.
.
Ақбота қыздар клубының отырысы. «Тәрбие бастауы - Ана».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1575 | Размер: | Автор: Тәрбие«Тәрбие бастауы - Ана».
Көрнекіліктер:
1. «Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар».
2. «Әкені көріп ұл өсер,
Ананы көріп қыз өсер».
3. «Атаны көрген оқ жанар,
Ана көрген тон пішер».
Жүргізуші: Армысыңдар, аяулы Аналар, қадірменді Ұстаздар, тал шыбықтай құрбыларым, сіңілі – апаларым! «Ақбота» қыздар клубының «Тәрбие бастауы – Ана» атты отырысына қош келдіңіздер!
Құдіретті жыр тудырған санамда
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?!
Кім де болса періште ғой ғажайып
Әттең, шіркін, кетпесе екен азайып...
Қазақ қызы - әрқашан өзінің керемет сұлулығымен, мінез – құлқымен, парасаттылығымен көрінген. Халқымыз қызының ақылды, сұлу, тапқыр, өжет, дана болуын көздеген.
Ал бүгінгі қыз – ертеңгі ұлт анасы. Осы арайда, бүгін «Ақбота» қыздар клубы отырысында жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі, оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, өресін биік етіп тәрбиелеу ананың басты міндеті болғандықтан, отырысымызға аналарды шақырып отырмыз. (Қонақтармен таныстыру).
Отырысымыздың барысында қыздарға ана мен қыз арасындағы қарым – қатынас жөнінде бірнеше сауал қойып, пікірлерін білдірсе де тұрмын.
1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?
2. Анаңмен сырласасың ба, жеке басыңнын сырын ашасың ба?
3. Өзіңді толғандырып, жауабын, шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл – кеңес сұрайсың ба?
Қыздарға сұрақтарды қойып, жауап алу.
Жүргізуші: Бәріңізге де рахмет, енді бүгінгі көтеріліп отырған мәселе төңірегінде аналардың ой – пікірін білсек.
Қыз бала – болашағымыз, ұлт – тірегі десек, осы тұрғыдан қарап мына сұрақтарға жауап беріп, сыр бөлісіп көрелік.
Сұрақтар:
1. Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпенімді тоқып берсе де өлмеймін ғой» деген нақыл сөз бар, аналық парызыңызды қалай өтеп жүрсіз?
2. Анаға, әсіресе, қыз бала жақын. Аналық парызыңызды өтеу үшін өз бойыңыздан қажетті қасиеттер табыла ма? Табылмаса, жетпесе, оны қайдан іздейміз? Әлде іздегіңіз келмей ме?
3. Ана ретінде қызыңызға нені үлгі тұтар едіңіз? Атам қазақ: «Қызын өссе, қызы жақсымен. Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол» деген ғой.
4. «Аяғын көріп асын іш, Анасын көріп қызын ал» деп, ата – бабаларымыз айтып кеткен екен, қызыңызға берген аналық тәрбиеңізге ризасыз ба? Қыз тәрбиесіне көңіл бөлмей жүрген аналар туралы не дер едіңіз?
Жүргізуші: Аяулы аналар, пікірлеріңізге көп рахмет, отырысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Әлемдегі Күннің жарқын да, күңгірт те жақтары бар екенін бәріміз де білеміз.
1. Қыздар тәрбиесінің көлеңкелі, күңгірт жақтарын қозғайтын болсақ, бүгінгі заманда қазақ қызының тәрбиесінің жағдайы сізді қандай мәселелерімен толғандырады?
2. Жас қыздарымыз көптеген жат қызықтарға ұрынып жүр, сол туралы ойыңыз?
3. «Қыздың жолы жіңішке» деп, оны сыйлап отырып, «Қызға қырық үйден тыю» деп оның тәрбиелі, әдепті болуын қадағалап, оны қамқорлыққа алған, қазіргі уақытта қыздар тәрбиесінде жұмсақтық тіпті жете көңіл бөлмеушілік көрсетіп жүрген жоқпыз ба?
Сұрақтарға жауап айтылады.
Жүргізуші: Иә, қазақ: «Қызға қырық үйден тыйым», - дейді. Қазақта тәрбие салалары жоспарланбаған, бірақ та ұрпағын әдепті, өнегелі етіп тәрбиелеген.
Бәрі де, ана, өзіңнен басталады,
Сен деп жаздым алғашқы өлең – дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады.
«Ақбота» қыздар клубының белсенділер алқасы отырысымызға қатысқандарыңыз үшін бәріңізге де алғыс білдіреді.
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп
«Тәрбие бастауы - Ана»
«Ақбота» қыздар
клубының жетекшісі:
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Аюпова Л.Х.
Тасқала 2012 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.