Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төрт түлігім –ырысым. -

Төрт түлігім –ырысым.

Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 0 | Просмотров: 1767 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы : Төрт түлігім –ырысым
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым
сөздер, жұмбақтар жаттау. Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру
және актёрлік қабілетін дамыту. Төрт түлікті құрметтеп, күтіп –бағуға
тәрбиелеу.
Саба0ты4 көрнекілігі: Мақалдар, сызба, төрт түліктің суреті және олардан алынатын
өнімдер , киімдер, ертегіге керекті заттар, т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
-Құрметті қонақтар бүгінгі ₺Төрт түлігім-ырысым ₺ атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
- Балалар, барлығымыз тақтаға қарайықшы. Тақтадан біз нені көріп тұрмыз?
- Енді осы мақалдардың ішінен жасырын сөз бар. Сол сөздерді тауып көрелік.
... – түлік төресі . (түйе)
...- түлік патшасы. (жылқы)
Мал өсірсең, ... өсір,
өнімі оның көл көсір.
Малды бақсаң, ... бақ, Сүт кетпейді шарадан
- Енді , балалар, жылқы, түйе, қой, сиырларды бір сөзбен қалай атаймыз? (төрт түлік)
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мына сызбаға қарайық. (Сызба бойынша тақырыпты түсіндіріп шығамын.)
- Төрт түлікке ешкі , сиыр, қой, жылқы, түйе жатады.Олардың үй жануарларынан айырып атау себебі не деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т.б. заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Төрт түлікті денесіне қарай отырып, екіге бөледі: Ірі қара, ұсақ. Денесі ірі болғандықтан түйе, сиыр, жылқыны ірі қара деп атаймыз. Сондықтанда түйе,сиыр, жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Ал, ешкі мен қойды ұсақ малға жатқызады және бұл екеуінің өрісі бір болғандықтан екеуі үнемі бірге айтылып, бір төл түрінде есептеледі. Ата-бабаларымыз сонау заманнан төрт түліктіқолға үйретіп, өздеріне керекті өнімдерін алып отырған. Айта кететін болсақ , түйенің сүтінен балқаймақты қайнату арқылы алса, сүтті ұйыту арқылы шұбат алады. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады. Қазіргі кезде газет-журналдардың ақпараттарына сүйенсек өкпе ауруының көп екеніне көз жеткіземіз. Сол өкпе ауруына бірден-бір емдік сусын ретінде қолданылады. Мысалыға айта кететін болсақ, өзіміздің Маңғыстау облысымыздағы Тұщыбек санаториясында өкпе ауруын емдеу кезінде шұбатты пайдаланады. Әр малдың сүтінің әр түрлі емдік қасиеті бар.Мысалы: ешкінің сүті жеңіл болғандықтан жас нәрестелердің қарны ашқан кезде ана сүтінің орнына береді. Өйткені ешкі сүтінің құрамы ана сүтімен бірдей. Жылқының сүтін ₺саумалдық₺ деп атайды. Осы саумалдықты ашытып, қымыз дайындайды. Қымызды өкпе ауруына және асқазанды емдеуге пайдаланылады. Етінен-қазы айналдырады, жал-жая алады. Жылқының майын адамның мсүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады. Малдың терісінен қамшы, етік, тон, бас киім тігілетін болса, жүнінен киіз үйдің жабдықтарынан: бау-басқұр, алашалар тоқып, үзік, туырлық, іргелік, т.б.киіздерін, текеметтерді басқан және әр түрлі киімдер тоқыған. Мысалы: жемпір, телпек, қолғап, байпақ. Малдың жүнінен тоқылған киімдер өте жылы болады.
Ата-бабаларымыз малдан керегін ғана алып қана қоймай, сонымен бірге өлеңдер, жұмбақтар, мақал- мәтелдер , жаңылтпаштар, әндер-күйлер, санамақтар арнаған. Төрт түлікке байланысты жырларды біз ана тілі сабағындағы ₺Атадан қалған- асыл сөз₺ бөлімінен оқып танысқанбыз. Тағы бір айта кететіні ата-бабаларымыз балаларын еркелеткенде құлыншағым, ботам, қозым деп төрт түлікпен байланыстырып отырған. Төрт түліктің жүріс-тұрысына қарап ауа райында болжаған.
- Ендеше , балалар, бүгін біз осы төрт түлік туралы білгендерімізді ортаға салып, екі топ болып жарысатын боламыз.
(Оқушылар екі топқа бөлу, топтың атын тағайындау.)
- Осы сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасын тағайындап алайық. Оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайды, тәрбие жұмысының меңгерушісі Көкен Гүлжамал апайымызды және бірлестік жетекшісі Қадірова Гүлбану апайларымызды сайлаймыз.
- Ендеше сайсымыздың бірінші кезеңі ₺таныстыру₺. Әр топ басшысы өз тобының атын таныстырады.
1-ші топ басшысы қаржаубай Динара
Білім мен өнер жиып бойымызға, Жеңісте алда көріну ойымызда. Төрт-түліктің төресі, ₺Аруана₺деп атадық тобымызды . Қазаққа тән мінезі бар бойында, Асықпай-ақ жетер өз ойына. Аруанадан үйреніп сабырлықты, Алдарыңа келіп тұрмыз сайысуға
2-ші топ басшысы Сұлтанова Дилфуза
Сайыс болса біздің сабақ түріміз, Сайысуға келіп тұрмыз бүгін біз. Амандасып келіп тұрған сіздермен Ерен жүйрік , ₺Сәйгүліктер₺ тобымыз. Төрт түліктің –патшасы, Ер қанаты ат деседі
Ұпай сандарымен бағалау.
ӀӀ-кезең. "Білгенге- маржан, білмегенге –арзан! " Бұл кезеңде әр топ төрт түлікпен белгіленген ұяшықтарды таңдап ,сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1.Төрт түлікке нелер жатады?
2.Ірі қара төлдерді ата. Неліктен ірі қара деп атаған?
3.Ешкі мен қой үнемі неге бірге аталады?
4. Қойдың жасына қарай атауын айт.
5.Төрт түліктің пірлерін ата.
6.Түлік баласын қалай сүйеді?
7. Түлікке байланысты ырым-тыйым сөздер білесіңдер?
8.Жылқы жасына қарай қалай аталады?
9.Төрт түлікке байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
10. Сиырдың жасына қарай қалай аталады?
11. Төлдер баласын қалай сүйеді?
12.Жылқының сүті қалай аталады? Одан не алуға болады?
ӀӀӀ-кезең. "Жалғастыр"
1-ші топ мақалдың басын айтса, 2-ші топ мақалды жалғастырады. Содан кейін екі топ орындарын ауыстырып айтады.
Ұпай мақалдың дұрыс айтылуына қарай қойылады.
1-топтың мақал- мәтелдері:
Мал өсірсең , қой өсір. Өнімі оның көл-көсір
Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын.
Сиырлының үйі айран, Сиырсыздың үйі сырдан.
Бақырауық демесең, Бағалы көлік түйе ғой.

2-ші топтың мақал-мәтелдері:
Әңгіме бұзау емізер, Бұзау таяқ жегізер.
Жалғыз ешкі лақтап, Уызына жарытпас.
Қасапшыға мал қайғы , Қара ешкіге жан қайғы.
Екі қошқардың басы, Бір қазанға сыймайды.
ӀV-кезең. "Жүз бір жұмбақ"
Екі топ бір-біріне жұмбақ айтып, шешуін табу. Жұмбақтың шешуін таба алмаған топқа ұпай берілмейді. Бір жұмбаққа бір ұпай беріледі.
V-кезең.
- Кел тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық шерін шертеді-деп келесі кезеңге өтеміз. Бұл кезең "Ертегілер еліне саяхат" деп аталады.
Екі топ өздері дайындап келген, ертегілерін көрсетеді. Бұл кезде ұпай оқушылардың әртістік қабілетіне қарай қойылады.
1-ші топтың ертегісі: "Ақылды лақ₺
2-ші топтың ертегісі: "Сымбатты сиыр жайлы хикая"
Ертегі кейіпкерлердің жағымдыларын атап, қайсысынан үлгі алып, қайсысының ісінің дұрыс емес екенін талдау.
VӀ-кезең . "Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады" Топ басшыларына сұрақ қойылады.
Сұрақтар: 1.Үй жануарлары мен төрт түліктің айырмашылығы неде?
2.Малға байланысты тыйымды сөздер айт.
3.Сиырдың сүтінен қандай өнімдер айтылады?
4. Адамдар төлге қандай қамқорлықтар жасайды?
5.Қымыздың қандай пайдасы бар?
6.Қой қандай түлік?
7.Жылқыдан қандай өнімдер алынады?
8.Төлді қалай шақырады?
9.Неліктен түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі төрт түлік деп атайды?
10. Шұбат өнімі қай төлден алынады ?
VӀӀ-кезең. "Үй тапсырмасы" Әр топ өздерінің үйден әкелген тағамның қай төлден алынғанын және оның қалай дайындалатынын айтып түсіндіру.
1-ші топ: Бұжы- бұл малдың іші майынан жасалады. Әуелі майды ұсақтап тураймыз да, содан кейін оған бұрыш, тұз және ұн араластырамыз. Сосын су құйып илеймізде, малдың ішегіне (бүйенге) саламызда , суға пісіреміз. Жарылып кетпеу үшін тесіп қоямыз.
Қуырдақты пісіру үшін етті турап, одан кейін жуамыз. Содан кейін майға қуырамыз. Үстіне тұз, жуа турап саламыз.
Брынза сиырдың сүтін сауып алып, сол сүтті қозының мәйегімен ұйытып аламыз. Содан кейін арнайы қалтаға құйып, үстінен ауыр затпенбасып суын шығарамыз. Әбден суы шыққан кезде, оны қалтадан шығарып, тұзды суға саламыз.
Ал, ірімшікті сиырдың ұйытылған сүтін, қазанға салып судан бөлініп шыққанша, суы сарқылғанша қайнатамыз. Тәтті болу үшін оған секер саламыз. Кейде оған нан салып жейді.
- Әр топтың ұпай сандарын есептеп,марапаттау үшін, сөзді оқу ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға сөз кезегін береміз.
Жеңімпаз топ марапатталып, жақсы қатысқан оқушыларға мақтау қағазы тапсырылады.
- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымызда нелер туралы әңгіме қозғадық?
- Төрт түлік
- Төрт түлік бізге керек пе екен?
- Сондықтандабіз төрт түлікті құрметтеп, күтіп- бағуымыз керек екен.
- Осымен бүгінгі біздің " Төрт түлігім –ырысым " атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Құрметті қонақтар, уақыттарыңызды бөліп келген үшін көп-көп рахметтімізді айтамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.