыңдар , қадірменді аналар, ардақты ұстаздар, аяулы қыздар!
Халқымыз «Әйел – барша тірліктің бастауы,көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған, өйткені әйел ана – әрбір отбасының алтын діңгегі.
Қазақ халқы – ата-ананы пір тұтқан халық. Сондықтанда болар тегімізді атадан, тілімізді анадан таратқан халықпыз. Қорқыт ата кітабында «Атасыз ұл-ақылға жарымас,анасыз қыз-жасауға жарымас» жәнеде «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе , ұл жарқылдап ас бермес әке үлгісін көрмесе» деп бекер айтпаған. Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қызды тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екендігін білдіреді.Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғыр, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. Олай болса «Ұлтыңды сақтаймын десең , қызыңды тәрбиеле» деген нақыл сөзді ұстана отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.
Еңбек етсең ерінбей...
*Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма сенемін.
Арманыма жеткізер
Уақытыма сенемін-деп,Адам өз еңбегінің дәмін татып, жемісін көрген кезде ғана жақсы сезінеді.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Ердің атын – еңбек шығарады, еңбек – адамның екінші анасы.
- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. –мақалды құрастырып,мағанасын түсіндіріп беріңіздер.
- Ал енді осыны іспен көрсетейік.
Қызғалдақ тобы: Қағаз қызғалдақты, гүлді қалай жасайтынын көрсетейік. Зерде тобы мен Асылжандар тобы: Қағаздан ою арқылы текеметті қалай жасайды.
Енді бір сәт серігіп алайық.(Еңбектің мәнін ұғыну мақсатында сергіту сәті)
Еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп.(Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді)
Мұның аты –Еңбек.(Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп.(Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірленсең –Еңбек. .(Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең, зерлеп. (Екі қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты –Еңбек.(Екі қолын жаяды.)
Қиындықтың бәрін. (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)
Өнерлі өрге жүзер...
Сымбатына өнері жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өздеріңе сай келіп тұрған жоқпа,
Қызығып қарасаң шын қызғалдақ пен анамызға-деп, Өнерлілер өз өнерлерін көрсетеді.
Жағдаяттан қалай шығасыз.
1. Сіздің ұлыңыз қыз балаға дөрекі қылық көрсетті.(Сіздің көзіңізше) Сіздің іс-әрекетіңіз.
2. Қызыңыз өте жақсы оқитын.Бірде қызыңыз «екі » алып, мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді.Сіздің пікіріңіз.
3. Сіздің қызыңыз мені ұрды деп ,бір қыз бала өтірік айтып келді.Сіздің қолданар шараңыз.
4. Сіздің қызыңыз «математика пәні ұнамайды деді».Сіз қандай шара жасар едіңіз.
5. Сенің дос қызыңның туған күні ,оған баруға уәде де беріп қойдың.Анаң аяқ –асты ауырып қалды...
6. Сен осы тоқсанды жақсы қорытынды мен аяқтасаң, қымбат телефон алып беремін деп уәделесі анаң , Сен осы тоқсанда жақсы қорытынды көрсеттің ,ал бірақ анаң уәдесінде тұрмады...
Қорытынды: Ұлт тәрбиесі –ұлт болашағы.Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Ұлтыңды сақтамын десең , қызыңды тәрбиеле. Білімді, денсаулығы мықты қыз баланы өсіру үшін мектеп пен ата-ана болып ынтымақтасаып атсалысуымыз қажет. Демек қыз бақыты ана мейірімі мен өнегелі тәрбиесінде.Жақсы қыз болашақта ана үмітін ақтап, елін сүйер азаматша болады деген сенідемін.Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірім тілеймін.
Егеменді еліміздің ертеңгі қыздары қандай болуы керек.
• қыз бойынан нені көргіміз келеді?
• қыз қандай болу керек?
• қызда қандай қасиеттер болу керек? Деген сұрақтарға жауап берейік.
Бүгінгі сабаққа ой-пікіріміз.
Келесі кездескенше күн жақсы!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.