.
.
«Төрле, төрле әз – Наурыз!» «Төрле, төрле әз – Наурыз!».
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1985 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:
1. Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мәлімет беру, оның қадір- қасиетіментүсіндіру. Наурызға байланысты салт –дәстүрлерімен таныстыру.
2. Наурызға байланысты өлеңдер, нақыл сқздер, мәтіндер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, қазақ халқының дәстүрін таныстыра отырып оның тілің де , елің де, өнерің де, салт – дәстүрлерін құрметтеуге,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар: “Бәйшешек”, “Қызғалдақ”, Ақсүйек, ұяшықтағы сұрақтар, жұмбақтар, наурыз туралы өлеңдер, бата, ата –аналар өсиеті, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация, ұпайларды көрсетіп тұратын кесте, ұпайлар 10,5,3.
Роза Рымбаеваның әнімен –“ Қош келдің ,Наурыз!” басталады.
1-ойын “Сәлемдесу”- әр топ өздерімен таныстырады.
2-ойын “Бәйге” – сұрақтарға жауап беру.
1) Наурыз мейрамы қандай ұғымды білдіреді
2) Ұлыс күні жасалатын тағам
3) Қазақтың ішекті музыкалық аспабы
4) Көктем айларын ата.
3-ойын “Жорға” мақалдарды аяқтау
1) Туған жер - ... (алтын бесік)
2) …– отбасынан басталады. (Отан)
3) Білім – теңіз, мектеп - ... (кеме)
4) ... – инемен құдық қазғандай. (Оқу)
4 –ойын “Дұрыс па, бұрыс па?” сұрақтар бұрыс болса оқушылар қолдарын көтереді, дұрыс болса қол шапалақтайды.
1) 16 – желтоқсан –Тәуелсіздік күні
2) Бесбармақ – француздардың ұлттық тағамы
3) Бауыржан Момышұлы – қазақтың батыры.
4) Мектепте біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.
5 – ойын “Ақсүйек” - кестедегі жуан және жіңішке сөздерді ұяшықтарға толтырып жазады. Ақсүйекті мен бір оқушыға беремін, ол тақтаға бір жуан сөз жазады да, келесі оқушыға ақсүйекті бере отырып қандай сөз жазу керектігін айтады. Сөйтіп әр оқушы “Ақсүйекті” бір – біріне бере отырып, жуан – жіңішке сөздерді жазады.
Жуан Жіңішке
6 –ойын “Жұмбақ жасыру, ата – аналар сайысы” - әр топқа 3 жұмбақ беріледі, ата – аналар “Қ” және “А” – дыбысына сөздер айтады.
1) Қос алып көз Бірі жарықта көреді,
Бірі қараңғыда көреді.
Жауабы : Ай мен күн
2) Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады.
Жауабы : Алма
3) Доптар жатыр желісі бар,
Қабат-қабат терісі бар.
Жауабы : Орамжапырақ
4) Сағат сайын қағылады,
Тек мектепте табылады.
Жауабы : қоңырау
5) «А» - дыбысына сөз айтыңыз.
6) «Қ» - дыбысына сөз айтыңыз.
7 – ойын “Ойлан , тап” – “Бәйшешек”, “Қызғалдақ” сөздерінен сөз шығару.
Бәйшешек
Қызғалдақ
Бекіту.
1сайыс 2 3 4 5 6 7
- Қызғалдақ тобы: ¬---------------------------------------------
1
сайыс 2 3 4 5 6 7
- Бәйшешек тобы: ----------------------------------------
Әділ қазы алқаларына сөз беріледі . Жеңімпаз топ анықталады. Сыйлықтар таратылады.
Бата беру салты
№4 орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Төрле, төрле әз – Наурыз!»
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есенберлина Айнұр Ермекбайқызы
Жезқазған қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.