.
.
Сырласайық жеңеше «Сырласайық жеңеше!».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2045 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: «Сырласайық жеңеше!»
Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту,
жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
І - жүргізуші:
Көктем келсе сағынған қарашаны,
Ерке қыз жеңгесімен жарасады.
Бәріне бақ-береке біз тілейміз,
Қарсы алыңдар, қол соғып тамашаны.
ІІ – жүргізуші:
Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір қыз бала
бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа
үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе қыз анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық , өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретіп жүрегіне ұялатуға күш салады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.» демекші шаңырақта дұрыс тәрбие
көрмеген сәби ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз отбасында қайталайды.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы.
І – жүргізуші:
Ағайынға аймақ болған жеңешем,
Абысынға қаймақ болған жеңешем.
Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп
Қайын сіңлісіне қайрат берген жеңешем!
Еркем-ау, ақмаралым, күн мен айым,
Сен сұрасаң мен неге құр қалайын,
Жіберсе біреуден хат-хабарын,
Талай рет түн жамылып жорғалайын.
Ауылыма көрік берген жеңешем,
Бақ құсындай келіп қонған жеңешем.
Қиынын да, қызығын да тең бөліп,
Жақсы ағаға көрік болған жеңешем.
Ақ жеңешем үлгі-өнеге көзіндей,
Қазағымның дәстүрлерінің өзіндей.
Қалпыңменен жет келешек ұрпаққа,
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей. – дей келе ортаға жеңге мен қайын сіңілілерді шақырамыз.
ІІ – жүргізуші:
1. 11 класс оқушысы Қадірғали Ақбота жеңгесі Ләззатпен
2. 10 класс оқушысы Кеулімжаева Гүлнұр жеңгесі Мирамгүлмен
3. 9 класс оқушысы Қоңырбаева Айдана жеңгесі Әйгеріммен
4. 8 класс оқушысы Мусаева Айнұр жеңгесі Мақпалмен
І – жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық:
1. Мектеп директоры : Кулсарина Маншук Қоқанбайқызы
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Аманова Клара Лайыққызы
3. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Қайырбаева Райза
ІІ – жүргізуші:
Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса.
«Сырласайық, жеңеше!» сайысын біз бастайық!
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.
1. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/
2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /Өнер көрсету/
3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
жаман» /жеңгелер ұршық иіреді, қайынсіңілілері ою ояды/
4.«Тығырықтан шығу» /Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.
өз пікірлеріңізді білдіресіздер./
5. «Сұлулық сыры» /Бұл кезеңде жеңгелері қайынсіңілілеріне киім үлгісіне сай шаштарын сәндеп беруі керек./
6. Үй тапсырмасы
І – жүргізуші: Олай болса сайысымыздың
І кезеңі. Таныстыру .
Жеңгем менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеме гүл болып тағыламын,
Жұлдызыңдай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын. -, деп жеңгелер, қыздарымен өздерінтаныстырады.
Сөз кезегін бірінші жұпқа береміз. ...... ....... ......
Рахмет!!!
ІІ- жүргізуші: ІІ кезең.
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін әртістердің – деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз алдарымызға өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.
Сайыскерлерімізге рахмет!
І – жүргізуші:
Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша жеңгелер ұршық иіреді , аруларымыз ою ояды. Күрделі әрі ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланады.
ІІ – жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың
Ән жолдайтын аналардың баласы бар.
Ән: «Асыл ана» орындайтын 4 класс оқушылары Жаңагүл мен Раушангүл
Келесі шартымыз «Тығырықтан шығу» деп аталады/Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. өз пікірлеріңізді білдіресіздер./
Жеңгелерге:
• Сіздің қайынсіңіліңіз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңыз. (Бөрік, тымақ, шалма, сәукеле, қалпақ, тақия, т.б.)
• Сіз үлгермей жатырсыз қайынсіңіліңіздлі кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек болды. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
Киіз үй бұйымдарын атаңыз? ( Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)
• Қайынсіңіліңіз туған күніне достарын шақырғысы келді, бірақ ата- анасы қарсы. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
Жеті қазынаға нелер жатады? (Жүйрік ат, құмай тазы, ер жігіт, сұлу жар, мылтық ақыл. т.б.)
• Қайынсіңілін қонуға келді. Түннің ортасында ол шығып кетеді. Шығып кеткенін білмей қаласыз, бірақ таңата үйге кіріп келе жатқанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз.
Қазақ халқының сүттен жасалатын тағам түрлерін атаңыз? (Айран, құрт, ірімшік, сүзбе)
Оқушыға:
• Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға жеңгең қарсы. Сен не істейсің?
• Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті сен не істейсің?
• Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Сол уақытта жеңгеңде тапсырма берді. Қайсысын орндар едің? Біреуі орындалмай қалды не істейсің?
• Аға жеңгесінің үйінде жатып оқитын бала сабақтан себепсіз көп қалады, бірақ оны жеңгесі білмейді. Сен не істер едің?
Жеңгелермен қайынсіңілілер дайын болғанша кезекті әнге береміз:
Ән : «Үкілім- ай» орындайтын 7 класс оқушылары
І – жүргізуші: Жеңге қайынсіңіліредің жауаптарын тыңдайық.
Рахмет!
ІІ – жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын -дей келе сайысымыздың У кезеңі
«Сұлулық сыры» деп аталады.
Бұл кезеңде жеңгелері қайынсіңілілеріне киім үлгісіне сай шаштарын сәндеп беруі керек.
Сайыскерлеріміз дайын болғанша, музыкалық сәлемдеме. «Ана туралы жыр» орындайтын: Жиеналин Темірлан
ІІ –жүргізуші:
УІІ кезең. Үй тапсырмасы. Бұл шартта үйде дайындап әкелген тағамдарын, заттарын қорғайды.
Әділқазының шешімі дайын болғанша кезекті әнге береміз.
Ән: «Анама» орындайтын: Келдібай Дәурен
1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Кулсарина Маншук апайға береміз.
ІІ - жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадымен болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау-саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
ҚАРАБҰТАҚ ОРТА МЕКТЕБІ
/сайыс/
Өткізген: «Инабат» клубының жетекшісі:
Туребекова К.Т.
6 наурыз, 2013 жыл
• Сіздің қайынсіңіліңіз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
• Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңыз.
• Сіз үлгермей жатырсыз қайынсіңіліңіздлі кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек болды. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
• Киіз үй бұйымдарын атаңыз?
• Қайынсіңіліңіз туған күніне достарын шақырғысы келді, бірақ ата- анасы қарсы. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
• Жеті қазынаға нелер жатады?
• Қайынсіңілін қонуға келді. Түннің ортасында ол шығып кетеді. Шығып кеткенін білмей қаласыз, бірақ таңата үйге кіріп келе жатқанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз.
• Қазақ халқының сүттен жасалатын тағам түрлерін атаңыз?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.