Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәрбиелі – тәртіптің құлы. -

Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1844 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Мақсыты:мақал-мәтел,өлеңдер үйрету,олардың мағынасын талдап, пайдасы туралы әңгімелеу;

Көрнекілігі:мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер.

Ұйымдастыру:сәлемдесу.түгендеу.

Мұғалімі:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарымқатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Мысалы уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен »дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды.Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе байқамай бұзады.
Егде және сыртқы адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен әрі ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.
1-оқушы: Етек кетер салақтап,
Бос жүріспен далақтап
Ұқыптап сабақ ұқпайды.
Өз бетімен алақтап.

2-оқушы: Ілгек, түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрысып,
Құспен, малмен жарысар.
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей ақыл сөзіне.

3-оқушы:Тазалап тұру керек,
Ерте мен кеш бала.
Кір-кір болу елден ерек
Мүлдем ұят, иүлдем ұят масқара!
4-оқушы:Кеше ғана қалдырған
Өміртайдың түймесін
Орнында жоқ, япыр-ай,
Қайда кеткен, бұл несі?!
Мұғалім: Ал енді балалар кезекті мақал-мателге берейік.
«Жақсыдан үйрен
Жаманнан жирен » деген мақалды қалай түсінесіңдер
Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез, әдептен!
Мақал-мәтел айтылады.
5-оқушы: Аға әдепті болса,
Іні де әдепті.
Апа әдепті болса,
Сіңілі де әдепті.
6-оқушы:Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
7-оқушы:Әдептіліктің бнлгісі- иіліп сәлем бергені.
8-оқушы: «Сіз» деген- әдеп, «Біз» деген көмек.
9-оқушы:Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өтн шығар кекиіп.
10-оқушы:Бәрі жақсы баланың
«Беске» оқитын сабағын,
Азаматтық оны де
Ойнатса кім інісін,
Мақұлдайтын мұнысын,
Өзі түйме қадаса,
Мұнда бала тамаша.
Барын берсе қолындағы,
Бала жомарт болғаны.
Мұғалім: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» демекші енді кезекті әнге берелік....
11-оқушы:«Ұқыптың тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас»
«Олақтық жаман, олақтықтан салақ жаман
Мұғалім: -Бөлмеге қалай кіру керек?
-Автобуста өзіңді қалай ұстау керек?
- Егер де жаныңда тұрған біреудің бірдеңесі түсіп қалса, т сен не істейсің?
-Үйге кірерде үлкен адамдарға не істеу керек?
- Көшеде кәмпиттің қағазын қайда тастау керек?
- Қандай әдепті сөздер білесің?
Мұғалім:«Әдеп» пен «әдетшілік»деп қандай мінез бен іс әрекетті айтамыз?
12-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
13-оқушы: Жас–кәріге сіз деген,
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген
Ізетті ұл мен қызбенен!
14-оқушы: Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, әділдік, адалдық, ұқыптылық жауапкершілік.

Қорытынды: Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Әдептілік көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер жатады. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам-мәдениетті де әдепті адам.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.