Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Түйір нан – тамшы тер». -

«Түйір нан – тамшы тер».

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 2641 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Түйір нан – тамшы тер».

Түрі: әңгіме

Жас шамасы: 9- 16жас

Мақсаты: Ас атасы нанды қастерлеуге, қандай ащы еңбекпен келетінің түсіндіру. Нан түрлерімен таныстыру.
Еңбекке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
Ой өрістері мен тіл байлықтарын дамыту.
Көпшілік ортада ой-пікірін еркін жеткізіп, нақты дәлелді сөйлеуге
үйрету.
Ұлттық рухққа, жылдам шешім қабылдауға, тосыннан ой айтуға, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі суреттер т.б.


Жоспар: 1.Ұйымдастыру.
а) Нан түрлері.
2. «Жердің сәні егін, ердің сәні білім».
3. «Қуыршақ пен бауырсақ». (көріңіс)
4. Қорытыңды.


Тәрбие сағат барысы:
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

1. Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. Нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. Тіпті ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. Бұл нанның құдіретті ас екендігін дәлелдейді. Сол үшін зауыттардан тәулік сайын миллиондаған нан пісіріліп, халыққа тынымсыз сатылады. Нанды қалай болса солай бөліп турай беруге болмайды. Оның ұсағының өзі киелі. «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа қалады» - деген сөзді ата-әжелеріміз көп айтады. Себебі , қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жаныны жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. Қазіргідей тоқшылық заманда біз секілді жастар мүмкін нанның қадірін тереңнен ұқпас. Кез-келген жерде тәтті тоқаштарды жеп кете береді. Жерде жатқан нанды көрсе алмайтындар да бар. Ойланбай қоқыстардың арасына тастай салады. Бұл әрине кешірілмес күнәдей сезіледі маған. «Бір тоқтықтың бір аштығы болады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды қадірлей білейік балалар.
Ерк ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде

а) Нан болмаса бағыңның кетері бар,
Нанмен ғана өмірдің өтері бар
Жолда жатса егерде бір үзім нан
Арланбай-ақ сен оны көтеріп ал – деп талай ақын-жазушыларымыз жырлаған.
- Қазір балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер сол жұмбақтын шешімін тез, әрі дұрыс шешулерін қажет.
1.Ұзын мұртты сарылар 2. Асты-тас ,үсті-тас
Қойнында наны бар.(Бидай) Ортасында піскен ас.(Таба нан)
- Балалар күнделікті жеп жүрген нанның қаншама түрі бар екенің білесіңдер ме? - Нанның 200-ден астам түрі бар екен. Наннан басқа ұнан, бидайдан жасалатын тағамдардын түрлері қаншама!
Қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. Қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші.
Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.
Таба нан – тапаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.
Төп – тарының шикі, піскен сөгінен, талқанынан, күріштен әзірленетін дәмді тағам. Қазанға су құйылып, тұз салынып пісіріледі де үстіне шыжық, май қосып әкелінеді.
Бөртпе – күріштен, піскен сөктен сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.
Қазанжаппа - ұннан қа- мыр илеп, оны жұқалап, дөңгелек етіп жасайды да ыстық қазанға жапсырады. Піскен соң үстіне не май, не қаймақ жағады.
Жарма – қуырылған бидайды, піскен сөкті диірменге өте ұнтақтамай тартып, жарма жасап, сүтке, қаймаққа, майға, айранға былғап әзірлейді.
Күлше – қатты иленген қамырды домалақтап, сопақшалап қызуы мол қоламтаға көміп, 15-20 минуттан соң алып, жейді.

Төңкерме – қызған қа-занға бидай ұнын себелеп қуырып, басқа ыдысқа салып алып, қазанға мал майын турап шыжғырып, үстіне су, сүт құяды.
Қуырылған ұнды қосып, тұз салып, араластырады да дастарханға қояды.
Быламық – ұннан, тал-қаннан, бидай жармасынан жасалатын тағам. Ұнды, жарманы қазанға аздап қуырып алып, қойдың шыжғырылған іш майын қосып, үстіне су құйып, үздіксіз араластырып жасайды. Көбінесе қарттарға, сәбиге береді.
Нан салма – етке салатын 2-3 нан жайманы суға қайнатып пісіріп алады да алдын-ала сары майға қуы-рылған жұмыртқаны үстіне салып дайындайды.
Қолдама – сүтке немесе сорпаға иленген нанды майлы сорпаға салып пісіреді.
«Сылқ етер» - жайма наннан жасалады. Суға піскен жұмыртқаны үстіне турап салып, әкеледі. Бүркеме – жаңа піскен ақ ірімшікті қамырға орап, бетіне май жағып, табаға салып, қоламтада пісіреді.
Ботқа – дәнді дақылды суға қайнатып жасайды. Олар: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, тары, ноқат т.б. Бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатысынан әзірлейді. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары ма жағып жесең, өте дәмді. Құймақ - ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, суға араластырып, сұйық күйінде қазандағы майға пісіріп әзір-лейді. Оны шаймен жейді. Қонаққа құймақ құйып берсең, қатты риза болып қалады.
Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасайтын сусын. Олар: жас боза, қорланған боза, уытсыз, жай ашытылған мақсым боза.
Мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. Ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ.

2. Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.
Жердің сәні егін, ердің сәні білім – дегендей балалар, осы тақырыпта өздерін қандай мақал-мәтелдер білесіндер? (балалар жауабын тындау).
Арпа бидай ас екен,
алтын күміс тас екен.

Бидай тоңға тимей,
аузың нанға тимейді.

Пейіліңді кеңге сал,
қырманыңды дөңге сал.

Диханшылық түбі — кеңес,
саудагершіліктің түбі — борыш.

Дихан болсаң сүдігеріңді сайла,
шаруа болсаң малың жайын ойла.

Дихан болсаң жеріңнің басында бол,
сыпайы болсаң бегіңнің қасында бол.

Дихан бір иіннен.

Диханшылықтың бірі бес,
ұқыптылық оған ес.

Дихан жауында тынады,
балықшы дауылда тынады.

Диханшы жерін мақтайды,
балықшы көлін мақтайды,
кәсіпқор кенін мақтайды.

Егіндікте ел тастама.

Егін ексең тыңға ек,
одан өнер өнім көп.

Егініне қарай қырманы,
күтіміне қарай түсімі.

Екпей егін бітпес.

Екпей егін шықпас,
үйренбей білім жұқпас.
Егіні бітіктің
қырманына қыдыр қонады.

Егіндікті күз суар,
күз суарсаң жүз суар.

Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты.

Егінші мәрт, жер жомарт.

Егін ырыс таңдамайды,
еңбек таңдайды.

Егінді дөңге сал,
дөңге салсаң — көңге сал.

Егін ексең тыңға,
шықтым дей бер шыңға.


Екпесең жер қысырайды, Жерің жақсылық қылмағның -
күтпесең көл қысырайды. тасты дей бер қырманым
Кезіңде ексең егінді,
Егінші жерге қарайды, Мол аларсын өнімді.
құс көкке қарайды.
Қырман басы — береке,
Егінші жылда арманда, көп жүрген жер — мереке.
балықшы күнде арманда.

Егістік жеріңді күз айда, Жабайы шөп егінді аздырар,
жазға қалса жүз айда. еріншектік ерді аздырар.

Жылай-жылай арық қазсаң, Жердің сәні егін, ердің сәні білім.
күле-күле су ішерсің.
Күріш арқасында, күрмек су ішеді. Күріш азса күрмек болар.
Ексең егін, ішерсің тегін.



3. Нандай жоқ қой асыл дәм.
Жеп үйренген жасымнан
Дастарханан нан кетсе
Береке кетер асыңнан – демекші, балаларқазір “Қуыршақ пен бауырсақ” атты шағын көріністі тамашалайық.

Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ
-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ
-Дүкенен келдім нан сатқан
-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ
-Наубайға келдін қай жақтан?
-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ
Диірменен келдім ұн тартқан
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
Арғы жағым ақ бидай
Тәттімін жеп көр бақшимай
Жесен өзің байқарсың
Рахмет айтарсын


4. Қорытыңды: Ей,балалар,балалар,
Болмандар сірә нанға тар
Өмірдін алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастандар.






Астана қ. Білім басқармасы
Балалар үйі
Управление образования г.Астаны
Детский дом

Әңгіме
«Түйір нан – тамшы тер»




Дайындаған және өткізген:
Бурумбаева Л.С
Подготовила и провела:
Бурумбаева Л.С





Астана, 2010жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.